БУРАБАЙ
  • USD 341.61+0.66
  • EUR 410.27+1.54
  • RUB 5.9+0.03

КММ туралы ереже

Соңғы өзгерту күні
Жариялау күні

 1. Жалпы ережелер

 

1. «Бурабай ауданының Наурызбай батыр ауылы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауыл әкімінің қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Бурабай ауданының Наурызбай батыр ауылы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Бурабай ауданының Наурызбай батыр ауылы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Бурабай ауданының Наурызбай батыр ауылы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Бурабай ауданының Наурызбай батыр ауылы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Бурабай ауданының Наурызбай батыр ауылы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен  «Бурабай ауданының Наурызбай батыр ауылы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мекеме басшысының бұйрықтары мен шешімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Бурабай ауданының Наурызбай батыр ауылы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
         8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 021722, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Наурызбай батыр ауылы, Уәлиханов көшесі, 1.

9. Мемлекеттік органның толық атауы: «Бурабай ауданының Наурызбай батыр ауылы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже «Бурабай ауданының Наурызбай батыр ауылы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Бурабай ауданының Наурызбай батыр ауылы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру  жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12. «Бурабай ауданының Наурызбай батыр ауылы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Бурабай ауданының Наурызбай батыр ауылы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Бурабай ауданының Наурызбай батыр ауылы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. «Бурабай ауданының  Наурызбай батыр ауылы әкімінің аппараты»  коммуналдық мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. «Бурабай ауданының Наурызбай батыр ауылы әкімінің аппараты»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

тиісті аумақтарды дамытудың мүдделерімен және қажеттіліктерімен байланысып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізу.

14. Міндеттері:

ауыл әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында болып табылады.

15. Функциялары:

1) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

2) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

3) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;

4) ауыл әкімінің аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;

5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

6)  өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;

7) ауылдың коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

8) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;

11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;

14) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;

15) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

16) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;

17) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;

18) мүгедектерге және халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестіреді;

19) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

20) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

21) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

22) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

23) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

24) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

25) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

26) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

27) мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

28) өз құзыретi шегiнде   елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

29) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

30) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

31) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;

32) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;

33) ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамыту стратегиясын жүзеге асыру, ауылды дамыту проблемаларына талдау жүргізу, тиісті ұсынымдар мен ұсыныстар дайндау;

34) ауыл әкімінің тұрғындармен есеп беру кездесулерін өткізуді ұйымдастыру;

35) сайлауларды дайындауды ұйымдастыру;

36) заңнамада белгіленген құзырет шегінде әкімшілік өндірісті жүргізу;

37) заңда белгіленген тәртіпті мемлекеттік қызметтер қөрсітілсін;

38) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асырады;

16. Құқықтары мен міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан және басқа да ұйымдардан құжаттар сұрату және алу;

2) әкімдіктің, комиссиялардың, жұмыс топтарының отырыстарына, сондай-ақ ауданның мемлекеттік органдарымен өткізіліп жатқан іс-шараларға қатысу;

3) өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асыру.

3. «Бурабай ауданының Наурызбай батыр ауылы әкімінің аппараты»  коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру

17. «Бурабай ауданының Наурызбай батыр ауылы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылық етуді «Бурабай ауданының Наурызбай батыр ауылы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болатын ауыл әкімі жүзеге асырады.

18. Ауыл әкімі Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің Ережесімен белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады, өкілеттілігін тоқтатады және лауазымынан босатылады.

19. Ауыл әкімінің өкілеттігі:

1) бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды, ауыл әкімі аппаратының қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолдану, материалдық көмек көрсету, көтермелеу мәселелерін шешеді;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың қызметін үйлестіру мен басқаруды жүзеге асырады, берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді, басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді.

3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда ауыл әкімінің аппаратын білдіреді;

4) ауыл әкімі аппаратының құқықтық актілеріне қол қояды;

5) ауыл әкімі аппараты қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

6) бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашады;

7)  жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара әрекет жасайды;

8) ведомстволық бағынышты мемлекеттік органда сыбайлыс жемқорлаққа қарсы әрекет ету бойынша әрекеттерді органдамығаны үшін жеке жауап береді;

9) әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жасалған бұзушылықтар үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жаза қолдануға және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға құқылы;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді  жүзеге асырады.

Ауыл әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.


4. «Бурабай ауданының Наурызбай батыр ауылы әкімінің аппараты»  коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкі

 

20. «Бурабай ауданының Наурызбай батыр ауылы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайдаларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Бурабай ауданының Наурызбай батыр ауылы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

21. «Бурабай ауданының Наурызбай батыр ауылы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе «Бурабай ауданының Наурызбай батыр ауылы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. «Бурабай ауданының Наурызбай батыр ауылы әкімінің аппараты»  коммуналдық мемлекеттік мекеменің қайта ұйымдастыру және тарату

23. «Бурабай ауданының Наурызбай батыр ауылы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

«Бурабай ауданының Наурызбай батыр ауылы әкімінің  аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  Ережесін бекіту туралы

Кезекте тұрғандар тізіміКезекте тұрғандар тізімі АттестацияАттестация Антикоррупционные видеороликиАнтикоррупционные видеоролики

Қазақстан 2050

Жаңалықтарды тарату

Жаңалықтар мұрағаты

Кіру статистикасы

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша келесi телефондар бойыншы хабарласуға болады: : (8-716-36) 4-59-05

Факс: (8-716-36) 4-59-05

Элекртондық пошта адресi: burabay_gosuslugi@mail.ru