БУРАБАЙ
  • USD 341.61+0.66
  • EUR 410.27+1.54
  • RUB 5.9+0.03

«Бурабай кентінің 2014 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2015 жылдың мәселелері туралы» Бурабай кентінің әкімі Е.К. Муратовтың есебі

Соңғы өзгерту күні
Жариялау күні

Ел басы Н.А. Назарбаев Қазақстан халқына өзінің «Нұрлы жол – болашаққа жол» жолдауында дағдарыс кезеңінде қаражатты экономикалық өсімінің қолдауына және шағын және орта бизнестің дамуына бағыттаудың қажеттілігін атап өтті. ШОБ несиелендіру үшін зор қаражатты бағыттау жоспарлануда, бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын ашуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар ТҮКШ инфрақұрылымына және су-жылумен жабдықтау желісін жаңартуына көңіл бөлінетін болады. Мемлекет көпшілік тұрғындар үшін қолжетімді әлеуметтік жалға берілетін баспаналарды салатын болады. Білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылықты дамыту бағдарламалары жалғастырылады. Барлық бұл бағдарламалар әрбір қазақстандықтың өмір сапасы мен ауқаттылығын арттыруына бағытталған. Сондықтан қызметіміздің негізгі мақсаты ол біздің мемлекетіміз бен халқымыздың игілігіне күн сайынғы еңбек болып табылады.

Бурабай кенті әкімінің аппараты өз жұмысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрастырады және жоспарлап отырады, экономикалық жағдайын, тұрғындардың демографиялық және әлеуметтік құрамын ескере отырып Ел басымен бекітілген бағдарламалық құжаттарды, облыс, аудан әкімінің тапсырмаларын орындау бойынша өз жұмысын ұйымдастырады.

Кент округінің аумағы 426 га құрайды.

Кент ішіндегі автокөлік жолдарының ұзындығы 34 км, соның ішінде қатты жабындымен 7,5 км, ірі құмды-ұсақ тасты жабынды 26,5 км.

Кент округінің демографиялық көрсеткіштері:

1) Кенттің жалпы тұрғындар саны – 5660 адам, аулалар – 1778, сонымен қатар Бурабай кентінің құрамына екі елді мекен кіреді:

Оқжетпес селосы – 353 аула,тұрғындар саны 820 адам;

Сарыбұлақ ауылы – 32 аула, тұрғындардың саны - 95 адам.

2) Экономикалық белсенді тұрғындар саны 3489 адам, соның ішінде өздігімен жұмыспен қамтылғандар 843 адам құрайды, олардың ішінде 311 тіркелген, 519 – тіркелмеген.

3) Кент аумағында 925 зейнеткерлер тұрады, 4 – ҰОС қатысушылар, 152 тыл еңбеккерлері, 243 мүгедектер, олардың 149 еңбекке қабілетті санатынан.

Кент аумағында 3 сауықтыру орындары бар. Шипажайларда жұмыс жұмысшылардың саны 661 адам, орташа еңбек ақы мөлшері 60 мың теңге. Шипажайлар қазіргі уақытқа сай сауықтыру-диагностикалық құрылғылармен жабдықталған, табиғи-климаттық факторлары белсенді қолданылады. Шипажай ұжымындарында тәжірибелі мамандар жұмыс істейді, олар шипажайлық-курорттық емдеу міндеттерін кәсіби орындайды.

Ірі кәсіпорындардың бірі «Бурабай» МҰТП, республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесіне кіретін, табиғатты қорғайтын мемлекеттік мекемесі болып табылады.

«Бурабай» МҰТП территориясы 84 мың га құрайды, соның ішінде 47 мың га орман алабы, аумақта 22 көл орналасқан. Мекемеде жұмысшылар саны 382 адам, орташа еңбек ақы мөлшері 66 мың теңге. «Бурабай» МҰТП құрамына 7 орман шаруашылығы, орман мәдениет көшеттік, табиғат мұражайы (Визит орталығы), Абылай хан мұражайы және т.б.

