«Домбыра – асыл мұра» концерті өтеді

Орталық коммуникациялар қызметінде Астана күнін мерекелеу қарсаңында мерекелік концерт және «Домбыра – асыл мұра» көпшілік серуендерінің өткізілуіне арналған баспасөз мәслихаты өтті.

Шараға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Қазақ ұлттық өнер университетінің проректоры Тұрар Әліпбаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің директоры Нұрқиса Дәуішев, күйші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Айгүл Үлкенбаева қатысып, кештің бағдарламасы турасында баяндады.

«Ұлт жадынаң тұғырнамасы болған ”Болашаққа бағдар Рухани Жаңғыру бағдарламасы” аясында өтіп жатқан мәдени шаралардың бірі. Домбыра ата-ата бабамыздан қалған асыл қазына. Ұлттық домбыра күні мерекесінің өскелең ұрпаққа берер тағылымы зор. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген жаңа мейрам – Ұлттық домбыра күні ұлттық өнерді насихаттап жүргендер үшін үлкен қолдау. Қазақтың төл аспабын жалпыұлттық деңгейде насихаттау мақсатында жасалған дүние үшін Елбасыға айтар алғысымыз шексіз. Домбыраның адам жанын тебіренте алатын қасиеті бар. Қазақтың күйлері де қоңыр домбырасы да бабаларымыздан қалған мұра. Күй өнері – қазақ халқының ең басты рухани байлығының, жан дүние байлығының ең бір киелі, қасиетті түрі», деді А.Үлкенбаева.

Мемлекет Басшысы «Ұлттық домбыра күнін бекіту туралы» 2018 жылғы 12 маусымдағы № 699 Жарлығына қол қойды. Елбасының осы жарлығын қолдау мақсатында Алматыдан арнайы Ахмет Жұбанов және Күләш Бәйсейітова атындағы мамандандырылған мектептерінен 500 дарынды оқушы домбырашылар келе жатқанын атап өткен абзал. Сонымен қатар, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің халықаралық, республикалық байқауларының 90 лауреат домбырашылары және Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінен 70 адам арнайы келіп қатыспақшы. Және де Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясынан 200 ұстаздарымен студеттері мен Қазақ ұлттық өнер университетінен 500 жас өнерпаз домбырашылар қатысады. Шара 1 шілде күні «Қазақ елі» монументінің алаңында өтеді.

48370485_w200_h200_dombra_003

25.06.2018
Қараулар: 75