Лизинг берушілер, ломбардтар, риэлторларға және бағалы металдар мен асыл тастар, олардан жасалған зергерлік бұйымдардың дилерге мәлімет үшін

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы мониторингi комитетi (бұдан әрi — Комитет), Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Заңының (бұдан әрi — КЖ/ТҚҚ туралы Заң) 3-бабының 1-тармағы 13)-16)-тармақшаларына сәйкес,

лизинг берушi ретiнде лизингтiк қызметтi лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер және заңды тұлғалар;

ломбардтар;

бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлiк бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер және заңды тұлғалар;

жылжымайтын мүлiктi сатып алу-сату мәмiлелерiн жүзеге асыру кезiнде делдалдық қызметтер көрсететiн дара кәсiпкерлер және заңды тұлғалар қаржы мониторингi субъектiлерiне жатады деп бiлдiредi.

Қаржы мониторингi субъектiлерiмен мiндеттi түрде орындау үшiн КЖ/ТҚҚ туралы Заңымен рәсiмдер көзделген.

КЖ/ТҚҚ туралы Заңының 3-бабы 3-тармағына сәйкес, жоғарыда көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерi «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен Комитетке, қызметтi бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама жiберуге мiндеттi.

«Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингi субъектiсi болып табылатын тұлға қызметiнiң басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлама, «Е-лицензиялау» мемлекеттiк дерекқорлар» ақпараттық жүйесiнде (www.elicense.kz) («Қаржы» бөлiгi — «Хабарлама жасау тәртiбi») автоматтандырылған.

Қызметтi бастағаны туралы хабарламаны қағаз жүзiндегi жiберген тұлғаларға, осы жүйе арқылы хабарламаны қайта жiберу талап етiлмейдi.

Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 17-бабы 2-тармағына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың осы Заңда рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртiбi белгiленген қызметтi немесе әрекеттердi (операцияларды) тиiстi рұқсатты алмай немесе тиiстi хабарламаны жiбермей жүзеге асыруына жол берiлмейдi.

КЖ/ТҚҚ заңнаманың орындау үшiн қаржы мониторингi субъектiлерi, КЖ/ТҚҚ туралы Заңының 4-бабымен көзделген, қаржы мониторингiне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар туралы мәлiметтер мен ақпаратты жiберуге мiндеттi.

КЖ/ТҚҚ туралы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес жоғарыда көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерi мәлiметтер мен ақпаратты бөлiнген байланыс арналары арқылы ұсынады.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 Қаулысымен бекiтiлген Қаржы мониторингi субъектiлерiнiң қаржы мониторингiне жататын операциялар туралы мәлiметтер мен ақпарат беру қағидаларын 3-тармағы 1-бөлiгiне сәйкес, Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) — 6), 8) — 17) тармақшаларында көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерi ұсынатын ақпарат операция жасалған күннен кейiнгi жұмыс күнiнен кешiктiрмей уәкiлеттi органға «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының телекоммуникация желiлерi (АРМ-СФМ) немесе XML пiшiмiнде уәкiлеттi органның веб-порталы (Web-СФМ) арқылы жiберiледi.

Комитеттiн ресми интернет-ресурсында (kfm.gov.kz) «ҚМСК» — «ҚОМЖЖ» бөлiгiнде жүйелерiнде тiркеу туралы ақпарат орналасқан.

Web-СФМ жүйесi жеңiлдетiлген тiркеу болғаны және операциялардың үлкен емес саны бар қаржы мониторингi субъектiлерiне арналған атап көрсетемiз.

Осыған байланысты КЖ/ТҚҚ және рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамаларын бұзу жол бермеу мақсатында, КЖ/ТҚҚ туралы заңымен көзделген қажеттi шараларды қабылдау, қызметтi басталуы туралы хабарламаны жiберу және жоғарыда көрсетiлген жүйелерiнде тiркеу мiндеттi түрде ұсынамыз.

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгiнiң
Қаржы мониторингi комитетi

30.11.2017
Қараулар: 20