Кенттің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің тұрақты және серпінді дамуы шағын кәсіпкерлікке оң әсерін тигізеді.

Ел Басы 2014 жылдағы жолдауында: «Мемлекет жұмысының басты бағыты қазақстандық бизнестің дамуы, негізі шағын мен орта бизнес үшін барынша қолайлы жағдай жасау болатындығын» атап өтті.

Кәсіпкерлер кентте өткізілетін барлық шараларға белсене қатысады.

2014 жылдың қазанында жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы шеңберінде 400 адамға қайырымдылық түстіктер ұйымдастырылып, өткізілді. Жалпы бұл шара аясында жеке кәсіпкерлер мен кәсіпорындармен кенттің 918 зейнеткер мен мүгедектерге жалпы сомасы 1 909 800,00 теңге (бір миллион тоғыз жүз тоғыз мың сегіз жүз теңге 00 тиын) материалдық көмек көрсетілді.

2014 жылда кентте әрекет ететін және жаңадан бастап отырған кәсіпкерлермен жиналыс өткізілді, «Даму» кәсіпкерлік даму фондының өкілімен «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасына түсініктеме берілді, осы бағдарлама аясында кәсіпкерлер өз ісін бастай алады және жеңілдік несие көмегімен әрекеттегі бизнесті кеңейту мүмкіндігі бар.

«Бизнестің жол картасы-2020» жүзеге асыру басынан Бурабай кенті бойынша 5 жоба мақұлданған болатын:

  1. «Цой И.Л.» ЖК Бірінші бағыт бойынша қонақ үй құрылысы: кәсіптік-бастаманы қолдау. Қаражаттандыру.
  2. «Искаков С.Ж.» ЖК Бірінші бағыт бойынша қонақ үй құрылысы: кәсіптік-бастаманы қолдау. Қаражаттандыру.
  3. «Искаков С.Ж.» ЖК Бірінші бағыт бойынша қонақ үй құрылысы: кәсіптік-бастаманы қолдау. Кепілдеме.
  4. «Джамабаева Ж.Ж.» ЖК Бірінші бағыт бойынша 18 орынды үнемді демалыс үшін қонақ үй блогы. Қаражаттандыру.
  5. «Жусупова Г.Е.» ЖК Екінші бағыт бойынша мейманхнамен қонақ үй қызметін ұсыну: кәсіпкерлік сектордың сауығуы. Қаражаттандыру.

2014 жылда бұл бағдарлама аясында 2 сұраным индустриализация картасына қатысуына берілген болатын. Олар «ВАККАВ» ЖШС және «Нурас Холдинг» ЖШС. «ВАККАВ» ЖШС 2015 жылдың 1 тоқсанында қаржыландырылатын болады.

Білім беру жүйесі

Адам капиталының сапалы өсуі – ол білім беру мен денсаулық сақтау болып табылады.

Бурабай кентінде білім беретін 2 мекеме істейді: С.Сейфуллин атындағы орта мектебі мен Оқжетпес орта мектебі. С.Сейфуллин атындағы орта мектебінде оқушылардың саны – 322, мұғалімдер саны – 37. Олардың ішінде мектепте жоғары категориямен 5, 1–ші категориямен 19. Оқу жылын «Үздік» бітіргендер 3 оқушы, БҰТ орташа баллы 64,3 % құрайды. Мұғалімдер мен оқушылар қоғамдық өмірге белсене қатысады. Жаз мезгілінде кентте маңызды шаралар өтеді. «Жасыл экономика» Республикалық форум, Бурабайда халықаралық скауттық жиналуы, «Сотрудничество со взрослыми – залог успеха школы» республикалық мектеп байқауындағы жеңісі. Ағымдағы жылдың маусым-шілде айларында 110 баланы қамтитын мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмыс істеді. Бурабай кентін абаттандыру мен санитарлық тазалау аясында мектеп оқушылары 2014 жылдың 29 қыркүйегінде «Таза кент» акциясына шықты.

