«ЕУРООДАҚ – ҚАЗАҚСТАН: СЕРІКТЕСТІК ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА 25 ЖЫЛ» АТТЫ ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН КОНКУРС ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ – БРЮССЕЛЬДЕГІ ТАҒЫЛЫМДАМА

Орталық коммуникациялар қызметінде «Еуроодақ – Қазақстан: серіктестік пен ынтымақтастыққа 25 жыл» атты журналистерге арналған конкурс қорытындысына арналған баспасөз малихаты өтті.

Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығының құрметіне орай Еуроодақтың Қазақстандағы өкілдігі Қазмедиа орталығы Медиамектебімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрілігің қолдауымен бұдан бұрын қазақстандық журналистерге арналған «Еуроодақ – Қазақстан: серіктестік пен ынтымақтастыққа 25 жыл» атты кәсіби халықаралық тағылымдамасына конкурс жариялаған болатын. Конкурс Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы қатынастарды кеңейтуге және нығайтуға, ашық диалог қалыптастыруға және Қазақстанның медиа қауымдастығындағы Еуроодақ туралы хабардарлықты көтеруге бағытталған.

Өтінімдерді қабылдау а.ж. 2 сәуір мен 31 мамыр аралығында жүргізілді. Конкурс уақытында БАҚ өкілдерінен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде Еуроодақ мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың өзекті қырларына арналған 32 жұмыс қабылданды. Конкурс ережесіне сәйкес барлық талаптарға сай болған 16 конкурстық жұмыс білікті қазылар алқасының шорт-тізіміне енді.

Қазылар алқасының дауыс беру қорытындылары бойынша 6 жеңімпаз Брюссель (Бельгия) қаласындағы бір апталық тағылымдаман өтеді. Бағдарламалық бағдар бойынша қатысушылар Еуропарламент, Еуропалық Кеңес, Еурокомиссия, Еуропалық сыртқы байланыстар қызметі секілді еуропалық институттарға барады және баспасөз қызметтерінің жұмысымен танысады. Біздің отандастар іссапар шеңберінде Орталық Азия медиа саласының өкілдерімен кездесетінін айта кеткен жөн.

Жеңімпаздар тізімі:/Үздік атанғандар:

1. Аскаров Арсен Аскарович, «КазТАГ» халықаралық агенттігі, Астана қаласы;

2. Асхожина Ольга Александровна, «Республикалық радио» ЖШС (Радио Астана), Астана қаласы;

3. Бектлеуова Орынгуль Алтаевна, «РТРК «Казақстан» Атырау қаласындағы облыстық филиалы;

4. Ерболат Мухамеджан, «Atameken Business channel» ЖШС, Астана қаласы;

5. Москаленко Данил Борисович, «Atameken Business channel» ЖШС, Астана қаласы;

6. Тәжиева Гүлнар Жумабайқызы, қазақ тіліндегі республикалық күнделікті қоғамдық-саяси газеті, Алматы қаласы.

Анықтама үшін:

2018 ж. 2 ақпанда Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатлығанына 25 жыл толды. Аталған ширек ғасыр барысында өзара ынтымақтастықтың берік негізі қаланды. Астанада, ЕО пен Қазақстан Республикасының арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісіміне (КӘЫК) 2015 жылдың 21 желтоқсанында қол қойылды. КӘЫК-нің негізгі бөлімдері 2016 жылдың 1 мамырынан бастап уақытша күшіне ене бастады. Келісім 29 саладағы ықпалдастық аясын кеңейтіп, ЕО пен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық, энергетика, көлік, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі, жұмыспен қамту, еңбек қатынастары, мәдениет, білім және ғылыми зерттеу салаларындағы ықпалдастыққа жол ашты. 1991-2014 жж. аралығында ЕО Қазақстанда 350-ден астам жобаны тікелей қаржыландырған болатын. Бұл жобалар ҚР Үкіметінің әр түрлі министрліктері, ведомстволары мен комитеттеріне саяси кеңес және техникалық көмекке бағытталды.

SCK_3254

26.06.2018
Қараулар: 61