Астаналық саябақта Аяз ата резиденциясы ашылды

Хабар24 Астаналық саябақта алғаш рет Аяз ата резиденциясы ашылып, келушiлердi қабылдай бастады. Әсiресе балаларды Аяз ата мен Ақшақар және көңiлдi аққала қарсы алып, мерекелiк көңiл-күй сыйлайды. Аяз атаның үйiнде қонақтар тақпақ айтып, ән шырқайды, сыйлықтар алып, суретке түсе алады. Мұндай ойын-сауық елорданың кiшкентай тұрғындарын жаңажылдық көңiл-күйге бөлеп, қуанту мақсатында ұйымдастырылғын. Және тегiн. Резиденция 8 қаңтарға дейiн жұмыс iстейдi.

Екатерина Полякова, жергiлiктi тұрғын:
— Құдды бiр ертегiдегiдей. Бұл — балалар үшiн өте таптырмас нәрсе. Балаларыңызды мiндеттi түрде осында алып келiңiздер. Жаңа жыл қарсаңында олар ерекше атмосфераға бөленiп, Аяз атаның қолынан сыйлықтар алады.

26.12.2017
Қараулар: 259