2014 жылдың қарашасында материалды-техникалық базасын нығайту аясында оқыту кабинеттерінде жиһаз жаңартылды.

Оқжетпес орта мектебінің оқушылар саны 250 құрайды, мұғалімдер саны 38. Олардың ішінде мектепте жоғары категориямен 11, 1–ші категориямен 13. Оқу жылын «Үздік» бітіргендер 3 оқушы, БҰТ орташа балл 80,7 % құрайды.  Мектепте «Эрудит» ғылыми оқушылар тобы тұрақты жұмыс істейді. Балалар ғылыми және әлеуметтік жобалар жазады. «Окжетпес и ты» ЖТК мектеп командасы 2014 жылдың финалында аудан әкімінің атынан Гран-при кубогын жеңіп алды. Экологиялық бағыттағы жобаларда мектептік орманшылық «Березка» балаларының қатысуы дәстүрге айналуда.

2014 жылда Оқжетпес орта мектебі үшін химия кабинетінің жабдықтры алынды.

«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» бағдарламасы аясында Джалмагамбетов Талгат Турсумбаевич директордың басшылығымен «Кокшетау Энерго Центр «Восток Энерго» ЖШС филиалы  мектептік парталарды сатып алуына демеушілік көмек көрсетті.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында «Қамқорлық» республикалық акция аясында Бурабай кентінің әкімдігімен 30 адамды саны болатын Қазақстандық Лапландияға оқушыларды тегін апаруын ұйымдастырды.

Кенттің қоғамдық өмірінде қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша, кентті абаттандыру мен санитарлық тазалау бойынша айлықты өткізу барысында оқушылардың белсене қатысуын атап өткім келеді.

Кенттің денсаулықты сақтау жүйесі  дәрігерлік амбулатория, жедел жәрдем бекеті, 2 фельдшерлік пунктін (Сарыбұлақ а., Оқжетпес с.). Бурабай кентінің дәрігерлік амбулаториясында жұмысшылар саны 23 адам құрайды. 2014 жыл бойынша балалар мен әйелдердің толық профилактикалық қарау, флюорографикалық тексеру өткізілді. Бала туу өлімнен артады.

Бүгінгі күнге Бурабай кентінің орталығында 50 орынды дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүргізіліп жатыр. «Аян» ЖШС мердігерлік ұйыммен сыртқы өңдеу бойынша және ғимараттың шатырын жабу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Енді алда ішкі өңдеу жұмыстары мен аумақты абаттандыру. Құрылыстың аяқталу мерзімі 2015 жылдың шілдесінде.

Кентте коммуналдық мәселелерді «Бурабай тазалық» коммуналдық кәсіпорыны шешеді. Кәсіпорын жылумен 51 тұрғын үйді, олардың ішінде 13 бес қабатты, 18 екі қабатты, 3 екі қабатты коттедж, 24 үй жеке сектор. 2014-2015 жылғы жағып жылыту маусымының тоқтаусыз өту мақсатында, тұрғындармен кент әкімінің қатысуымен жиылыстар өткізілді. Жылыту маусымына қарсы көп қабатты үйлердің дайындығын қамтамасыз ету мақсатында маңызды сауалдар көтерілді. Барлық ПИК төрағалар мен «Бурабай тазалық» ШЖҚ МКК басшылығымен тұрғындар арасында түсіндіру жүмыстары жүргізіліп отыр, сонымен қатар қасақана төлемеушілерден қарыздар өндіріліп алуда.

