Цифрлық телевизия дегеніңіз тегін

Цифрлық эфирлiк телехабар таратуға (ЦЭТТ) көшу — «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясындағы әлеуметтiк мемлекеттiк жоба. Оның басты мiндетi — қала мен ауылдың әрбiр тұрғынына отандық телеарналарға тегiн қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету.

Бүгiнгi таңда цифрлық эфирлiк хабар тарату қазiрдiң өзiнде ел халқының 83%-ын қамтып үлгердi. 446 радиотелевизиялық станция (РТС) салынып, жаңғыртылды. ЦЭТТ-мен қамтылмаған елдi мекендер OTAU TV ұлттық жерсерiктiк телевизиясына қосылады.

Өткен жылдың күзiнде Маңғыстау, Түркiстан, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының тұрғындары цифрлық хабар таратуға көшiп, қазiргi кезде отандық арналарды тегiн көруде.

2019 жылдың маусымында жаңа пiшiмге Павлодар, Қостанай және Алматы облыстары көшедi. 2020 жылдың аяғына дейiн Шығыс Қазақстан, Солтүстiк Қазақстан, Қарағанды, Атырау, Қызылорда облыстары қосылады. Ал Батыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе облыстары, Астана және Алматы қалалары цифрлық хабар таратуға 2021 жылы өтедi.

Осылайша мемлекет қала мен ауыл тұрғындары арасындағы ақпараттық теңсiздiк проблемасын шешедi.

Бұл дегенiңiз, бұған дейiн 4-5 қазақстандық телеарна көрiп келген ауыл халқы ендi 15 шақты телеарнаны тамашалайды деген сөз. Ал облыс орталықтары мен оған жақын маңдағы елдi мекендерде дыбыс пен бейненi цифрлық сапада көрсететiн 30 шақты телеарна қолжетiмдi болады.

Бұл үшiн халыққа қымбат тұратын жерсерiктiк «тәрелкелердi» орнатып, абоненттiк төлем төлеу қажет болмайды. Әркiм өз теледидарын қарапайым дециметрлiк антенна мен цифрлық сигнал қабылдайтын жабдықтың (ресивер) көмегiмен цифрлық эфирлiк хабар таратуға қосса, жетiп жатыр.

Қабылдағыштар техника сататын дүкендер мен базарларда сатылады, орташа бағасы өндiрушiге байланысты 3000 теңгеден басталады.

Атаулы әлеуметтiк көмек алатындар үшiн қабылдағыштар жергiлiктi әкiмдiктерден тегiн берiледi.

Цифрлық эфирлiк телевизияға көшу: елiмiзге осынша шығын не үшiн қажет?

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында аналогты телехабар таратудан цифрлық эфирлiк телевизияға көшу жобасы iске асып жатыр. Биылғы маусым айынан бастап дыбыс пен суреттiң жаңа сапасы Қостанай, Павлодар мен Алматы оьблысының тұрғындарына қолжетiмдi болмақ.

Елдi цифрландыру — өте ұзақ әрi қымбат үдерiс.

Қымбатқа түсетiн болса, аналогтан цифрға өту бiзге не үшiн керек, ол қандай мiндеттердi шешедi? Осы және басқа да сұрақтарды бiз «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары — Коммерциялық директор Дальмира Шигаеваға қойдық.

Сарапшының сөзiне сенсек, цифрлық эфирлық телевизия (ЦЭТВ) Қазақстанның жалпы контент нарығындағы отандық телеарналардың хабар тарату үлесiн ұлғайтады. Бұл дегенiңiз, бұрын 4-5 арна көрiп отырғандықтан, ресей «тәрелкелерiн» қондыруға мәжбүр болған ауыл халқы ендi олардан бас тартып, облыстық, республикалық телеарналарды көре алады деген сөз.

Сондай-ақ, бұл елдiң ақпараттық қауiпсiздiгiн арттырады. Яғни, көршiлес мемлекеттер хабар тарататын Қырғызстанмен, Өзбекстанмен және Ресеймен шекаралас аумақтардың тұрғындары да жаңа қазақстандық телевизияға оңай өте алады.

Бұл ретте бейнеконтент талаптар мен сапа бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес келедi. Егер бұрындары ол көбiне қала тұрғындарына қолжетiмдi болса, ендi цифрлық хабар таратуға көшкеннен кейiн ауылдың әр үйiнде 15 шақты отандық телеарна көрсетiледi.

Демек, көрермендер елiмiздiң аумағында лицензияланбаған, өзге елдердiң жерсерiктiк операторларынан бiрте-бiрте бас тартып, қазақстандық хабар тарату операторларын таңдайтын болады.

Тағы бiр шешiлген, елдiң бүкiл коммуникация саласы үшiн маңызды мiндет — радиожиiлiктердi үнемдеу. Аналогты хабар таратуда бiр жиiлiкте тек бiр арна ғана трансляцияланса, цифрлық хабар таратуда бiр жиiлiкте 15 телеарна таратылады екен. Цифрға көшу есебiнен босатылған жиiлiктер коммуникацияның басқа түрлерi үшiн тиiмдi жұмыс iстейтiн болады.

Айсұлу Асан, Карағанды

11.03.2019
Қараулар: 651