АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ДӘРІЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ: САПА, ЖЕТКІЗУ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

Орталық коммуникациялар қызметінде тегін амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету мәселелеріне арналған баспасөз конференциясы өтті.

Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің төрағасы Людмила БЮРАБЕКОВА, «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік ШӘРІП, Ұлттық дәрілік заттарды сараптау орталығы бас директорының бірінші орынбасары Арнур НУРТАЕВ, сондай-ақ ДСДРО Дәрілік заттарды және медициналық технологияларды ұтымды пайдалану орталығының басшысы Адлет ТАБАРОВ қатысты.

Өз сөзінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова қазақстандықтарды дәрілік қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан бөлінген қаражат туралы айтты.

«Мемлекетпен тегін дәрілік қамтамасыз етуге бөлінетін бюджет жыл сайын артып келеді. Қазақстандықтарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік қамтамасыз ету үшін 2018 жылға 200,2 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуге – 124,7 млрд. теңге бөлінді», - деп атап өтті Людмила Бюрабекова.

Сондай-ақ, сөйлеу барысында фармация комитетінің төрағасы пациенттердің қандай аурулар кезінде тегін амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуге ие болатынын айтты. Оның айтуынша, тізімінде мұндай аурулар 40-дан артық, ал олардың әрқайсысы үшін белгілі бір дәрілер бар, диспансерлік есепте тұрған науқастар тегін ала алады.

Людмила Бюрабекова пациенттерді дәрілік заттармен қамтамасыз етілмеуінің де себептерін айтты. «Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді орталықтандыру, барлық медициналық ұйымдар өзінің диспансерлік пациенттерін қатаң түрде есепке алмайтынын анық көрсетті. Осыған байланысты дұрыс емес өтінімдер қалыптасады, соның салдарынан дәрі-дәрмектерді жөнелту кестеге сай жүргізілсе де, барлық пациенттер дер кезінде дәрілермен қамтамасыз етілмейді», - деп атап өтті фармация комитетінің төрағасы.

ДСДРО Дәрігерлік заттар және медициналық технологиларды пайдалану орталығының пайдалану орталығы Адилет Табаров дәрілік заттармен қамтамасыз етудегі үзілістерді жоюға бағытталған халықаралық тәжірибе туралы айтты.

«СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету тізімі дәрілік заттар мен медбұйымдардың 504 атауын қамтиды. «Бүгінгі күні олардың 437-і сатып алынды. Тіркеу куәліктерінің қолданылу мерзімінің аяқталуына, өндірістен алынып тасталуына және медициналық ұйымдардан қажеттіліктердің болмауына байланысты бірқатар атаулар сатып алынбаған. Сонымен қатар, сатып алынбаған препараттардың арасында барлық атаулар сатып алынғандармен бірін-бірі аластыратынын атап өту керек».

«Ағымдағы жағдай бойынша мамыр айына медициналық ұйымдарға жоспарлы түрде дәрілік заттарды жөнелту толығымен аяқталды, ал, кейбір өңірлерде маусым айының перепараттарға қажеттілігін жөнелту басталды. Ел бойынша барлығы 30 мамырдағы жағдай бойынша 74 млрд. теңгеге дәрі-дәрмектер жөнелтілді. Соның ішінде стационарлық медициналық көмекке арналған дәрі-дәрмектер ағымдағы жылдың бес айында - 99% (34,2

теңге сомаға), амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету үшін - 97% (39,8 млрд. теңге) жөнелтілді», - деді Берік Шәріп.

ҰДЗСО бас директорының бірінші орынбасары Арнур Нуртаев тегін амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету үшін сатып алынатын барлық препараттар ҚР тіркелгенін, яғни олардың сапасы, тиімділігі және қауіпсіздігі туралы қорытындылар алынғанын хабарлады. Сондай-ақ, ол перпараттардың жанама әсерлері анықталған жағдайда, науқастар мен емдеуші дәрігерлерге Ұлттық дәрілік заттарды сараптау орталығының сайтындағы тиісті нысанды толтыруды ұсынды.

 

«СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі

тел.: 8-7172-57-13-06,

e-mail: pr@sk-pharmacy.kz

фарм

фармац

 

30.05.2018
Қараулар: 115