Бурабай кентінде жылу беру екі қазандықпен қамтамасыз етіледі. Бұл Бурабай кентінің орталық қазандығы қызмет көрсететін ұйым «Бурабай тазалық» ШЖҚ МКК және «Бурабай» МҰТП өндірістік аумағындағы бұрынғы қазандық. «Бурабай» МҰТП өндірістік кешенінің ауысуына байланысты, қазандық «Термо-транзит» ШЖҚ МКК пайдалануына тапсырылды. Орталық қазандықта қуаттылығы 3 Гкал/сағ 3 қазандық. Жағып жылыту маусымына көмір мұқтаждығы 5 700 тонна құрайды, сомасы 39 831 600 теңге. Төлеген Жұмабекұлы, сомасы 26 000 мың теңге сомасында отынды сатып алуға облыстық бюджеттен ақшалай қаражатты бөлудегі қолдау көрсеткеніңіз үшін Сізге алғысымызды білдіреміз.

Сонымен қатар қуаттылығы 20 Гкалл/сағ газды-мазутты қазандықтың құрылысы аяқталуда. Бұл жобаның іске асырылуы ең алдымен Оқжетпес селосының жылу беру мәселесін шешеді. Өйткені осы күнге дейін біраз жылдар бойы Оқжетпес селосында орталықтандырылған жылу беру жүйесі жоқ. Бүгінгі күнге жаңа қазандықтан көп қабатты тұрғын үйлерге жылу желілері өткізілді. Бірақта тозған әрекетсіз ажыратқыш және үй ішіндегі желілердің жағдайын ескере отырып, алда жаңа желілерді ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Осыған орай «Алға» ПИК төрағасы В.Н. Балаганмен үйлер мен пәтерлерді қосуға дайындық бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отыр.

Сумен қамтамасыз ету

2013 жылдың күзінде Бурабай кентінде 2-кезектегі су құбыр желілерінің құрылысы аяқталды. Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесіне Оқжетпес селосы қосылды. Осымен су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 38 км құрды. Қазіргі уақытта тұтынушыларды одан әрі қосу үшін жаңа желілерді қызмет көрсететін ұйымға тапсыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Кәріз желісі

Бурабай кентінің кәріз желісін салу жобасына сәйкес, кәріз тазарту құрылыстарына орталықтандырылған жуынды-шайындыны жіберу қарастырылған. Өз кезегінде барлық кент бойынша ең алдымен жаз мезгілінде жуынды-шайындыны тасумен байланысты бірқатар мәселерді шешеді. Мысалы, тарифке қосылған асс.көліктердің жуынды-шайындыны шығаруға қосымша шығындар, кәріз сыйымдылығынан асуы және т.б.

Жолдар

         2013 жылда 2 кезектегі Алимусиных, Жумабаева, Аэродромная көшелері, 4 және 5 линия жолдарының құрылысы басталды. Бірақта бүгінгі күнге жол құрылыс үшін жер телімдерін алу үшін қажетті қаражаттың болмауынан жол құрылысы бойынша жұмыстар тоқтатылды. Алуға жататын мүлік объектілеріне бағалау жасалды. Бұл сауал бюджеттен қаражатты бөлуін қарастыруда.

Абаттандыру

Бурабай кенті әкімінің маңызды жұмыстардың бірі елді мекендерде абаттандыру, көгалдандыру мен санитарлық тазалау болып табылады. 03.04.2014 жылғы № а-4/216 «Елді мекендерде абаттандыру, көгалдандыру мен санитарлық тазалау бойынша айлықты ауданда өткізу туралы» Бурабай ауданы әкімдігінің Қаулысын орындай отырып, аппаратпен кенттің санитарлық жағдайын жақсарту және абаттандыру, көгалдандыруды жүргізу бойынша шаралар жоспары құрастырылған. Айлық кезеңінде елді мекеннің аумағын тазалау бойынша 12 сенбілік өткізілді. 800 аса адам қатысты. 12 бірлік техника жұмысқа қатыстырылды. 13 апаттық қоқыс тастайтын жерлер жойылды. 300 куб.м қоқыс шығарылды. Мектеп қатысушыларымен «Ағаштарды отырғызу жалпы қазақстандық күн» акциясы өткізіліп, 50 ағаш отырғызылды (қайын, қарағай, алма, арша). Қонақ үйлер, демалу үйлері аумағында бұталар, гүлзарлар, гүлбақшалар отырғызылды. 12 қоқыс контейнерлер, 32 парктік орындықтар және Кенесары орталық көшесі бойымен 42 сауыт орнатылды.

