БУРАБАЙ
  • USD 332.21
  • EUR 391.74
  • RUB 5.57

О государственных символах

Соңғы өзгерту күні Жариялау күні

1. Об утверждении Правил замены и уничтожения Государственного Флага, Государственного Герба Республики Казахстан, не соответствующих государственным стандартам

2. Об утверждении Правил изготовления и размещения вывесок с наименованием государственных органов на административных зданиях

3. Об утверждении Правил размещения Государственного Флага, Государственного Герба Республики Казахстан и их изображений, а также текста Государственного Гимна Республики Казахстан

4. Памятка по применению Конституционного закона Республики Казахстан «О государственных символах Республики Казахстан»

5. Список предприятий, изготавливающих материальные объекты с изображением государственных символов Республики Казахстан

 

 

 

ҮЕҰ Дерекқоры бойынша Жадынама

ҮЕҰ Дерекқоры жөніндегі мәселелерді реттейтін нормативтік құқықтық актілер:

- «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 мәдениет және спорт министрінің бұйрығы.

ҮЕҰ Дерекқорына кімдер мәлімет беру керек:

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, қор, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестіктері нысанында, сондай-ақ осы Заңның 17-бабында көзделмеген өзге де ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған коммерциялық емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган бекітетін тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаны қалыптастыру көздерi мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтерді ұсынады.

ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді қалай беру керек:

ҮЕҰ мәліметтерді МСМ-нің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығымен бекітілген нысанға (www.din.gov.kz/rus/pravovaya_baza/prikazy) сәйкес қазақ және орыс тілдерінде жыл сайын есептік мерзімнен кейін әр жылдың 31 наурызына дейін:  

- 2017 жылғы 1 наурызға дейін қағаз және электрондық түрде (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) пошта арқылы немесе қолма-қол ұсынады;

- 2017 жылғы 1 наурыздан бастап ҮЕҰ-ның мәліметтерді Дерекқордың http://infonpo.kz интернет-порталы арқылы беруге мүмкіндігі болады. Интернет-порталда Халыққа қызмет көрсету орталығынан алынған ЭЦҚ (ЭЦП) кілті арқылы авторизациядан өтуге болады.

ҮЕҰ-дар Дерекқордың http://infonpo.kz интернет-порталына кіргенде порталмен жұмыс істеудің қадамдық алгоритмі берілген Пайдаланушылар нұсқаулығымен таныса алады. 

Есептік мерзімі ретінде Дерекқорға мәліметтерді енгізу жылдың алдындағы күнтізбелік жыл болып саналады.

ҮЕҰ мәліметтер тізілімі сайты http://www.register-ngo.kz әрекетсіз сайт болып табылады.

Пошта арқылы ҮЕҰ Дерекқоры үшін мәліметтерді қайда жолдау керек:

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 15-кіреберіс,  Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті.

«Жедел желі» телефондары: 8 (7172) 74-04-28, 74-04-47.

Сондай-ақ, ҮЕҰ өз сұрақтарын 74-04-28@mail.ru электрондық мекен-жайға жолдай алады.

ҮЕҰ Дерекқорынаесеп беру нысандарын толтыру жөніндегі  Әдістемелік ұсынымдар, сондай-ақ жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар ДІАҚМ сайтында орналасқан (www.din.gov.kz/rus/pravovaya_baza/prikazy).  

Әкімшілік жауапкершілік:

«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексімен ҮЕҰ-мен Дерекқорға мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған  (489-1-бабы: 1-тармақ бойынша – ескерту жасауға; 2-тармақ бойынша – қайталап жасалған әрекеттер үшін - жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш ай мерзімге қызметін тоқтата тұруға алып келеді).

 

 

ҮЕҰ Дерекқоры бойынша СҰРАҚ-ЖАУАПТАР

ҮЕҰ Дерекқоры дегеніміз не?

ҮЕҰ Дерекқоры - үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылыққа олар туралы ақпарат беру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру шеңберінде пайдалану, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшін қалыптастырылатын ақпараттық дерекқор.

Қай мемлекеттік орган ҮЕҰ Дерекқорын қалыптастыру бойынша уәкілетті орган болып табылады?

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі (ДІАҚМ) ҮЕҰ Дерекқорын қалыптастыруға жауапты уәкілетті орган болып табылады. Тікелей жұмысты ДІАҚМ-нің Азаматтық қоғам істері комитеті жүргізеді.

ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді беру тәртібі қандай нормативтік құқықтық актілермен регламенттеледі?

1. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (41-бабының 5-тармағы).

2. «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен.

ҮЕҰ Дерекқорына кімдер мәліметтер беру керек?

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, қор, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестіктері нысанында, сондай-ақ осы Заңның 17-бабында көзделмеген өзге де ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған коммерциялық емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган бекітетін тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаны қалыптастыру көздерi мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтерді ұсынады.

Қазіргі уақытта Дін істері және азаматтық қоғам министрлігімен аталған нормаға ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер беретін коммерциялық емес ұйымдарды нақтылау жөнінде өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді қашан беру керек?

ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді жыл сайын жыл сайын есептік мерзімнен кейін әр жылдың 31 наурызына дейін  беру қажет.

Есептік мерзімі ретінде Дерекқорға мәліметтерді енгізу жылдың алдындағы күнтізбелік жыл болып саналады.

ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді қандай нысан бойынша беру керек?

Мәліметтер ҮЕҰ-мен өз қызмету туралы мәліметтерді беру қағидаларға (МСМ-нің 19.02.2016 ж. №51 бұйрығы) қосымша берілген нысанға (www.din.gov.kz/rus/pravovaya_baza/prikazy) сәйкес  қазақ және орыс тілдерінде беріледі.

ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді қалай беру керек?

Мәліметтер:

- 2017 жылғы 1 наурызға дейін қағаз және электрондық түрде (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) пошта арқылы немесе қолма-қол ұсынады;

- 2017 жылғы 1 наурыздан бастап ҮЕҰ-ның мәліметтерді Дерекқордың http://infonpo.kz интернет-порталы арқылы беруге мүмкіндігі болады. Интернет-порталда Халыққа қызмет көрсету орталығынан алынған ЭЦҚ (ЭЦП) кілті арқылы авторизациядан өтуге болады.

ҮЕҰ-дар Дерекқордың http://infonpo.kz интернет-порталында порталмен жұмыс істеудің қадамдық алгоритмі берілген Пайдаланушылар нұсқаулығымен таныса алады. 

Мәліметтерді пошта арқылы қай мекен-жайға жолдау керек:

Пошта арқылы ҮЕҰ Дерекқоры үшін мәліметтерді келесі мекен-жайға жолдау керек:

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 15-кіреберіс,  Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті.

http://www.register-ngo.kz ҮЕҰ мәліметтер тізілімі сайтына мәліметтер беруге бола ма?

Жоқ, ҮЕҰ мәліметтер тізілімі сайты http://www.register-ngo.kz әрекетсіз сайт болып табылады.

Есеп беру нысанын толтыру жөнінде ұсынымдар бар ма?

ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер беру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар ДІАҚМ сайтында орналасқан (www.din.gov.kz/rus/pravovaya_baza/prikazy).     

ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер беру жөніндегі сұрақтар бойынша қайда хабарласуға болады?

«Жедел желі» телефондары: 8 (7172) 74-04-28, 74-04-47.

Электронндық мекен-жай: 74-04-28@mail.ru

Үкіметтік емес ұйымдарға ҮЕҰ Дерекқоры не үшін қажет?

ҮЕҰ Дерекқоры қоғам мен донорлар үшін ҮЕҰ қызметі туралы ақпараттың ашықтығын, қол жетімділігін қамтамасыз етеді. ҮЕҰ Дерекқоры арқылы көмек қажет ететін азаматтар ҮЕҰ туралы керек ақпаратын ала алады, басқа ҮЕҰ мен донорлар әлеуетті ҮЕҰ серіктестерді таңдап, оларды дұрысырақ біле алады.     

Үкіметтік емес ұйымдармен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларында қарастырылған ҮЕҰ-ның есеп беру нысандары жетілдіріле ме?

Ия. Қазіргі уақытта ҮЕҰ-ның ұсыныстарын ескере отырып Қағидаларды жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Мәліметтерді ұсынбау немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну үшін қандай шаралар қарастырылған?

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 489-1 бабына сәйкес:

 1. Коммерциялық емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдар филиалдары мен өкiлдiктерiнің (оқшауланған бөлiмшелерiнің) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздері және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы, – ескерту жасауға алып келеді.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш ай мерзімге қызметін тоқтата тұруға алып келеді.

2016 жылы ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер бермеген ҮЕҰ-ны әкімшілік жауапкершілікке тарту жағдайлары болды ма?

