2017-2018 ЖЫЛДАРДАҒЫ КҮЗГІ-ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢНІҢ ӨТУІ ЖӘНЕ АЛДАҒЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ

Орталық коммуникациялар қызметінде 2017-2018 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңнің өтуі және алдағы жылыту маусымына дайындық туралы баспасөз конференция өтті.

2017-2018 жылдардағы күзгі-қысқы кезең тұрақты өтті. Тұтынушылар электр және жылу энергиясымен толық көлемде қамтамасыз етілді.

Қысқы ең жоғары жүктеме 2018 жылғы 28 қаңтарда белгіленді және 14 615 МВт-ты құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 4,5 %-ға көп. Алдағы күзгі-қысқы кезеңде болжамды ең жоғарғы жүктеме 14 800 МВт құрайды, бұл өткен кезеңнің деңгейінен 4% көп.

2017 жылына жоспарланған энергия кәсіпорындарының негізгі жабдықтарында жөндеулер іс жүзінде толық көлемде орындалды. Электр станциялары бойынша 10 энергоблок, 59 қазан және 39 турбина. Сондай-ақ 24,3 мың км. электр беру желілері жөнделді.

189 энергетикалық кәсіпорын 2017-2018 жылғы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алды.

Республиканың энергия жүйесінде өткен жылыту маусымында ірі технологиялық бұзушылықтарға жол берілмеді, өткен кезеңмен салыстырғанда технологиялық бұзылулардың саны 12% төмендеді.

Жылыту маусымында электр станцияларында электр генерациясының толық төмендеуінің 26 жағдайы белгіленді, бұл өткен жылғы деңгейден 26% аз.

Өткен күзгі-қысқы кезеңде жылумен жабдықтау кәсіпорындарының жергілікті атқарушы органдар бекіткен жылу желілері жұмысының температуралық кестесін сақтамауының 65 жағдайы байқалды. Бұл өткен жылғы деңгейден 5 есе аз.

Өткен жылыту маусымында тұтас алғанда энергия көздерінде пайдаланылатын отын қорының қажетті мөлшері қамтамасыз етілді.

Ағымдағы жылғы маусымның басына энергетикалық көздердің отын қоймаларында 2,9 млн. тонна көмір және 97 мың тонна мазут жиналды.

Біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі жағдай тұрақты. Ағымдағы жылдың басынан бері (а.ж. 4 маусымға) Республикада 47,2 млрд. кВтсағ, бұл өткен жылғы деңгейден 8%-ға көп электр энергиясы өндірілді және 44,4 млрд. кВтсағ бұл өткен жылғы деңгейден 6%-ға көп электр энергиясы тұтынылды.

Тұтастай алғанда, алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Үкімет өкіміне сәйкес Энергетика министрлігімен энергия кәсіпорындарының жөндеу жұмыстарының барысына мониторинг ұйымдастырылған және айына екі рет Үкіметке ақпарат жіберіледі.

Жүйелік оператормен бекітілген Біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі электр станцияларының негізгі жабдықтарын жөндеу кестесіне сәйкес ағымдағы жылда 8 энергия блогын, 56 қазанды, 45 турбинаны жөндеу жоспарланған.

Маусымның бірінші онкүндігіне 2 энергоблоктың, 11 қазанның және 10 турбинаның жөндеу жұмыстары аяқталды. Жөндеу жұмыстары 4 энергоблокта, 21 қазанда және 13 турбинада жүргізілуде. Жалпы, жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр желілерін 2018-2019 ж.ж. күзгі-қысқы кезеңге дайындау үшін жалпы ұзындығы 23 795,2 км. электр беру желілерін, және 5 315 қосалқы станцияны ТП, ҚТС, 10/0,4 кВ КҚТС жөндеу жоспарланған. Ағымдағы жылғы маусымның басындағы жағдай бойынша 5 315 км. электр беру желілері жөнделді, бұл жылдық жоспардың 20% құрайды және 1 104 қосалқы станциясы жөнделді, бұл жылдық жоспардың 22% құрайды.

Алдағы жылдардағы күзгі-қысқы кезеңді ойдағыдай өткізу үшін:

1. Электр станциялары мен электр желілерінде барлық жөндеу жұмыстарын орындау

2. Энергия көздерінде отынның нормативтік жинақтылығын қамтамасыз ету.

3. Отын жеткізушілеріне берешекті өтеуді қамтамасыз ету қажет деп санаймыз.

цц

ц

07.06.2018
Қараулар: 251