Еңбек нарығы мен әлеуметтік қорғау

Мемлекетіміздің әлеуметтік саясаттың басымдылықтың бірі қазақстандықтардың жұмыспен қамту болып тбылады. Ауылдағы кәсіпкерліктің дамуы арқылы жұмыс орындарын ашу, өз ісін ұйымдастыру, жұмыс беруші мұқтаждығы шеңберінде қоныс аудару және оқыту арқылы жұмысқа орналастыру.

Әлеуметтік мәселелерді шешу әкімдіктің күнделікті жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көңіл бөлуін артыру бойынша аппарат ұйымдармен «мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жұмысқа орналастыру бойынша өзара әрекет ету мен өзара ынтымақтастық туралы» 8 меморандум жасады. Қазіргі уақытта округте жұмыс істейтін мүгедектердің саны 41 адам (II,III топ), 2014 жылда 8 адам жұмысқа орналастырылды. Осы бағытта жұмыс жалғастырылуда.

2014 жылдың ішінде жұмысқа орналастыру сауалы бойынша (жұмыспен қамту органына) 15 адам жүгінді. Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлескен жұмыс нәтижесінде тұрақты жұмысқа 14 адам қайта орналастырылды.

Осы жылдың тамыз–қыркүйекте «Мектепке жол» жыл сайынға қайырымдылық акциясы өткізілді, аз қамтамасыз етілген отбасылардан 20 балаларға 234 мың теңге сомасына материалдық көмек көрсетілді.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, бірінші бағыты аясында стационарлық емдеумен 50 орынды дәрігерлік амбулаториясының құрылысында 11 адам қатысады, екінші бағыты бойынша «микронесие» -жеке кәсіпкерге  Жалмухамбетов Нурлан Кусаиновичке Бурабай кентіндегі жолаушыларды тасымалдау қызметін асыруына несие берілді. Бүгінгі күнге жеке кәсіпкермен 14 орынды микроавтобус сатып алынды, жолаушыларды тасымалдау Бурабай к.-Окжетпес с.-Зеленый бор с. маршруты бойынша тасу жоспарлануда. Жеке кәсіпкерге Калиев Нуржан Каматаевичке теміршілік дәнекерлеушілік жұмыстарын іске асыруға микронесие мақұлданды, бірақ 2015 жылдың бірінші тоқсанында беріледі. Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша «әлеуметтік жұмыс орындары» - 7 адам жұмысқа орналастырылды, «жастар тәжірибесі» 5 адам өтті. Қазіргі уақытта бағдарламалар санын арту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, өздігінен жұмыспен қамтылған тұрғындар санынан.

Мемлекеттік балаларға арналған жәрдем ақы ағымдағы жылдың 12 айдың ішінде 66 балаларға 29 отбасыларға тағайындалып, төленді. Төлемнің жалпы сомасы 1 030 217,00 (Бір миллион отыз мың екі жүз он жеті) теңге 00 тиын құрды.

Атаулы әлеуметтік көмек 8 отбасыларға (27 адам) тағайындалып, төленді. Төлем мөлшері 232 201,00 (Екі жүз отыз екі мың екі жүз бір) теңге 00 тиын құрды.

Жаңа жыл қарсаңында 2014 жылдың 26 желтоқсанында «Окжетпес» Мәдениет үйінде жаңа жыл сыйлықтарын тпсырумен аз қамтамасыз етілген отбасылардың балалары үшін Бурабай кенті әкімінің шыршасы өткізілді.

