Аппараттық кеңес

2018 жылдың 11 маусымында Бурабай ауданының әкімі Қанат Қарауыловтың төрағалығымен кезекті апараттық кеңес болып өтті.

 Жиналысты бастамас бұрын, аудан әкімі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Д.С. Қарысбаеваны халық шығармашылығының "Ақмола жұлдыздары" облыстық байқауында жеңіп алған Гран-примен құттықтап, сертификаттар мен диплом табыстады.

 Сондай-ақ, жаңа кадрлық тағайындау таныстырылды. Аудан әкімінің а.ж. 8 маусымдағы өкіміне сәйкес, аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы болып Ерғали Қалжанұлы Шорин тағайындалды.

 Аппараттық кеңес барысында ауданның елді мекендерін абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру бойынша айлықты өткізу қорытындылары, ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу бойынша дайындық, сондай-ақ, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін бұзу бойынша Атамекен ауылдық округі әкімінің аппаратында тексеріс жүргізу қорытындылары қарастырылды.

 Алғашқы мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Қайрат Құдайбергенов сөз сөйледі. Оның ақпараты бойынша, айлықты өткізу кезінде 7 мың м3 -ден астам қоқыс шығарылған. Саябақтар мен гүлбақтарды ретке келтіру, жиектастарды әктеу мен сырлау, ағаштар мен бұталарды отырғызу бойынша жұмыстар жүргізілген. Бұдан бөлек, ағымдағы жылы аудан аумағында 41 стихиялы қоқыс үйіндісі анықталып, олардың барлығы жойылған.

Атқарылған жұмыстан бөлек, аудан әкімінің орынбасары тиісті санитарлық тәртіпті орнату бойынша аумақтық округтер әкімдерінің жеткіліксіз жұмысына назар аударды. Аталған кемшіліктер Щучинск қаласын аралау және ауданның елді мекендеріне шығу кезінде түсірілген суреттермен көрсетілді.

 Сондай-ақ, ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы туралы білім бөлімінің басшысы Жангелді Төлегеновтың баяндамасы тыңдалды.

Білім бөлімі басшысының мәліметіне сәйкес, биыл аудан мектептерін бітірген 418 түлектің 243-і ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдірген. Олардың 37-сі «Алтын белгіден», ал 8-і үздік аттестаттан үміткерлер.

ҰБТ тестілеу пунктінде Бурабай ауданынан бөлек, Біржан сал және Бұланды аудандарының түлектері тест тапсырады.

 Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтердің көрсетілуінің мониторингі бөлімі басшысының м.а. Екатерина Падалко Атамекен ауылдық округі әкімінің аппаратында жүргізілген ішкі бақылаудың және өткізілген тексерістің қорытындылары туралы баяндама жасады.

Жүргізілген бақылау шараларының барысында ауылдық округ әкімі жер учаскесін беруден бас тарту туралы өкімді белгіленге мерзімнен 3 күнге кешіктіріп қабылдағаны анықталған. Осыған байланысты, облыс әкімінің аппаратына тиісті хат жолданып, жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Ол тексерістің қорытындысы бойынша бұзушылық фактісі расталып, ауылдық округ әкіміне әкімшілік жаза қолданылды.

Бұдан бөлек, кеңес барысында жедел шешуді қажет ететін ағымдағы мәселелер қарастырылды.

Барлық көтерілген мәселелер бойынша аудан әкімі нақты тапсырмалар берді.

OQhSfwW4aKU

rSGR4-FWH7c

q8MCWmlyjBY

 

 

13.06.2018
Қараулар: 485