Бүгінгі күнге дейін әкімшілік жауапкершілікке тарту жағдайлар болған жоқ. Қазіргі уақытта үкіметтік емес секторда кешенді ақпараттық түсіндіру жұмыстар жүргізілуде.

ҮЕҰ Дерекқорында тіркелмеген ҮЕҰ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар жөніндегі конкурстарға қатыса ала ма?

ҮЕҰ-ның Дерекқорда бар болуы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс конкурсының жеңімпазын анықтаған кезде өлшемдердің бірі болып табылады және жалпы ұпайлардың қосындысына әсерін тигізеді.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабы 3-тармағына сәйкес Гранттар тарату процесіндегі, дәрменсіз (банкрот) деп танылған, мүлкіне тыйым салынған және (немесе) экономикалық қызметі тоқтатыла тұрған үкіметтік емес ұйымдарды қоспағанда, Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына енгізілген үкіметтік емес ұйымдарға конкурстық іріктеу негізінде беріледі.

 

 

Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртібі туралы

әдістемелік ұсынымдар

1.Жалпы ережелер

  1. Осы Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну (бұдан әрі – Мәліметтер) және олар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртібі туралы әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастырудың бірыңғай талаптарын қамтамасыз ету мақсатында жасалды және үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) қосымша болып табылатын Нысанды толтыруға бірыңғай талаптарды белгілейді.

Деректер қорында барлық коммерциялық емес ұйымдар енеді, саяси партиялар, кәсіподақтар, діни бірлестіктер мен  «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 17 бабында көрсетілген коммерциялық емес ұйымдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын шетел және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың өкілдіктері мен филиалдарын  (оқшау бөлімшелері) қоспағанда [1].

2.Әдістемелік ұсынымдардың мақсаты үшін келесі түсініктер қолданылады:

1) Деректер қоры - үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құрылатын және олар туралы қоғамды хабардар ету, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру шеңберінде қолдану, гранттар беру және сыйақылар тағайындау туралы ақпараттық мәліметтер қоры;

2) Үкіметтік емес ұйымдар – Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес олардың жалпы мақсаттарына бірлесіп қолжету мақсатында еркін түрде азаматтар және (немесе) мемлекеттік емес заңды  тұлғалар құрған (саяси партиялар, кәсіподақтар және діни бірлестіктерден басқа) коммерциялық емес ұйымдар. Әдістемелік ұсынымдардың мақсаты үшін үкіметтік емес ұйым деп Қазақстан Республикасы аумағында өзінің қызметін іске асыратын шет елдік немесе халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары (оқшау бөлімшелер) түсіндіріледі.

3) Уәкілетті орган – ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі.

4) Есепті кезең – Деректер қорына мәліметтер ұсынатын жылға тиісті күнтізбелік жыл.

5) Мәліметтер –үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы уәкілетті органға Ережеге сәйкес үкіметтік емес ұйымдардың өзі тікелей , сондай-ақ жергілікті атқару органдары ұсынатын ақпарат.

6) Сенімді ақпарат – есепті кезеңде жинақталған мәліметтерді көрсететін, уәкілетті органға немесе үкіметтік емес ұйымдары дерекқорының веб-порталында жарияланған уақытына сәйкес келетін мәліметтер. Ереженің 9 тарауында көрсетілген, уәкілетті органға жіберілген күндегі немесе дерекқорының веб-порталында орналастырылған күндегі ахуал бойынша өзекті болуға тиіс мәліметтер бұдан ерекшеленеді. Грамматикалық қателер үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді қате деп есептеуге негіз бола алмайды.

7) Уақытында  ұсынылған мәліметтер – үкіметтік емес ұйымдардың есеп беру кезеңінен кейінгі жылғы 31 наурызға  дейін ұсынылған мәліметтер. Ал Ереженің 9 тарауында көрсетілген мәліметтер үшін - мәліметтерге тиісті өзгерістер енгізілген күннен бастап 20 жұмыс күні ішіндегі мәліметтер жатады.

8) Мәліметтер толықтығы – осы Ережеге қатысты қосымшада (кесте формасында) қарастырылған деректер тізімімен ұсынылған мәліметтер мазмұнының сәйкес келуі, сондай-ақ кесте формасындағы қосымша болып табылатын құжаттардың болуы.

9) Жоба - үкіметтік емес ұйымдар және донорлық ұйымдар, тапсырыс беруші немесе грант беруші арасында шартқа сәйкес жүзеге асырылатын ісшаралар мен қызмет жиынтығы.

