Адалдық алаңы

Адалдық, ашықтық, жауапкершiлiк, есеп берушiлiк — тек сөздер ғана емес. Бұл сыбайлас жемқорлықтан азат қоғамның басты құндылықтары.

Қылмыстық шаралар маңызды, бiрақ проблеманы түбегейлi шешудi қамтамасыз етпейдi. Тiптi өлiм жазасы шенеунiктердiң пара алуын әлi де тоқтатпаған Қытайдың мысалы осыған дәлел.

Бүкiл қоғамның ауқымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру — бұл ұзақ мерзiмдi процесс. Бiрақ жеке деңгейде әрқайсымыз оны өте тез жасай аламыз. Ең бастысы — ниет пен ерiк.

Азаматтық қоғам анағұрлым ашық және белсендiрек бола бастады. Мемлекеттiк органдардың жанындағы қоғамдық кеңестермен бiрге арнайы мониторингтiк топтар мемлекеттiк қызметтердiң сапасын арттыруға айтарлықтай үлес қосуда.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алу үшiн қолайлы жағдайлар жасау бойынша ауқымды жұмыстар жүргiзiлуде. Ыңғайлы фронт-кеңселерi бар сервистiк әкiмдiктер ашылуда. Форматында 180-нен астам мемлекеттiк мекеме жұмыс iстейтiн open space енгiзiлуде. Жақында ғана оны Шымкент қаласының әкiмдiгi де жасады. Кiм бiледi, мүмкiн, бұл әкiмдiктер үшiн жаңа челлендждiң басы болар.

Бiз әзiрлеген «Digital Agent» және «Ашық бюджеттердiң интерактивтi картасы» (https://publicbudget.kz) it-өнiмдерi Қазақстандағы кез келген адамға мемлекеттiк сервистi жақсартуға және ұялы телефон арқылы бюджеттiң шығыстарын, құрылыс сапасын, жолдар жөндеуiн бақылауға теңдесi жоқ мүмкiндiк бередi.

Бизнес-қоғамдастық та айтарлықтай дамып келедi. Бизнестi және инвестицияларды қорғауға арналған Protecting Business and Investmentsжоба шеңберiнде бiзбен 300-ден астам компания жұмыс iстейдi. Олар парасыз — адал бизнестi жүргiзуге өзiне мiндеттеме алды.

Өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты дамыту үшiн елiмiздегi барлық мектептерде «Адал ұрпақ» клубтары ашылды. Колледждер мен жоғарғы оқу орындары деңгейiнде академиялық адалдық қағидаларын және олардың қызметiнiң ашықтығын нығайтуға бағытталған «Саналы ұрпақ» жобасы iске асырылуда.

Мемлекеттiк қызметшiлердiң санасын трансформациялау мақсатында Мемлекеттiк басқару академиясы Academy of Public Administration under the President of Kazakhstan ауыл және аудан әкiмдерiнiң көпшiлiгiн жобаларды басқару, тиiмдi коммуникациялар, этика және адалдыққа үйреттi. Сондықтан, бiз олардың жұмысының ашықтығы мен клиентке бағдарлануының нақты ұлғаюын күтемiз.

Адал қоғамды құру шағын iстерден басталады. Солардың бiрi сатушылары жоқ адалдық дүкендерiнiң ашылуы болды. Жарты жылдың өзiнде «Адалдық дүкенi» орындарының 3700-ден астамы ашылды: мемлекеттiк органдарда, жоғарғы оқу орындарында, мектептерде, соттарда, тiптi полицияда. Сатып алушыларға кедергiсiз қызмет көрсетудi ашып жатқан «Рамстор» және «Магнум» сияқты танымал супермаркеттер желiлерiнiң бiздiң идеямызды қолдауы қуантады. Әрине сiздер Алматы метросындағы адалдық турникетi туралы да естiген шығарсыздар. Бұл бастама күшейе түсуде.

Оң өзгерiстер, сiздер көрiп отырғандай, бар. Жеке жобалар мен iс-шаралар ауқымды емес көрiнуi мүмкiн, алайда бiрге олар ортаны және қоғамдық сананы өзгертетiн пазлды құрайды.

Бiздiң барлық бастамаларымыз Мемлекет басшысы әдiл атап өткендей сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттiң ғана емес, барлық азаматтардың мiндетi деген ұғымды әрбiр қазақстандықтың сана-сезiмiне жеткiзуге бағытталған.

Достар, бiз Тұңғыш Президенттiң тапсырмасына сәйкес «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңiрлер» республикалық жобасын Adaldyq alańyжүзеге асырудамыз. Мемлекеттiк қызметтiң сапасын жақсартқысы және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жойғысы келген кез келген ынтасы бар адам оған қосыла алады. Тек сiздердiң белсендi қолдауларыңызбен ғана жоба жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысқа айналады.

09.04.2019
Қараулар: 235