Бурабай ауданында «Джиу – джитсудан» Қазақстан Республикасының Чемпионаты басталды

Ағымдағы жылдың 8 ақпанда Бурабай ауданындағы «Жақсы-2» спорт кешенiнде «Джиу — джитсудан» жастар және жасөспiрiмдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты басталды.

Бүгiнгi күнi осы тамаша спорт кешенi ең үздiктердi анықтау үшiн Астана, Алматы қаласы және Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Оңтүстiк Қазақстан, Солтүстiк Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарынан 465 бiлектi спортшылар басын қосып, бәсекелi доданы бастап кеттi. Аталмыш «Джиу — джитсу» жарысы 10 ақпанына дейiн жалғасады.

Салтанатты ашылу рәсiмiне Бурабай мәдениет үйiнiң «Гаухартас» халық би ансамблi және әншiлерi қатысты.

Бурабай ауданының баспасөз қызметi

 

08.02.2018
Қараулар: 248