10) Бағдарлама – өзара  қатысты жобалар кешені.

11) Мүлік – ақша, оның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, сондай-ақ жылжымайтын және жылжымалы мүлік түріндегі натуралдық қалыптағы мүліктер.

  1. Деректер қорына  мәліметтерді енгізу тәртібі және әдістері

3. Үкіметтік емес ұйымдар Нысандарды қазақ және орыс тілдерінде толтыру жолымен Ережеге қосымша болып табылатын мәліметтерді ұсынады.

4. Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметтері туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы  №144  бұйрығымен бекітілген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттық басқару және құжаттандырудың үлгілі Ережесі 48 тарауының талаптарына сәйкес құжаттарға қажетті реквизиттерді сақтай отырып ілеспе хатпен ұсынады.  

5. Уәкілетті органға мәліметтерді ұсыну мерзімі оларды ұсыну әдістеріне байланысты:

1) қолма-қол жеткізу - уәкілетті органның электрондық және қағаз түрінде  ұсынылған мәліметтерді қабылдау мерзімі;

2) почта арқылы, тапсырыс хат түрінде жеткізілгендігі туралы хабарлама арқылы - электрондық және қағаз түрінде  ұсынылған мәліметтерді қабылдау туралы почта операторының  мерзімді белгілеуі;

3)  электрондық түрде веб-портал арқылы - кіріс номерді ұсыну және формаларды өңдеу, сервер жүйесімен қабылдау немесе  орталық  тораппен қабылдау мерзімі;

Үкіметтік емес ұйымдармен  қағаз түрінде 31 наурызға  дейінгі мерзімде почта  операторына тапсырылған  мәліметтер почта операторының қабылдау мерзіміне сәйкес  белгіленген мерзімде ұсынылған болып саналады.

Үкіметтік емес ұйымдар электрондық түрде 31 наурызға  дейінгі мерзімде телекоммуникация жүйесі бойынша хабарланған мәліметтер мерзімінде ұсынылған болып саналады.

6.  2017 жылдың 1 наурызынан бастап  үкіметтік емес ұйымдар  веб- портал енгізумен байланысты, веб- портал арқылы өз бетімен Деректер қорына мәліметтерді енгізе алады және өзгерістер болған жағдайда жаңарта алады. 2017 жылдың 1 наурызына дейін  үкіметтік емес ұйымдар  мәліметтерді  Деректер қорына  енгізетін уәкілетті органға  жолдайды.

7.  Уәкілетті органға  ұсынған форма түрінде толтырылған мәліметтер  қолма- қол жеткізу немесе қағаз түрінде ілеспе хатпен почта арқылы және электрондық түрде (CD –дискіде немесе Word форматында USB –флэш-жинақтаушысында)   жіберіледі.

Үкіметтік емес ұйымдардың уәкілетті органға мәліметтерді электрондық түрде  веб- портал  арқылы беруді  үш сатымен жүзеге асырады:   

1) нұсқаулық бойынша деректерді енгізу жолымен құпия сөз  және логин  алу  арқылы веб-порталға кіру;

2) веб- порталда  дереккөздерді тіркеу номерін алу жолымен үкіметтік емес ұйымдарды тіркеу;

3)  веб-порталға мәліметтер енгізу.

9. Нысанда ескерілген мәліметтерге өзгерістер енгізген кезде, атап айтқанда:

1) «Жалпы деректер»  1 тарауында  көрсетілген  (қызметкерлер  туралы  мәліметтерді қоспағанда) мәліметтер;

2)  3 тарау тармағының 3 тарауында көрсетілген мәліметтер  (ағымдағы күнпарақ жылының ҚР гранттық қаржыландыру бюджеті).

Үкіметтік емес ұйымдар  осы туралы уәкілетті  органдарға  жиырма жұмыс күні ішінде  өзгерістерді  төмендегі  жолдармен хабарлауға міндетті:

1) уәкілетті органға  почта немесе қағаз түрінде  немесе электрондық тасымал (CD дискісінде немесе Word форматында USB- флеш-жинақтаушысында)  жіберумен;

2) электрондық түрде веб-порталға орналастырумен.