Кент аумағында қылмысты алдын алу бойынша жедел жұмыстыполиция басшысы Абельдинов Сунгат Рапыковичтің басшылығымен полиция бөлімшесі жүргізеді. КПБ жұмысының негізгі бағыты қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, қоғамдық орындарында құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау болып табылады. Бөтен біреудің мүлігі мен малын тонауын ескерту, сақтандыру мен ашу бойынша қажетті барлық шараларды қабылдау және отбасылық-тұрмыстық, қылмыстың қайталануын, қызмет көрсететін аумақта көше қылмыстарына жол бермеу.

2014 жыл бойынша Бурабай кентінің аумағында 183 қылмыс тіркелген, олар 45 – ұялы телефондар мен құжаттардың жоғалуы, өтініш иелерінің өзінің немқұрайлылық пен кінәлары бойынша. 47 қылмыс ашылды. Бөтен біреудің мүлігін ұрлауды болдырмау мен жол бермеу мақсатында 5 бейне камералар орнатылды: Бурабай кентінің жол айналымында, Береке Бурабай базары жанында, орталық жағажайда, орталық алаңына қарсы, Абылай хан алаңында. Сонымен қатар осы жылы Бурабай к. жаңа полиция бөлімшесі мен ат ауласының құрылысы басталды.

Қуат үнемдеу «Кокшетау Энерго Центр «Восток Энерго» ЖШС филиалы қамтамасыз етеді. 2014 жылда Казахстанская көшесі мен Интернациональная көшесі бойымен ТП-5 электр энергиясын есебін бақылау жаңа автоматикалық жүйе орнатылды. Алимусиных көшесінің соңы, Интернациональная к., Советская к., 6, 8, Кенесары к., 17, КТП-2, Джамбула көшесі бойымен ТП-7 іске қосылды. Бурабай кентіндегі салынып жатқан дәрігерлік амбулаториясына дамуымен 2 трансформатор 10*0,4 кВт ауыстырылды. Әкімдікпен бірігіп жол айналымынан Окжетпес селосына дейін кабель ауыстырылды. Сондай ақ Окжетпес селосында кабельдер ауыстырылды Фин ауылынан коттедждер жағына, № 5 үйінен № 6 үйіне.

Округте мәдени-ағарту мекемесі Оқжетпес селосындағы Мәдениет үйі болып табылады. Мәдениет мұрасы әрекет ететін мұражайларда көрсетіледі: Абылай хан мұражайы мен «Бурабай» МҰТП табиғт мұражайы.

Кентте мәдениеттің дамуы бойынша зор жұмысты «Оқжетпес» Мәдениет үйінің ұжымы жүргізеді, Калабаева Асем Сабитовнаның басшылығымен. Мәдениет үйінің жұмысшыларымен мемлекеттік және ұлттық мерекелерді тойлау бойынша барлық мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылып, өткізіледі.

Тұрғындар үшін МҮ кент кітапханасы, фитнес-орталығы, би үйірме, вокалдық үйірме, спорт клубы жұмыс істейді.

Кент әкімінің аппаратымен келесі бағыт бойынша жұмыс жүргізілуде.

Аппаратқа 2014 жылда жеке тұлғалардан 350 үндеу, заңды тұлғалардан 106 үндеу келіп түсті. Қабылданған өкімдер мен шешімдер саны – 236.

2014 жылдың басынан бастап қазіргі уақытқа дейін 111мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

Шағын орталықтарға қатысуға 53 өтініш қабылданды, олардың 4 жазбаша, веб портал арқылы 49.

Тегін тасымалдауға 58 өтініш қбылданды.

