«Ғарыш есігін ашқан ұшқыштар»

2018 жылдың 5-ші сәуірінде аудандық балалар кітапханасында 12-ші сәуір - ғарышкерлер күніне арналған «Ғарыш есігін ашқан ұшқыштар» атты танымдық сағат өтті. Іс-шараға № 9 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып оқушылары шақырылды.

Іс шараның мақсаты: Қазақстан еліндегі Байқоңыр ғарыш айлағы, Кеңес үкіметінің және қазақ елінің ғарышкерлері: алғаш ғарышқа ұшқан адам - Ю.Гагарин және Қазақстан Республикасының ғарышкерлері Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев, А.Айымбетов туралы мәлімет беру, ғұмырнамалық деректермен, «Ғажайып ғарыш» атты көрмемен таныстыру.

Оқушылар өз қолдарымен ғарыш аппликациясын жасап, тақырыптық викторинаға қатысты.

IMG_0514-05-04-18-11-20

IMG_0508-05-04-18-11-20

IMG_0500-05-04-18-11-20

13.04.2018
Қараулар: 219