ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМ – ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРУ

Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев руханиятты басты құндылықтардың бiрi деп атайды. Бүгiнде Қазақстанда 18-ден астам дiни конфессия бар. Бiрқатар беделдi халықаралық ұйымдар Қазақстандағы азаматтық бейбiтшiлiк пен келiсiм моделiне жоғары баға берген.Сонымен қатар, қазiргi уақытта деструктивтi дiни ағым өзiнiң әр түрлi формаларымен кең таралған құбылысқа айналып, үлкен қауiп төндiруде.

Бүгiнгi таңда осы жаһандық проблемаға тап болмаған бiрде-бiр мемлекет жоқ.Дiни сауаттылықтың төмендiгi дiндi жасырған алаяқтарға адамды оның тамырынан, тарихынан, ғасырлар бойы қалыптасқан менталитетiнен ажыратуға мүмкiндiк берiп, адамды төзiмсiз болуға, экстремалды, радикалды көзқарастарды ұстануға, туыстарына, Отанына қарсы тұруға мәжбүр етедi.Бұл жерде проблемалы мәселе-деструктивтi ықпалға негiзiнен жас азаматтар түседi.Соңғы уақытта дiни мәселелердi зерттеушiлер атап өткендей, қазiргi жастар дiнге қатысты мәселелердi қызығушылықпен зерттей бастады.Алайда, олардың көпшiлiгi деструктивтi дiни ұйымдардың құрбаны болады.

Ақпараттың, технологияның заманы өмiрiмiзге iлгерiлеу енгiздi дегенiмен, оның екiншi — келеңсiз жағы да бар. Жеке басының қамын күйттеген терiс дiни ағым өкiлдерi сананы жаулау, алдап-арбау арқылы қоғамға үлкен залал тигiзiп отырғаны жасырын емес. Ақпаратқа қолжетiмдiлiк заманында қалаған ақпаратты ғаламтордан тауып алуға болады. Мұнда бастысы — отбасындағы ахуалдың, ата-ананың балаға берер тәрбиесiнiң дұрыстығы. Тәрбиеде кеткен олқылық — адам өмiрiнде орны толмас өкiнiшке әкеледi.

Ал, табиғатта бәрi тепе-тең екенiн ескерсек, адам да көңiлiндегi бос орынды, олқылықты толтыру үшiн жұбанышты басқадан iздейдi. Бұл — баланың жас күнiнде ата-анадан алмаған махаббатын өсе келе басқа дүниемен толтыратыны сияқты дүние. Осындай көңiлi жарым жандарға жалған жанашырлық таныту арқылы қатарларын толтыруға тырысып, келе-келе басыбайлы құлына айналдыру — терiс дiни ұғым өкiлдерiнiң басты мақсаты. Психологияны қару ретiнде қолданып, санасын тұмандап, өмiрде орнын таппай сенделгендi өздерiнiң оңай нысаналарына айналдырады.

Психологтардың айтуынша, терiс жолға түсiрудiң жолын кезең-кезеңiмен ойластырған оларға төтеп берудiң өзi де қиындық туғызуы мүмкiн. Бұл орайда, ең алдымен, көмекке келетiн адамның жақындары. Әрине, кез келген отбасы бұған бейжай қарамасы анық. Сонымен қатар, дiн мәселесiнде сұрақ туындаған кезде жауапты Қазақстан Мұсылмандары дiни басқармасының, Ақмола облысы Дiн iстерi басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының» ресми сайттарынан анықтауға болатындығын атап өткен жөн.

Зайырлы қоғамда өскен ұрпақ терiс дiни сенiмдердiң торына байланбай, әр нәрсеге сыншыл санамен қарайтын, жан-жақты бiлiм алуға ұмтылған және де өзге дiн өкiлдерiне құрметпен қарайтын азамат болып өсуi тиiс. Сол себептi, бұл қауiптiң алдын-алып, терiс дiни ағымдармен күресу қоғам алдындағы негiзгi мiндет болып табылады.

Егер адам әдеттегi өмiр салтын күрт өзгертсе, оның жаңа мүдделерi, достары, дiни әдебиеттерi пайда болса, онда сiздiң жақындарыңыз дәстүрлi емес дiни ұйымның жақтаушысы болуы мүмкiн. Психологтар азаматтарға туыстарына, балаларына, достарына мұқият болуға кеңес бередi.

Ақмола облысы Дiн iстерi басқармасының

«Конфессияаралық қатынастарды дамыту

және талдау орталығы» КММ

кеңес беру және оңалту бөлiмiнiң

психолог маманыШалхарова Г.Б.

26.08.2020Қараулар: 80

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-0-17.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
қыркүйек, 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930    
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

  

Сауалнама

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-26-77