МҚІА мемлекеттік органдарда қызметшілердің еңбегі бойынша жылжуын қатаң қадағалайтын болады

Өткен жылдың статистикасы жоғары тұрған лауазымдарға орналасуға арналған iшкi конкурстарда мемлекеттiк қызметшiлердiң белсендiлiгiнiң төмендiгiн көрсетедi.

МҚIА төрағасы Анар Жаилғанова Агенттiктiң кеңейтiлген кеңесiнде сөз сөйлеу барысында аталған жағдайдың себебiнiң бiрi — адамдардың осы байқаулардағы iрiктеудiң әдiлдiгiне сенiмсiздiгiнен туындап отырғандығын атап өттi.

«Жеткiлiктi құқықтық реттемелеуге қарамастан, меритократия қағидаттары iс жүзiнде толық көлемде сақталмауда. Жергiлiктi жерлердегi ахуалға, егжей-тегжейлi талдау жасауды және аталған тәжiрибенi жою бойынша пәрмендi қабылдауды сұраймын. Қазақстандықтар меритократия қағидаттарының шын мәнiнде жұмыс жасайтындығын көруi керек», — дедi ол.

Осы мәселенi шешу ретiнде «E-kyzmet» жүйесi арқылы кадрлық тағайындауларға мониторинг жүргiзу ұсынылды. Бұл үшiн осы жүйенi мемлекеттiк органдарда ықпалдастыруды аяқтау және оны жетiлдiру қажет, бұл кадрлық тағайындауларға толық мониторинг жүргiзуге мүмкiндiк бередi.

Яғни, жүйе тағайындаудың барлық процестерiн «қадағалауға» және заңсыз кадрлық шешiмдер қабылдауы, бiлiктiлiк талаптары, командалық жылжулармен манипуляциялар жүргiзуге мүмкiндiк бермеуi тиiс.

Анар Жаилғанова барлық жеке құрамға меритократия қағидатын сақтау, кадрлық ауысулардың ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету Агенттiктiң негiзгi мiндеттерiнiң бiрi екендiгiн еске салды.

#АнарЖаилганова #мемлекеттiкқызмет #АДГС #МҚIА #госслужба

25.07.2019
Қараулар: 105