«ЧЕК ТАЛАП ЕТ – ЖҮЛДЕ ҰТЫП АЛ!» АКЦИЯСЫ

2018 жылдың 1-ші сәуірінен 27-ші маусымына дейінгі аралықта Бурабай ауданында «Чек талап ет – жүлде ұтып ал!» атты акция жүргізілуде. Акцияға қатысқан кез-келген адам бағалы сыйлықтың иегері атануы мүмкін.

Бақылау-кассалық машиналардың 10 фискалдық чегін жинаңыз да, Щучинск қаласы, Бурабай кентіндегі сауда үйлерінде және ауылдық округтердің әкімдіктерінде орналасқан қабылдау пункттерінде 1 купонға айырбастаңыз.

Бір адамға айына көп дегенде 5 дана купон беріледі!

Дәріханаларда, сауда автоматтарында, төлемдерді қабылдау бойынша терминалдарда (ұялы телефондарға) берілген және коммуналдық қызметтердің, жанармай құю бекеттері қызметінің төлемдерін растайтын чектер қабылданбайды.

Акцияға қатысу үшін тек азық-түлік дүкендерінің, тұрмыстық химия дүкендерінің, сондай-ақ қызмет көрсету чектері қабылданады.

Ұтыс ойыны Щучинск қ. аудандық Мәдениет үйінде 2018 жылғы 29 маусымда өтеді.

Акцияның мақсаты: тұтынушылардың құқықтарын қорғау, аудан тұрғындарының салық мәдениетін көтеру, көлеңкелі экономика көлемін қысқарту, кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру, бақылау-кассалық машиналарды қолдану бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары туралы қоғамды ақпараттандыру.

Кәсіпкерлер чек беруден бас тартқан жағдайда, 2-36-10 телефоны арқылы хабарласыңыздар (Бурабай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы).

 

Фискалдық чектерді купондарға айырбастау пункттері орналасқан жерлер:

Мекен-жайы:

Щучинск қаласы, Абылайхан көшесі 34, 101, 102 кабинеттер «Бурабай ауданы кәсіпкерлі бөлімі» ММ-сі; ауылдық окргутердің әкімдіктері.

FullSizeRender-13-04-18-03-45

13.04.2018
Қараулар: 129