2017 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 778 км инженерлік желі салынып қайта жаңартылды

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2018 жыл 24 қаңтар                                                                                                       Астана қ.

2017 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 778 км инженерлiк желi салынып
қайта жаңартылды

Орталық коммуникациялар қызметiнде «Нұрлы жол» мемлекеттiк бағдарламасының сумен жабдықтау, су тазарту жүйелерiн жаңғырту және ТҮКШ дамыту саласына қатысты 2017 жылдың қортындысы бойынша баспасөз конференциясы өттi.

Шараға ҚР инвестиция және даму министрлiгi Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетiнiң төрағасы Мархабат Жайымбетов, «ТКШ Қазорталығы» АҚ Басқарушы директоры Руслан Кулов және ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетiнiң басқарма басшысы Әзiмбек Нәлiбаев қатысты.

Шара барысында Мархабат Жайымбетов 2015-2018 жылдар аралығында «Нұрлы жол» мемлекеттiк бағдарламасы аясында 2 695 км жылу, сумен жабдықтау және су тарту желiсi, 21 қазандық, 70 сорғы станциясы, кәрiз жүйесi мен су тазарту қондырғылары және басқа да нысандар салынғанын айтты.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесiнде өткен жылы желiнiң тозуы 63% -дан 60% -ға дейiн төмендедi. Ал биыл бұл көрсеткiштi тағы да 3-ға дейiн төмендету көзделiп отыр. Себебi, 2018 жылы 800 км жылу, сумен жабдықтау және су тарту инженерлiк желiсi салынбақ.

«2017 жылы бөлiнген 48 млрд. теңгеге 103 инвестициялық жоба iрiктелдi. Ендi 1185 шақырым желi мен 5 қазандық салу жоспарланып отыр. Бүгiнгi таңда табиғи монополиялар субъектiлерi игерген қаржының сомасы 36,1 млрд. теңгенi немесе жалпы соманың 77% -ын құрайды. Қалған қаражат 2018 жылдың аяғына дейiн толық игерiледi (несие механизмiне сәйкес уақыт — 2 жыл) », — дедi Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетiнiң төрағасы.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ бюджеттiк кредиттеу мәселелерi бойынша сенiм бiлдiрiлген өкiлi және «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында субсидиялау мәселелерi бойынша оператор ретiнде бағдарламаға қатысатын жобаларды iрiктеумен айналысады.

Осылайша, 2017 жылы 35,7 млрд.теңге сомасындағы 72 жоба қаржыландырылды. 2018 жылы бөлiнген 33,4 млрд.теңгеге 49 жоба iрiктелдi, оның iшiнде жылумен жабдықтау бойынша 27 жоба, сумен жабдықтау бойынша 15 жоба және су бұру бойынша 7 жоба iрiктелдi. Шамамен 250,6 км жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желiлерiн, оның iшiнде 156,2 км сумен жабдықтау желiлерi, 69,1 км су бұру желiлерi бойынша салу және реконструкциялау жоспарланып отыр», — деп хабарлады «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарушы директоры Руслан Кулов.

Сонымен бiрге, субсидиялар бойынша оператор ретiнде ТКШ ҚазОрталығы 2017 жылы 4,4 млрд.теңге сомасына 8 инвестициялық жобаны қарастыру бойынша жұмыстар жүргiзiлдi, 28,8 км желi салынды және реконструкцияланды, оның iшiнде: жылумен жабдықтау желiлерi 16,2 км, сумен жабдықтау желiлерi 12,6 км, 1 КОС кеңейтуге арналған жер жұмыстары жүргiзiлдi. 2018 жылы алдын ала жасалған тiзiм бойынша 3,5 млрд.теңге сомасына 9 жоба iрiктелдi. 28,4 км жылу желiлерiн, 12 блоктық жылу бекеттерiн салу және реконструкциялау жоспарланып отыр.

ҚазОрталығы биыл инвестжобаларды бюджеттiк кредиттеу және субсидиялау бойынша, сонымен бiрге жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн салу, реконструкциялау мен жаңғырту бойынша жобаларды субидиялауға екiншi деңгейлi банктердi тарту жұмыстарын жүргiзуде.

ҚР ИДМ құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi Комитетiнiң баспасөз хатшысы:
Ержанова Айгерим, , 8-747-688-39-32, ai_95_01@mail.ru
«ТКШ Қазорталығы» АҚ Басқармасының баспасөз хатшысы:
Карибжанова Алтынай,
8-701-755-4866
a.karibzhanova@zhkh.kz

24.01.2018
Қараулар: 99