Ақмолалық мемқызметшілер республикалық деңгейде үздік мемлекеттік қызметші атағы үшін күреседі

«Қазақстан Республикасының үздiк мемлекеттiк қызметшiсi» республикалық байқауының Ақмола облысындағы қатысушылары өңiрлiк комиссиямен әңгiмелесу кезеңiнен өтiп, өздерiнiң жобалық жұмыстарын таныстырып өттi. Комиссия ұсынылып отырған жобаның мән-мақсатының ашылуын, мәселенiң сипатталуын, жүзеге асырылу кезеңдерiн және ұсынылатын нәтижелерiн бағалады.

«Өңiрлiк байқау комиссиясы құрамына мемлекеттiк қызмет ардагерлерi, облыстық мәслихат депутаттары, ҚР Президентi жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясы филиалының, мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, үкiметтiк емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi кiрдi» — деп Өңiрлiк байқау комиссиясының мүшесi, ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiнiң басшысы Берген Беспалинов мәлiмдедi.

Байқауға қатысушылар өздерiнiң жобалық жұмыстарын дайындау кезiнде халықаралық тәжiрибенi ескерiп, мемлекеттiк қызметшiлер мен халық арасында әлеуметтiк зерттеулер жүргiздi. Жобалар мемлекеттiк органдардың қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру бойынша жаңа шешiмдер ұсынады.

Ендiгi кезекте облыстық кезеңнiң жеңiмпаздары республикалық дәрежеде Ақмола облысының намысын қорғайды.

Естерiңiзге сала кетсек, Ақмола облысында iрiктеу кезеңiне 42 мемлекеттiк қызметшi қатысты. Қатысушылардың 43% — аудандық және ауылдық дәрежедегi мемлекеттiк органдардың өкiлдерi. Өңiрлiк кезеңде байқау 2 бағалау үдерiсiнен тұрады. Бiрiншiсi — ҚР стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын бiлуiне тест тапсыру. Бұл кезеңнен 11 қатысушы сүрiнбей өткен.

Аталған байқау жыл сайын мемлекеттiк қызметтiң беделiн арттыру, мемлекеттiк басқарудың алдыңғы қатарлы тәжiрибесiн тарату, жоғары бiлiм мен дағдыларға ие мемлекеттiк қызметшiлердi анықтау және көтермелеу, оларды уәждемелеу мақсатында жыл сайын өткiзiлiп отырады.

10.06.2019Қараулар: 461

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-3-20.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
қараша, 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

 

Сауалнама

Сіз Щучинск-Бурабай курорттық аймағының аумағында орналасқан қонақ үйлер мен отельдердің объектілерінде қызмет көрсету деңгейімен қанағаттанасыз ба?

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-33-54