Қазақстан ММА Федерациясы 2017 жылды қорытындылады

ҚАЗАҚСТАН ММА ФЕДЕРАЦИЯСЫ 2017 ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Орталық коммуникациялар қызметiнде Қазақстан ММА Федерациясының жыл қорытындылары, халықаралық аренадағы жетiстiктерi мен келесi жылдағы жоспарларына арналған баспасөз конференциясы өттi.

Iс-шараға Қазақстан ММА Федерациясының президентi Анатолий Ким, Қазақстан ММА Федерациясының Асылбек Дүйсенов, Азия чемпионы, ММА әлем чемпионатының вице-чемпионы Ерназ Мұсабек қатысты.

2017 жылда Қазақстан ММА федерациясы ММА бойынша V Қазақстан чемпионаты мен IV Қазақстан Кубогын өткiздi. Сонымен қатар, ММА бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық ММА Федерациясы (IMMAF) ұйымдастырған Еуропа, Азия және әлем чемпионаттарына қатысып, жүлделi орындарға ие болды. Соның арқасында IMMAF бүкiләлемдiк рейтингiнде үшiншi орынға көтерiлдi.

Қазақстан әуесқой MMA-да өзiнiң көшбасшылық позициясын тағы бiр рет растады. Елiмiздiң құрамасы әлем чемпионатында 2 күмiс және 2 қола жүлдеге ие болды. Бұл чемпионат ММА тарихында ең мәртебелi болып шықты. Алтын жүлде үшiн әлемнiң 52 елiнен 251 спортшы күрестi. Қазақстандық спортшылардың жетiстiктерi үлкен қызығушылық туғызды және шетелдiк БАҚ-да бiрнеше рет атап өтiлдi. Сонымен қатар, қазақстандық спортшылардың деңгейi басқа елдердiң өкiлдерi тарапынан жоғары бағаланды. Осылайша, Бахрейн елiнде ММА дамытуға зор үлес қосып жатқан Бахрейн ханзадасы — шейх Халед Бен Хамад бен Иса әл-Халифамен ресми кездесу барысында, ханзада Қазақстандағы Бахрейн құрамасын Қазақстанға оқу-жаттығу жиынына жiберуге ниет бiлдiрдi. Сондай-ақ, ММА Австралиялық федерациясының басшысы Джо Минихан Қазақстанда Австралиялық спортшыларын Қазақстанда дайындауға байланысты ынтымақтастық ұсынды. Қазiргi уақытта бұл мәселе талқылау барысында.

«Бiз барлық белгiленген мақсаттарға қол жеткiзiп жылды әдеттей сәттi аяқтадық. Алдағы жылға одан да зор мақсаттар қойдық. Келе жатқан жылдың мамыр айында Қазақстанда тұңғыш рет MMA Combat Week апталығы өтедi. Осы iс-шара аясында «Көшпендiлер шайқасы-10» атты мерейтойлық халықаралық кәсiпқой турнирi өтедi», — деп хабарлады Анатолий Ким.

Қазақстан ММА Федерациясының ақпарат қызметi
Мадина Уразмбетова тел.: + 7708 944 08 97

Барлық ақпаратты g-global.org желiсiнен жүктей аласыздар


29.12.2017
Қараулар: 215