Аналитикалық анықтама

Қазақстан Республикасының Үкiметi елдегi әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылық пен жұмыспен қамтуды қолдауға бағытталған дағдарысқа қарсы шараларды iске асыруда. Дағдарысқа қарсы шаралардың жалпы пакетi Бурабай ауданына 7199,6 млн.теңгенi құрайды, оның iшiнде 7185,5 млн. теңге — республикалық бюджет есебiнен, 14,1 млн. теңге — облыстық бюджет есебiнен.

Атап айтқанда, Жұмыспен қамтудың жол картасын республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландыруға 7073 млн.теңге қарастырылған. Бұл қаражат ауданға 38 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi, онда 1716 жұмыс орны құрылды, оның iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша 362 жұмыс орны бар:

•* бiлiм беру саласында 2 жоба (Щучинск қ. №5 орта мектебiн күрделi жөндеу, Щучинск қ. № 6 мектеп ғимаратын күрделi жөндеу) 932,5 млн. теңге сомаға;

•* мәдениет саласында 4 жоба (Оқжетпес ауылындағы "Оқжетпес" МҮ шатырын қайта жаңарту, үш мәдениет ғимаратын ағымдағы жөндеу) 235,7 млн. теңге сомаға;

•ауданның жол желiсiн дамыту саласында 8 жоба қарастырылған ("Бурабай-Қатаркөл" автомобиль жолының 0-20 км күрделi жөндеу, Щучинск қаласы көшелерiнiң жолдарын орташа жөндеу (2 кезек), кентiшiлiк жолдарды ағымдағы жөндеу. (27 км),"Зеленый Бор-Мәдениет" автомобиль жолын орташа жөндеу, (2 кезек) Бурабай кентiнiң жол желiсiн дамыту құрылысы және қайта құру (2 кезек), Бурабай кентiнiң жол желiсiн дамыту құрылысы және қайта құру (2 кезек), 5 линия көшесi, Бурабай кентiнiң жол желiсiн дамыту құрылысы және қайта құру (3 кезек), 1 линия көшесi, Щучинск қаласы (2 кезек) Әуезов көшесi жолдарын орташа жөндеу) 3 226,5 млн. теңге;

•жылумен жабдықтау бойынша 2110,2 млн. теңге сомасына Щучинск қ., Бурабай к., Зеленый бор а. қазандықтарын, электр жабдықтарын және жылу желiлерiн жөндеу қарастырылған, барлығы 20 жоба;

•коммуналдық шаруашылық саласында 4 жоба (Бурабай кентiнiң Советская көшесi 20, Жұмабаев көшесi 10 бойынша аумақты ауламен абаттандыру, Бурабай кентiнде санитарлық-гигиеналық тораптарды орнату, Бурабай кентiнiң электр желiлерiнiң құрылысы (1-шi кезек) 568,1 млн.теңге сомасына.

Ауылдық елдi мекендерде әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымды дамыту шеңберiнде "Ауыл — ел бесiгi" жобасы бойынша 126,6 млн.теңге қарастырылды, оның iшiнде республикалық бюджет есебiнен — 112,5 млн. теңге, облыстық бюджет есебiнен — 14,1 млн. теңге, 15 жұмыс орнын құрумен. Жоба аясында Қызылағаш ауылындағы "Абылай хан атындағы орта мектеп" ММ-нiң шатырын қайта жаңарту (шатырға қосылған шатырды ауыстыру), Қызылағаш ауылындағы кентiшiлiк жолдарды (4,3 км) асфальтбетонды жабынмен орташа жөндеу жұмыстары жүргiзiлуде.

Сонымен қатар, коронавирустық инфекциямен күресу үшiн эпидемияға қарсы iс-шараларды жүргiзуге 67,7 млн.теңге қарастырылған, оның iшiнде аудан резервi есебiнен 59,3 млн. теңге, Щучинск қаласы, Бурабай кентi және ауылдық округтер әкiмдiктерiнiң дербес бюджеттерi есебiнен 8,5 млн. теңге. Бөлiнген қаражат шеңберiнде аудандық блокпостарды ұстау және дезинфекция бойынша қызмет көрсету қамтамасыз етiлдi.

13.07.2020Қараулар: 441

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-0-17.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
қазан, 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

  

Сауалнама

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-26-77