3. Нысанды толтыруға жалпы талаптар

10. Нысанның келесі тармақтарын толтыру міндетті емес (үкіметтік емес ұйымдардың өзінің қарауы бойынша):

1) Басшы туралы мәліметтер (жеке куәлік номері, берілген күні,  жарамдылық мерзімі, құжат берілген орган атауы; жұмыс өтілі; байланыс телефондары;  (почта мекенжайы немесе қалалық және ұялы телефон номерлері мен  электрондық почтасы); ЖСН; диплом бойынша мамандығы мен біліктілігі);

2) Бас бухгалтер туралы мәліметтер (почта мекенжайы немесе қалалық және ұялы телефон номері мен  электрондық почтасы);

3) Үкіметтік емес ұйымның  банктік есепшоты реквизиттері (банк атауы, банктің БСК, есеп айырысу шоты (ЖСК);

11. Нысанның барлық тараулары таңбалық  әріптерімен кейбір сөздерді қысқартпай, мөлшері 12 шрифт көлемінен кем болмауы тиіс.

12.  Қарсы жауаптар берілетін Нысан  тарауларында  «жоқ» сөзімен толтырылады. Үкіметтік емес ұйымдарға сай келмейтін Нысан тарауларында берілген  (филиалға немесе шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдар өкілдеріне) өздері туралы мәліметтерде  «сай емес» деген сөзбен толтырылады.

  1. Нысанның жекелеген тараулары/ бөліктерін толтыру талаптары

13. 1 тарау 2 бөлігіндегі мәліметтерді қоғамдық бірлестік ұйымдық -құқықтық нысанындағы үкіметтік емес ұйымдар толтырмайды.  Аталған ұйымдар бастамашы - азаматтар және/немесе қоғамдық бірлестік тізімі көшірмесін ұсынады (егер олар аталған қоғамдық бірлестіктің құрылуына қатысқан болса). Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері (оқшау бөлімшелері) осы тарауда ұйымды құрушы заңды тұлға туралы мәліметтерді көрсетеді.

14. 1 тараудың  «Қызметшілер туралы мәліметтер» 3 бөлігіндегі «Жалпы мәлімет»  1 тарауында еңбек шарты жасалған және әлеуметтік еңбек демалысында (жалақысы сақталмайтын демалыс, оқу демалысы, жүктілікке және босануға байланысты демалыс, бала асырап алу; үш жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс) жүргендерді есепке алумен  қызметшілердің жалпы санын көрсетеді.

15. 1 тараудың  «Қызметшілер туралы мәліметтер»  3 бөлігіндегі  «Жалпы мәлімет» 1 тарауының 1.1) тармақшасында Қазақстан Республикасында жұмыс істеуге рұқсат алуға талап етілмейтін және еңбек шарты жасалған қызметшілердің жалпы саны көрсетіледі. 

16. 1 тараудың  «Қызметшілер туралы мәліметтер» 3 бөлігіндегі «Жалпы мәліметтер» 1 тарауының 1.2) тармақшасында өзінің волонтерлеріне (еркін түрде) есеп жүргізетін және/немесе жеке тұлғалар мен үкіметтік емес ұйымдармен волонтерлік қызмет етуге келіскеншарты бар үкіметтік емес ұйымдар тарапынан толтырылады.

17. 1 тараудың  «Қызметшілер туралы мәліметтер» 3 бөлігіндегі «Жалпы мәліметтер» 1 тарауының 1.3) тармақшасында Қазақстан Республикасының аумағында үкіметтік емес ұйымдардың ықпалымен жұмыс істеуге тартылған шетелдіктер деп танылатын немесе азаматтығы жоқ тұлғалардың, 

_______________________________________

[1]Аталған мәліметтерді Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының аумағында гранттар беретін және тиісті бекітілген бюджеттері бар  шетел және халықаралық коммерциялық ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері (оқшау бөлімшелері) ғана тапсырады.

3Бұл талаптар 2017 жылдың 1 наурызынан бастап іске енгізіледі.

сондай-ақ,  Қазақстан Республикасында жұмыс істеуге арнайы рұқсатты талап ететін шетелдік қызметшілердің саны көрсетіледі.   

18. 1 тараудың «Қызметшілер туралы мәліметтер» 3 бөлігіндегі «Жалпы мәліметтер» 1  тарауының 2.9) тармақшасында Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген басшысы есеп беру кезінде үкіметтік емес ұйымның құрылтайшысы (тең құрылтайшысы) болған коммерциялық емес ұйымдардың атаулары көрсетіледі. Қоғамдық және діни бірлестіктердегі құрылтайшылығын  көрсету талап етілмейді.