Кент әкімінің аппаратымен салық бойынша тұрғындардың берешекті өтеу бойынша жұмыстар өткізілуде.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына 2013 жылдың шілдесінде енгізілген өзгерістер мен жергілікті өзін-өзі басқару бойынша Ел басының тапсырмасын орындау үшін, 2013 жылдың тамызында қолма–қол ақшаны бақылау шотын аштық. Қазіргі уақытта ҚАБШ ақшалай қаражаттың түсімі тек сыртқы жарнаманы орналастыру үшін төлем бойынша іске асырылады.

Сонымен қатар аппаратпен басқа заңды түсім көздері қарастырылуда.

Ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйекте ақпараттылық арттыру бойынша аппарат қызметкерлері мен кент тұрғындары үшін таныстыру дәріс жиналыстар өткізілген болатын. Дәрістерде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың мақсаты мен міндеттері бойынша түсініктеме берілді, жергілікті өзін-өзі басқаруда азаматтардың белсене қатысуының қажеттілігі туралы түсіндірілді. Сонымен қатар кент тұрғындарының қажеттілігі мен мұқтаждығы бойынша зерттеу жүргізілді, кент округінің күрделі мәселелері қарастырылды, олар дәрістерде талқыланды. Тұрғындар олардың көз қарастары бойынша негізгі мәселелерді атады және кейбір бойынша шешу жолдарын ұсынды.

2014 жылдың 25 қыркүйекте Бурабай аудандық мәслихаттың шешімімен «Бурабай ауданының Бурабай кентінде жергілікті қауымдастықтың жиылысына қатысушылар үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамы мен жергілікті қауымдастықтың бөлектенген жиылысын өткізу Ережесі» бекітілген болатын.

Жоғарыда атап көрсетілген ережеге сәйкес Бурабай кенті мен оның құрамын кіретін елді мекендер: Оқжетпес с. мен Сарыбұлақ а. 4 участкеге бөлінген және жергілікті қауымдастықтың мүшелеріне сайланатын өкілдерінің сандық құрамы анықталды. 2014 жылдың 16, 17, 18 қарашада Бурабай кентінде азаматтардың бөліктенген жиылыстары өтті, онда жергілікті қауымдастықтың мүшелері болып 40 адам сайланды, енді олар Бурабай кенті барлық тұрғындарының атынан Қазақстан Республикасының Заңнамасымен белгіленген тәртіпте және шегінде жергілікті маңызы бар негізгі мәселелерді шешуге қатысады.

Құрметті кенттің тұрғындары!

Президенттің Жолдауын жүзеге асыру мақсатында алдағы кезеңге біз келесі міндеттерді қоямыз:

-      мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру;

-      жаңа жұмыс орындарын жасау, еңбекке қабілетті тұрғындардың санын артыру;

-      елді мекендерді көгалдандыру мен абаттандыру, ретке келтіру;

-      кентте білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, осы мекемелерді уақытқа сай жабдықтар мен бұйымдармен жабдықтандыру бойынша жұмысты жалғастыру.

Мемлекеттік өкіметтің атқарушы органдарының басты, басым жұмыстардың бағыты азаматтардың әлеуметтік қорғауы мен ауқаттылығын артыруға бағытталған, экономикалық және әлеуметтік аясының дамуы, әлеуметтік саясат болады.

Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа жолдауында, Қазақстанхалқыныңбірлігі мен келісімін, бейбітшілігі мен тұрақтылығынәрқайсымыздыңеңбекжолындағыатқарғанқызметімізарқылыбізқорғапнығайтатүсуімізқажет.

Назарларыңызға рахмет!

Кезекте тұрғандар тізіміКезекте тұрғандар тізімі АттестацияАттестация Антикоррупционные видеороликиАнтикоррупционные видеоролики

Қазақстан 2050

Жаңалықтарды тарату

Жаңалықтар мұрағаты

Кіру статистикасы

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша келесi телефондар бойыншы хабарласуға болады: : (8-716-36) 4-59-05

Факс: (8-716-36) 4-59-05

Элекртондық пошта адресi: burabay_gosuslugi@mail.ru