2018 жылға ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер үшін дизель отынының құны мен көлемі туралы

2018 жылдың 13 сәуірінде орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстандық көктемгі егіс жұмыстарын өткізетін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін арзан дизельдік отынмен қамтамасыз ету» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Шара барысына ҚР Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Қуаныш ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ және ҚР Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті директорының орынбасары Бахыт МАХАНОВ қатысты

2018 жылдың көктемгі егіс жұмыстарының тұрақты жүргізу үшін ҚР Энергетика министрлігі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлескен түрде «Көктемгі егіс жұмыстарына дизельдік отынды жеткізу бойынша Мұнай өңдеу зауыттарына (МӨЗ) облыстарды бекітіп беру кестесі» әзірленді және бекітілді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жыл сайын облыс әкімдіктерімен бірлесіп, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге (АШТӨ) қажетті мұнай өнімдерінің көлемін анықтап, ҚР Энергетика министрлігіне егіс және егісті жинау жұмыстарын жүргізуге арналған АШТӨ үшін дизельдік отынды жеткізу көлемі туралы ұсыныстарды енгізеді.

Кестеге сәйкес ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер үшін қажеттілік 375,0 мың тоннаны құрады, осы көлем бекітілді, соның ішінде:

АМӨЗ – 92,3 мың. тонна;

ПМХЗ – 195,6 мың. тонна;

ПҚОП – 87,1 мың. тонна.

2018 жылдың наурыз айында көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін орташа нарық бағасы тоннасына 167 259 теңге кезінде зауытта дизель отынына ұсынылатын баға тоннасына 156 мың теңгені құрады (130 теңге/литр). Осылайша, АШТӨ үшін баға тоннасына 11 259 теңгеге төмен.

Әлемдегі мұнай бағасының, мұнай өндірушілермен ішкі нарыққа жеткізілетін мұнайға деген бағаның көтерілуіне байланысты, оған қоса Ресейден әкелінетін дизель отынының бағасының өсуіне орай АШТӨ үшін дизель отынына ұсынылатын баға тоннасына 161 мың теңгені (134 теңге/литр) құрайды. Осы ретте осы жылдың сәуір айында ішкі нарықта орташа орта нарықтық баға тоннасына 179 574 теңгені, яғни литрына 150 теңгені құрайды. АШТӨ үшін берілген жеңілдік тоннасына 12 032 теңгеге тең.

Жоғарыда аталған бағалар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісілді, сонымен қатар АШТӨ үшін дизель отынын жеткізетін барлық компаниялардың назарына ұсынылды.

Осы орайда, АШТӨ үшін дизель отынына арзандатылған бағаларды заңды түрде бекітетін құзыреттілік жоқ екенін атап өту маңызды. Ауыл шаруашылығына қажет дизель отынының арзандатылған құны нарықтағы ойыншылармен келісу арқылы ресурс иелерінің өз еріктерімен бекітіледі.  

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 144 қаулысымен дизель отынына жоғары акциз мөлшерлемелері кезеңі 7 айдан                   5 айға дейін қысқартылғанын атап өту қажет, осылайша, жоғары акциз мөлшерлемелері сәуір айынан емес, маусым айынан бастап енгізіле бастады, бұл АШТӨ үшін дизель отынының сатып алу бағасына оң әсер етті.

АШТӨ үшін МӨЗ-ден дизель отынын жөнелтуге басымдық берілді, бақылау мен мониторинг жүргізу тәулік бойы жүзеге асырылады.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде Энергетика министрлігімен 2018 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын тұрақты жүргізу үшін жан-жақты шаралар қолданылып жатқандығын хабарлаймыз.

 

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

SCK_2392

SCK_2377

 

 

 

13.04.2018
Қараулар: 70