19. 3 тараудың «Қызметшілер туралы мәліметтер» 3 бөлігіндегі «Жалпы мәліметтер» 1тарауында еңбекшарты негізінде жұмыс істейтін бас бухгалтер туралы мәлімет көрсетіледі.  Егер үкіметтік емес ұйымда аталған қызмет болмаған жағдайда ұйымда бас бухгалтердің міндетін атқаратын қызметші туралы мәліметтер  көрсетіледі.

20. «Жалпы мәліметтер» 1 бөлігіндегі «Филиалдар мен өкілдіктер» 5 тарауында  қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың тіркелген филиалдары мен өкілдіктеріне қатысы туралы толтырады.

21. 3 тарау 1 бөлігінің 2 тарауында  мақсатты аудитория ол үкіметтік емес ұйымның қызметіне қатысты немесе біреудің мүддесіне қызметті іске асыратын  адамдар тобы түсіндіріледі.

22. 5 тараудың «Қызмет бағыты» 1 бөлігіндегі «Қызметтер туралы» 2 тарауында үкіметтік емес ұйымның (республикалық, аймақтық, жергілікті) аумақтық мәртебесі жарғысы негізінде көрсетіледі. Егер үкіметтік емес ұйым «аймақтық» немесе «жергілікті» мәртебесіне ие болса, үкіметтік емес ұйымның филиалдары мен өкілдіктері тіркелген облыстың  атауы көрсетіледі.

23. 4 тараудың  «Есеп беру кезеңінде аяқталған, жүзеге асырылған жобалар/бағдарламалар» 2 бөлігіндегі «Қызметтер туралы» 2 тарауында үкіметтік емес ұйымдар жобалар/бағдарламалар іс-әрекеті кезінде Қазақстан Республикасы аумағында игерілген жобалар/бағдарламалардың  нақты жалпы сомасын көрсетеді, ал шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың өкілдіктері мен филиалдары жобаның/бағдарламаның іс-әрекеті кезеңінде Қазақстан Республикасы аумағында игерілген дәлелді жобаның/бағдарламаның аясындағы  нақты қаржыландыруын көрсетеді. Егер жобалар/бағдарламалар шетелдік валютада қаржыландырылған болса, үкіметтік емес ұйым жобаның/бағдарламаның аяқталғанын күніне орай, донорлық ұйымның, тапсырыс  берушінің, грант берушінің шартында көрсетілгендей Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен валюта бағамына сай нақты бюджеттің жалпы сомасын теңгемен қайта есептеу жүргізеді. 

24. 7 тараудың  «Есеп беру кезеңінде орындалған, жүзеге асырылған жобалар/бағдарламалар» 2 бөлігіндегі «Қызметтер туралы» 2 тармағында еркін формада жобалардың/бағдарламалардың қорытындысы орындалған жоба/бағдарлама туралы қысқаша сипаттаумен  ақпарат беріледі. 

25. 6 тараудың «Жүзеге асырылатын жобалар/бағдарламалар» 3 бөлігіндегі «Қызметі туралы мәліметтер» 2 тарауында жобалар/бағдарламалар атқарушылары донорлық ұйым, тапсырыс беруші, грантберушімен шарт мәтінінде олар туралы мәліметтер болған кезде көрсетіледі.

26. «Есепті кезеңде аяқталған жүзеге асырылған жобалар/ бағдарламалар» 2 тарауының және «Жүзеге асырылатын жобалар/ бағдарламалар» 3 тарауының  «Қызметі туралы мәліметтер» 2 бөлігінде,   сондай-ақ үкіметтік емес ұйымныңың өз қаржаты есебінен жүзеге асырылатын жобалар/бағдарламалар туралы  ақпарат көрсетіледі. Бұл кезде 1 тараудың  2 бөлігіндегі және 1 тараудың  3 бөлігіндегі 2 тарауда «өзін өзі қаржыландырады» деп көрсету қажет. 

27. «Ынтымақтастық/әріптестік туралы құжаттар жасалған ұйымдар/ органдар» 4 бөлігіндегі «Қызмет туралы» 2 тарауында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының атауы немесе олармен ынтымақтастық/әріптестік көрсететін, олармен қандай бір құжаттарға   шетелдік коммерциялық емес ұйымдардың, қазақстандық коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың қандай болмасын құжаттарына қол қойылғаны көрсетіледі. Осы тарауда 2 және 3 бөліктеріндегі «Қызметі туралы мәліметтер» 2 тарауында аталғандар көрсетілмейді. 

