БУРАБАЙ
  • USD 333.03-1.18
  • EUR 392.61-2.66
  • RUB 5.82+0.03

Маңызды мәселені шешу жолындағы ілгері қадам

Дата последнего изменения Дата опубликования
Маңызды мәселені шешу жолындағы ілгері қадам

Қазіргі таңдағы қоғамда қызу талқыға түсіп жатқан өзекті мәселе қазақ жазуының латын әліпбиіне көшу екені баршаға мәлім. «Келісіп пішкен тон келте болмас» деп дана халқымыз айтқандай, тек жазудың ғана емес, жалпы тілдің, елдің тағдырына әсер ететін осынау маңызды мәселенің елімізде, халық арасында кеңінен талқыланып жатқаны қуантады. Бұл тек мамандар ғана емес, барша қазақстандықтар реформаның айрықша маңызын терең түсінгендігінің айқын көрінісі. Ұлт тағдырына жаны ашитын қауымда солай болуға тиіс. Қоғамымыздың барлық салаларында, барлық ақпарат құралдарында болған талқылаулар өз жемісін берді десек те болады.

Елбасының қабылдауында болған Мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұмыс тобы қазақ әліпбиінің латын қарпінде жазылу үлгісін ұсынды. Бұл үлгі қоғамдық талқылаулар барысында келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып әзірленді. Сондықтан да ол алдыңғы жобаға қарағанда көптеген кемшіліктерінен арылғаны анық байқалды.

Осының алдында жарияланған қосарланған әріп­тері көп, тілге қиын, жазуға ыңғайсыз нұсқа көпшіліктің нара­зы­лығын тудырып еді. Ал жаңа әліпби біздің графикалық санамызға сай «Бір әріп – бір дыбыс» ыңғайында жасалған. Бұл үйренуге де, үйретуге де ыңғайлы. Тілдің заңдылығына да сай келіп тұр. Латын графикасындағы 26 таңба толық игерілген. Қазақ тілінің өзіне ғана тән «Ә», «Ө», «Ү», «Ғ», «Ң» дыбыстары апос­трофтармен берілген. Бұл бірнеше тілдерде (неміс, түрік, әзірбайжан, өзбек т.б.) бар үлгі. Жаңа әліпбиде кірме дыбыстар ретінде 4 дыбыстың таңбасы (Ф, X. В, Ч) алынған. Өйткені бұл дыбыстармен көптеген сөздер (мыңнан аса) енген.  Бұл жолғы ұсынылған әліпбидің артықшылығы – техника тұрғысынан алып қарағандағы қолдану әмбебаптығы. Өйткені бұл әліпби қосымша бағдарламалық жоба жасауды және осы мәселеге арнайы қаржыландыруды қажет етпейді деп ойлаймыз.

Әлі де сұрақтар туындап, пікірталастар болуы мүмкін, әрине. Толығырақ түсініктеме беруді қажет ететін тұстары да бар. Сондықтан «Біз латын әліпбиінің жаңа нұсқасын ұсынып отырмыз. Бірақ мұны бірден қабылдаймыз деген ойдан аулақпыз» - деген Мемлекет басшысы жаңа әліпби де зиялы қауым өкілдері мен халық арасында талқылауға түсуі керектігіне мән берді. Қазір әліпби талқылаудың екінші маңызды кезеңі басталды деуге болады. Барлық пікірлер ескеріліп, сарапталады деп сенеміз.

 

 Бурабай ауданының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің

Тілдерді оқыту орталығының ұжымы

        

 

 

Списки очередников Списки очередников Доступная земля Доступная земля Аттестация Аттестация Антикоррупционные видеоролики Антикоррупционные видеоролики

Казахстан 2050

Рассылка новостей

Архив новостей

Статистика посещений

По вопросам оказания государственных услуг обращаться по номеру: (8-716-36) 4-59-05

Факс: (8-716-36) 4-59-05

Электронная почта: burabay_gosuslugi@mail.ru