«АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫ– АХҚО-НЫҢ «НӨЛДІК КИЛОМЕТРІ»

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Астананың 20 жылдық мерейтойы аясында «Астана» Халықаралық қаржы орталығының ресми ашылуы туралы баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз-конференцияға қатысқан:

• Келімбетов Қайрат Нематұлы, АХҚО Басқарушысы;

• Бубеев Мұхтар Сапаралиұлы, АХҚО-ның Қаржылық қызметтер реттеу жөніндегі комитетінің (AFSA) басқарушы директоры;

• Тургулова Амина Сериковна, АХҚО биржа (AIX) басқармасы төрағасының орынбасары.

«АХҚО, «Астана» жобасындай сондай-ақ Елбасының бастамасысы болып табылады. Бұл жобалар өте ұқсас. Астананы Алматыдан Астанаға көшу идеясы бастапқыда өте скептикалық тұрғыдан бағаланды. 20 жылдан кейін Елбасының ниетінің толық және сөзсіз жеңісін көреміз. Мұны көру үшін терезеге қараған жеткілікті. Біз АХҚО-ның бірнеше жылдан кейін Астананың жетістігін қайталағанын қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерімізді саламыз. АХҚО мен елорда әкімдігі арасындағы бірегей халықаралық бренд құру мәселесінде тығыз ынтымақтастық қала және жалпы елге шетелдік инвестициялардың келуін қамтамасыз етеді» - деді Кайрат Келимбетов.

«АХҚО заңнамасын әзірлеу кезінде Комитет IOSCO (Құнды қағаздар жөніндегі халықаралық комиссиясы), BCBS (Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитеті), IFSB (Исламдық қаржылық қызмет көрсету кеңесі) сияқты халықаралық ұйымдармен бекітілген стандарттар мен принциптерді басшылыққа алады. Бұл стандарттар, сонымен қатар, капитал нарығының тиімділігі мен тазалығын қамтамасыз етуін, сондай-ақ жүйелік тəуекелді азайту жөніндегі талаптарды белгілейді. Комитет сондай-ақ қаржы құралдарының нарығы жайлы Директива (MiFID), Ұлыбританияның, Дубай халықаралық қаржы орталығының (DIFC), Абу-Даби жаһандық нарығының (ADGM) және Катар қаржы орталығының (QFC) құқықтық режимдерінің негізгі аспектілеріне сәйкес құрылған еуропалық модельдің негіздерін зерделейді», - деп атап өтті Мұхтар Бубеев.

«Сауда-саттықтың алғашқы 8 мүшесі АХҚО Қаржылық қызметтер реттеу жөніндегі комитетінің (AFSA) тарапынан танылды және АХҚО биржасында (AIX) аккредитациядан өтіп жатыр. Олардың ішінде қазақстандық және қытайлық жетекші брокерлік компаниялар бар. Осы брокерлік компаниялардың сауда операциялары біздің орталығымыздың жоғары технологиялық биржалық алаңында нақты уақыт режимінде тестілеуден өтеді. АХҚО Биржасы қазақстандық және халықаралық брокерлік компаниялармен сауда операцияларын жүргізуге толық дайын», - деді Амина Тургулова.

АХҚО Басқарушысының PR бойынша кеңесшісі Даурен Кайсаров +7-707-426-11-55

АХҚО PR-департаменті директорының міндетін атқарушы Карима Куралова. +7-701-222-8-222

Орындаушы – АХҚО Медиа-орталығының менеджері Роман Плетюхин. +7-701-929-98-10

Орындаушы – АХҚО Медиа-орталығының менеджері Аян Адильбеков.

+7-701-518-88-41

SCK_2977

25.06.2018
Қараулар: 237