28.  «Мүліктік қалыптастыру негіздері» 3 тараудың 2 бөлігіндегі  «Мүлік құрамы, ақшалай қаражат негіздерін қалыптастыру және шығындар бағыты туралы мәліметтер» 3 тарауында есепті кезеңдегі келесі төрт жіктеме бойынша жалпы түсім сомалары көрсетіледі:

1) Құрылтайшылардан түсетін жалпы сома түсімдері (қатысушылар, мүшелер) (1 тарау)

2) Кәсіпкерлік қызметтен, оның ішінде дивиденттерді қосқандағы табыстың жалпы сомасы ( 2 тарау);

3) Басқада заңмен тиім салынбаған түсімдер ( 2 тарау);

4) Ақысыз алынған мүліктің жалпы сомасы (3 тарау).

29. «Мүлікті қалыптастыру көздері» 1 тараудың 2 бөлігіндегі «Мүлік құрамы, ақшалай қаражат негіздерін қалыптастыру және шығындар бағыты туралы мәліметтер» 3 тарауында үкіметтік емес ұйымдар құрылтайшылардан (қатысушылар, мүшелер) түсімдердің жалпы сомасы көрсетіледі.

«Құрылтайшылар (қатысушылар/ мүшелер) түсімдері» деп кіру және мүшелік жарналар, ерікті мүліктік жарналар (салымдар) және қайрымдылық аударылмдарынан және үкіметтік емес ұйымдардың оның құрылтайшыларынан (қатысушылар, мүшелер) алынған басқа да тегін мүліктер жатады.

Шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері,  осы тарауда оны құрған заңды тұлғадан түскен ақшалай түсімдер көрсетіледі.

30. «Мүліктік қалыптастыру негіздері» 2 тарау 2 бөлігіндегі «Мүлік құрамы, ақшалай қаражат негіздерін қалыптастыру және шығындар бағыты туралы мәліметтер» 3 тарауында мүлікті қалыптастыру көздерінің екі жіктеме бойынша жалпы сомасы теңгемен көрсетіледі:

1) Кәсіпкерлік қызметтен, оның ішінде дивиденттерді қосқанда алынған табыстардың жалпы сомасы;

2) Заңмен тиым салынбаған түсім табыстарының жалпы сомасы.

Бірінші  жіктеме  бойынша көрсетіледі:

А) Үкіметтік емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметтен дивидент түрінде алынған кірістері. Бұндай табыс егер үкіметтік емес ұйым өзінің ақшасын қаржы –несиелік мекемелердің депозиттік  және кіріс шоттарында, бағалы қағаздарында, сондай-ақ ҮЕҰ құрылтайшы болып табылатын ұйымнан дивиденттер алған кезде сақтайды.

Б) кәсіпкерлік қызметтен, заңмен белгіленген жағдайларда товарлар, жұмыстар,қызметтерді іске асырудан түскен табыстар түрінде, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру шарты бойынша алынған табыстар.

Екінші жіктеме  бойынша көрсетіледі:

Заңмен тиым салынбаған, 1 тараудың және  3 тараудың 2 бөлігіндегі  3 тарауда көрсетілгендерден басқа табыстар. 

Үкіметтік емес ұйымдардың «заңмен тиым салынбаған басқа да табыстары» болған кезде ондай табыс көздері көрсетілуге тиісті.

31. 3 тарау 2 бөлігіндегі  3 тарауында ақысыз алынған мүліктің жалпы сомасы көрсетіледі,  олар мыналар болып табылады: гранттар, мемлекттік сыйлықтар және тегін алынған басқа да мүліктер (қайырылымдық, демеушілік, меценаттық көмектер, қайрылымдық  аударылымдарымен  тағы басқа),құрылтайшылар (қатысушылар, мүшелер) түсімдерінен басқа.

32. «Ақшалай қаражат шығындары бағыты» 1 тарауының 3 бөлігіндегі «Мүлік құрамы, ақшалай қаражат негіздерін қалыптастыру және шығындар бағыты туралы мәліметтер» 3 тарауында есепті кезеңде үкіметтік емес ұйымнан басқа ұйымға жарна түрінде аударылған, үкіметтік емес ұйым оның мүшесі/құрылтайшысы болып табылатын,  аударылған ақшаның жалпы сомасы көрсетіледі.

33. «Ақшалай қаражат шығындарының бағыты» 1 тарау 3 бөлігіндегі «Мүлік құрамы, ақшалай қаражат негіздерін қалыптастыру және шығындар бағыты туралы мәліметтер» 3 тарауда үкіметтік емес ұйымды ұстау шығындарының (коммуналдық шығындар, жалға алу, әртүрлі қызмет түрлері, еңбек ақы шығындары мен  басқа да шығындар) жалпы сомасы көрсетіледі.

