БУРАБАЙ
  • USD 323.13+1.12
  • EUR 367.08+4.66
  • RUB 5.43-0.03

Кенесары ауылының тұрғындары ауыз сумен қамтамасыз етілген

Соңғы өзгерту күні Жариялау күні
Питьевой водой жители села Кенесары обеспечены

Ресми «www.ktk.kz» сайтында 2017 жылғы 19 сәуірде «У жителей Кенесары земля уходит из-под ног» атауымен материал жарияланды.

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімінің аппараты Ақмола облысының Бурабай ауданында бөгетті бұзып кеткені және Кенесары ауылда ауыз су жоқтығын туралы ақпаратты растамайды – деп Ақмола обылысы Бурабай ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде тостағанда су жинақталуына байланысты су бар суайналма арнасы арқылы кете бастады.

Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде сағат 20.00-ден бастап су өзіне арна шая, сонымен бірге су өткізу қабілетін артыра отырып, суайналма арнасын тереңдіктен және енінен шая бастады. Бөгетті шайып кету қауіпін тудырған жоқ. Жағдайға тұрақты мониторинг жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде айналма арнаның өткізу қабілеті артуымен оның кеңейюі және тереңдеуі нәтижесінде дүркін тастаусыз су қоймасын құрғату болды. Елді мекендерді су басу мен жолдарды шайып кетуге жол берілген жоқ.

Набережная көшесінің бойындағы суқұбыры жарылуына байланысты 2017 жылғы 10 наурызда «Бурабай Су Арнасы» ШЖҚ МКК 11 тұрғын үй орналасқан, тұратындарының саны 62 адам, осы көшенің сумен жабдықтауын тоқтатып қойды.

Қолайсыз ауа райы жағдайына және көше бойымен үкіметтік байланыс өтуіне байланысты аварияны уақтытында жоюға мүмкіндік болмады.

Әкімдіктің мамандары Набережная көшесінің тұрғындарымен оларды (авариялық жағдай жойылғанға дейін) көршілес Ғабдуллин көшесіндегі су алу колонкаларынан сумен жабдықтау мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізді.

Бүгінгі күні, Кенесары ауылының тұрғындарына беріліп жатқан судың сапасы физика-химиялық және бактериологиялық көрсеткіштер бойынша санитарлық ережелер талаптарына сәйкес келеді.

Кенесары ауылының ауыз суының сапасына өндірістік зертханалық бақылау жүргізуді бекітілген кестеге сәйкес (ай сайын) «Бурабай Су Арнасы» ШЖҚ МҚК зертханасы жүзеге асырады.

 

 

Кезекте тұрғандар тізіміКезекте тұрғандар тізімі АттестацияАттестация Антикоррупционные видеороликиАнтикоррупционные видеоролики

Қазақстан 2050

Жаңалықтарды тарату

Жаңалықтар мұрағаты

Кіру статистикасы

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша келесi телефондар бойыншы хабарласуға болады: : (8-716-36) 4-59-05

Факс: (8-716-36) 4-59-05

Элекртондық пошта адресi: burabay_gosuslugi@mail.ru