Аппараттық кеңес

2018 жылғы 25 маусымда аудан әкімі Қанат Қарауыловтың төрағалығымен аппараттық кеңес болып өтті.

Кеңесті бастамас бұрын өңір басшысы, аудан әкімі аппаратының құжаттау бөлімінің басшысы - Талғат Әйткешұлы Наурызбаевты құрметті еңбек демалысына шығуымен, ал, ауданның ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының, қоғамдық кеңесінің төрағасы - Николай Матвеевич Дергачевті 70-жылдық мерейтойымен құттықтады.

Қанат Қарауылов мемлекеттік және қоғамдық қызметтің ардагерлеріне ауданымызды дамыту жолындағы көп жылғы адал еңбектері үшін алғысын айтып, ақжарма тілегін білдірді.

 Кеңес барысында аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Рахат Сыздықовтың баяндамасы тыңдалды. Осы жылдың мамырынан бастап, Қазақстан Республикасының жер заңнамасына жергілікті атқарушы органдардың құзыреттілігін межелеуге, жер комиссиялары отырыстарын өткізудің ашықтығына, жер ресурстарын тиімді пайдалануға бағытталған түзетулер заңды күшіне енгені белгілі. Бөлім басшысы жиналысқа қатысушыларды осы өзгерістермен таныстырды.

 Аудан әкімінің орынбасары М.Б. Нұрпанова Абылайхан алаңында "Біржан - Сара" операсының қойылымына дайындық жөніндегі іс-шаралар жоспарын баяндады.

 Бұдан бөлек, МӘМС-ті енгізу аясында азаматтардың санаттарын өзектендіру барысы жөнінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қанат Қожағұлов сөз сөйледі. Оның ақпараты бойынша, "Міндетті зейнетақы төлемдерінсіз жұмыс істейтіндер" санаты бойынша азаматтарды өзектендіру жөніндегі жұмыста біршама іркіліс бар. Осыған байланысты, аумақтық округтердің әкімдеріне осы бағыттағы жұмысты жандандыру қажет.

 Аппараттық кеңес барысында ағымдағы мәселелер де қарастырылды.

Аудан әкімі кеңесті қорытындылай келе, мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

DSC06090

DSC06087

DSC06085

DSC06082

26.06.2018
Қараулар: 252