34. Ақшалай қаражат шығындарының бағыты» 1 тарауының 3 бөлігіндегі «Мүлік құрамы, ақшалай қаражат негіздерін қалыптастыру және шығындар бағыты туралы мәліметтер» 3 тарауында есепті кезеңде үкіметтік емес ұйым  мүшесі болып саналатын басқа коммерциялық ұйымдарға аударылған міндетті мүшелік жарналардың сомасы көрсетіледі.

35. «Ақшалай қаражат шығындарының бағыты» 4 тарауының 3 бөлігіндегі «Мүлік құрамы, ақшалай қаражат негіздерін қалыптастыру және шығындар бағыты туралы мәліметтер» 3 тарауында   есепті кезеңде іске асырылған және іске асырылатын жобалар/бағдарламалар шеңберіндегі ісшаралар (тренингтер, конференциялар, форумдар, зерттеулер, дөңгелек столдар және тағы басқа) өткізу шығындарының жалпы сомасы көрсетіледі. Сондай-ақ, аталған тарауға үкіметтік емес ұйымның басқа ұйымға /органға/ жеке тұлғаға мүлік түрінде тегін берілген, оның ішінде қайырылымдық көмек, демеушлік көмек, қайырылымдық аударылымдары жатады. Егер үкіметтік емес ұйым №130 салық декларациясында  ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыруды көрсетеді, олар сондай-ақ 4 тараудың 3 бөлігіндегі 3 тарауына да кіргізу қажет.     

36. 1,2,3,4 тараулардың 3 бөлігіндегі 3 тарауда көрсетілген сомалар №130 салық декларациясында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуге тиісті (осындай декларация тапсыратын үкіметтік емес ұйымдар үшін).

Нысанға қосымша:

  1. PDF форматында сақталынған  құрылтайшы құжаттардың сканерленген көшірмелері:

1) мекеме үшін  - меншік иесі (иелері) бекіткен ереже (жарғы) және құру туралы меншік иесінің (иелерінің) шешімі;

2) қор, тұтыну кооперативі, коммерциялық емес акционерлік қоғам, қауымдастық (кеңес) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі, басқа да ұйымдық -құқықтық нысандар үшін  –  құрылтайшылар бекіткен Жарғы және құрылтайшылық шарт.

3) қоғамдық бірлестіктер үшін – Жарғы.

4) бір тұлға (бір қатысушы) бекітетін коммерциялық емес акционерлік қоғамдар үшін – жарғы (ереже) және заңды тұлға (жалғыз құрылтайшы шешімі) бекіткені  туралы жазбаша түрде хатталған шешім.

5) осы нысандағы ұйымдар туралы жалпы ереже негізінде әрекет ететін коммерциялық емес ұйымдар үшін – үлгі ереже. Шет елдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері филиал (өкілеттік) туралы Ереже мен филиалдардың (өкілеттіктер) басшысына сенімхат ұсынады.

  1. Есеп беру кезеңде бухгалтерлік баланс алдын ала шығарылып, ұйымның бірінші басшысының қолымен және ұйым мөрімен расталған баланстың сканерленген көшірмесі түрінде ұсынылады. Баланстың сканерленген көшірмесі PDF форматында ұсынылуы тиіс.

Мәліметтер жіберілетін мекен- жай:

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

Мекенжай: Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер Үйі»  

Астана, 010000 , Қазақстан Республикасы

Телефондар +7 (7172) 74-11 -73, 74-13-12


[1]Білім беру автономдық ұйымдары, автономдық кластерлық қор, нотариалдық палаталар,адвокаттар коллегиясы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, Жеке сот атқарушыларының республикалық палатасы, кәсіби аудиторлар  ұйымы,  пәтер иелерінің кооперативтері.

Кезекте тұрғандар тізіміКезекте тұрғандар тізімі АттестацияАттестация Антикоррупционные видеороликиАнтикоррупционные видеоролики
Cписки по размещению рекламы Cписки по размещению рекламы

Қазақстан 2050

Жаңалықтарды тарату

Жаңалықтар мұрағаты

Кіру статистикасы

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша келесi телефондар бойыншы хабарласуға болады: : (8-716-36) 4-59-05

Факс: (8-716-36) 4-59-05

Элекртондық пошта адресi: burabay_gosuslugi@mail.ru