«Архив кеңес береді» акциясы

Мемлекеттiк архив ұйымдастырған «Архив кеңес бередi» атты акция барысында «Архивтiк анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызметi бойынша қатысқан азаматтарға жеке кеңестер берiлдi. Сонымен қатар халық арасында ақпараттық — түсiндiрме жұмыстарын: мемлекеттiк қызмет көрсетудiң негiзгi қағидаларын, электронды қызметтi және «электронды портал» жүйесi бойынша мемлекеттiк қызметтi алу мүмкiндiктерiн халыққа жариялау, жүгiнiс мерзiмiн қарастыру, Мемлекеттiк корпорация арқылы архивтiк анықтамаларды алу үшiн қандай құжаттар қажет екендiгiн халыққа түсiндiру және тағы басқа туындаған сұрақтарға жауап берiлдi. Қатысушыларға мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде «Электрондық үкiмет порталы Сiздiң уақытыңызды үнемдейдi» және «Архивтiк анықтаманы қалай алуға болады» атты жадынамалар таратылды. Консультацияларды жоғарғы санаттағы архившi Дарига Нұртазина жүргiздi.

23.07.2019
Қараулар: 145