МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ

24 мамырында аудандық мәдениет үйiнде Мәдениет және өнер қызметкерлерi күнiне және Қатаркөл ауылының "Гармония" хорының есептiк концертi салтанатты iс-шара өттi.

Салтанатты жиналысқа қатысқан Бурабай ауданының әкiмi Қанат Қарауылов құттықтау сөз сөйлеп, жиналған қауымды мәдениет және өнер қызметкерлерi күнiмен құттықтады.

«Бұл күн шығармашылық мамандықтардың барлық өкiлдерiн, мәдени-тарихи мұраны сақтаушылар мен көпшiлiкке таратушыларды бiрiктiредi. Сiз жоғары адамгершiлiк, гуманистiк құндылықтарды түсiну мен көруге көмектесесiздер. Кәсiби мерекелерiңiз құтты болсын!» — деп атап өттi аудан басшысы.

Қалыптасқан дәстүр бойынша Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Құрмет грамотасымен, Ақмола облысы мәдениет басқармасының, Ақмола облыстық халық шығармашылығы орталығының алғыс хаттарымен, Бурабай ауданы әкiмiнiң алғыс хаттарымен ауданның кәсiби және қоғамдық қызметiнде елеулi жетiстiктерге жеткен бурабайдықтар басты сахнада марапатталды.

Мерекенiң сән-салтанаты Қатаркөл ауылының «Гармония» хорымен дайындалған концерттiк бағдарлама болды.

24.05.2019
Қараулар: 137