БУРАБАЙ
  • USD 333.03-1.18
  • EUR 392.61-2.66
  • RUB 5.82+0.03

Аудан басшысы жұмыс сапарымен Бурабай кентіне және Зеленобор ауылдық округіне барып қайтты

Дата последнего изменения Дата опубликования
Аудан басшысы жұмыс сапарымен Бурабай кентіне және Зеленобор ауылдық округіне барып қайтты

Ағымдағы жылдың 11 мамырында аудан әкімі Төлеген Ташмағамбетов жұмыс сапарымен біршама нысандарда болды. Оның ішінде Щучинск қаласының №1 орталық «Термо Транзит» ШЖҚ МКК қазандығы және №12 «Термо Транзит» ШЖҚ МКК қазандығы мен Бурабай кентіндегі «Бурабай Тазалық» ШЖҚ МКК қазандығы, сондай-ақ №2 Зеленобор ауылдық округіндегі «Термо Транзит» ШЖҚ МКК қазандығын аралап, Щучинск қаланың абаттандыру жұмыстарына аса назар салды.

Осы орайда «Термо Транзит» ШЖҚ МКК басшысы Нұрахов Дәулет Батырханұлы №1, №4 және №5 қазандықтарында бөлшектеу жұмыстары жасалғанын, №1, №4 қазандық агрегатында ішінара монтаждау басталғанын, жөндеу жұмысында 22 адам еңбек етіп жатқанын айтып өтті. Осы жұмыстарды 1-10 маусымға дейін аяқтау көзделген. Сондай-ақ №2,3,4,6 қазандықтарын жөндеу жоспарда бар екенін айтты. Осы жұмыстарды аудан әкімі ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін аяқтауды ұсынды.

Аудан басшысы жұмыс сапары шеңберінде Бурабай кентіндегі «Бурабай Тазалық» ШЖҚ МКК қазандығында іс-сапарын жалғастырды. Қазандықтың басшысы Құлжанов Сайран Дәулетбекұлының айтуы бойынша қазандық 2016 жылы пайдалануға енгізілген. Қазіргі таңда көмекші жабдықтар бойынша №1,2,3 қазандықтарының рекламациялық жөндеуі жүзеге асқалы тұр.

Осылайша жұмыс сапарының соңғы нысаны №2 Зеленобор ауылдық округіндегі «Термо Транзит» ШЖҚ МКК қазандығымен тәмамдалды.

Іс-сапарды қорытындылай келе ауданымыздың басшысы Төлеген Ташмағамбетов «ЭКСПО-2017» көрмесінің өтуіне 30-ақ күн қалғандығын ескере отырып, қаланы абаттандыру жұмыстарын қатаң тәртіпке алып, сенбіліктерді жиі өткізіп отыруды қала әкіміне бұйырды.

Бурабай ауданы әкімінің баспасөз-хатшысы

Списки очередников Списки очередников Доступная земля Доступная земля Аттестация Аттестация Антикоррупционные видеоролики Антикоррупционные видеоролики

Казахстан 2050

Рассылка новостей

Архив новостей

Статистика посещений

По вопросам оказания государственных услуг обращаться по номеру: (8-716-36) 4-59-05

Факс: (8-716-36) 4-59-05

Электронная почта: burabay_gosuslugi@mail.ru