ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттiгi қарыз алушыларды валюталық ипотекалық кредиттердi қайта қаржыландырудың жеңiлдiктi талаптарын пайдалануға шақырады

Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейiн теңгемен жеңiлдiк бағамымен берiлген жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыруды көздейдi. Бағдарламаға енгiзiлген өзгерiстер қарыз алушылардың борыш жүктемесiн екi еседен астам төмендетуге мүмкiндiк бередi.

1.Ұлттық Банктiң 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы (1 АҚШ доллары үшiн 188,35 теңге) бойынша қарыз бойынша негiзгi борыш қалдығы қайта қаржыландырылады.

2.Қарыз алушының сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық сомасы бойынша мерзiмi өткен берешегi есептен шығарылады және оған банктер рақымшылық жасауға тиiс.

3.Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына (ХӘОТ) жататын қарыз алушылар үшiн қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесi жылдық 3%-ды, өзге қарыз алушылар үшiн 12%-ды құрайды. Егер қолданыстағы қарыз бойынша мөлшерлеме көрсетiлген мәндерден төмен болса, ол ұлғайтылмауға тиiс.

4.Қарыз алушы қарызды қайта қаржыландырған кезде банкке қандай да болмасын комиссияларды төлемейдi.

Бүгiнгi күнi валюталық қарыздары борыш жүктемесiн азайту үшiн Бағдарламаның талаптарымен қайта қаржыландырылуы мүмкiн азаматтардың бiр бөлiгi оларға ипотекалық қарыздар бойынша мемлекет берген жеңiлдiк талаптарын пайдаланбаған. Осыған байланысты қарыз алушылар жақын арада өздерiнiң кредитор банкiне өтiнiш жасауы қажет. Валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға өтiнiмдердi қабылдау 2020 жылғы 15 желтоқсанға дейiн жүзеге асыралады, ал қарыздарды қайта қаржыландыру 2020 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.

Өтiнiмдер құжаттардың ең аз топтамасын ұсынған күннен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде қаралады: өтiнiштен басқа, қарыз алушының санатын — ХӘОТ растайтын құжаттар топтамасын, сондай-ақ кепiл берушiнiң жылжымайтын мүлiкке анықтамасын және тәуелсiз бағалаушының жылжымайтын мүлiктi бағалау туралы есебiн ұсыну қажет.

Өзге құжаттарды ұсыну немесе мерзiмi өткен берешектi өтеу талап етiлмейдi.

Банктер қайта қаржыландыру мерзiмi аяқталған соң заңнамада көзделген, берешектi өндiрiп алуға бағытталған шараларды қолдануға құқылы.

Агенттiк Бағдарламаның талаптарын орындау , оның iшiнде дербес хабарлау арқылы қарыз алушыларды барынша қамту бөлiгiнде банктерге бақылау жүргiзедi.

Бұған қосымша Бағдарламаның талаптарын iске асырудың айқындылығын қамтамасыз ету және бақылау үшiн Қазақстанның барлық өңiрiнде қарыз алушылардың банктiң Бағдарламаның талаптары бойынша қарызды қайта қаржыландыруға бас тартуының заңды болуына шағымдарын қарауды көздейтiн арнайы комиссиялар жұмыс iстейдi. 2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша комиссиялар қарыз алушылардың 5 094 шағымын қарады.

2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 82 млрд теңге сомаға 9 074 қарыз мақұлданды, валюталық ипотекалық қарыздардың 68,4 млрд теңге сомаға 7 750 қарызы қайта қаржыландырылды.

Анықтама үшiн: ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттiгiнiң сайтында қарыз алушылармен өзара iс-қимыл үшiн банктердiң қызметкерлерiнiң байланыс телефондары және банктердiң ипотекалық қарыз алушыларға қосымша көмек көрсету мәселесiн қарауы үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi, сондай-ақ қарыздарды қайта қаржыландырудан бас тартуларына қатысты қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөнiндегi комиссиялар туралы ақпарат орналастырылған..

Сондай-ақ www.finreg.kz және www.fingramota.kz сайттарында «керi байланыс» функциясымен және Бағдарламаны iске асыру талаптары бойынша сұрақ қою мүмкiндiгiмен Бағдарлама бойынша жиi қойылатын сұрақтарға жауаптар орналастырылған.

Қаржылық қызметтердi тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерi бойынша жедел желi телефондарына хабарласыңыздар:

+7 (727) 2788 144 және +7 (727) 2788 122

(жұмыс уақыты: дүйсенбi-жұма сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн,

сенбi — сағат 9.00-ден 14.00-ге дейiн, жексенбi — демалыс)

e-mail: Fingramota@finreg.kz, TAL@finreg.kz

www.finreg.kz

18.06.2020Қараулар: 308

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-0-17.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
қыркүйек, 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930    
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

  

Сауалнама

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-26-77