Мемлекеттік қызметшілерді БАҚ пен әлеуметтік желілердегі резонанстық жарияланымдарға дұрыс жауап беруді үйрету жоспарлануда

Бүгiн Астанада Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң төрағасы Анар Жаилғанованың төрағалығымен алдағы кезеңге арналған жұмыс басымдықтарын талқылау бойынша МҚIА-ның кеңейтiлген отырысы өттi.

Күн тәртiбiнде мемлекеттiк қызметшiлердiң азаматтармен тиiмдi және сапалы өзара iс-қимылының өзектi мәселесi айтылды.

«Президенттiң Үкiметтiң кеңейтiлген отырысында айтылған тапсырмасын орындау үшiн мемлекеттiк қызметшiлердiң азаматтармен өзара iс-қимыл жасау дағдыларын дамытуға ерекше көңiл бөлу, оларды Мемлекеттiк басқару академиясының базасында БАҚ-тағы, әлеуметтiк желiлердегi резонанстық жарияланымдарға дұрыс әрекет ете бiлуге үйретудi қамтамасыз ету қажет», — дедi ведомство басшысы.

Академияға бiрiншi кезекте жергiлiктi атқарушы органдардың басшы қызметкерлерi үшiн осындай дағдыларды оқыту бағдарламаларын әзiрлеу тапсырылды.

«Мемлекет басшысы Шетелдiк инвесторлар кеңесiнiң отырысында бiлiм беру жүйесi экономиканың бiр бөлiгi болып табылатындығын атап өттi.

Әрбiр мемлекеттiк қызметшiнiң бiлiктiлiгi, халықпен және халықтың мүддесi үшiн жұмыс жасау қабiлетi мемлекеттiк аппарат пен қоғам арасындағы сенiмдi қарым-қатынас құрудағы жүйе құраушы элемент болады», — дедi А.Жаилғанова.

Анар Жаилғанова өз сөзiнде мемлекеттiк органдарға жүгiнген кездегi азаматтардың мүдделерi мен құқықтарын қорғауға ерекше назар аударды.

«Бүгiнгi таңда Агенттiкке келiп түскен өтiнiштер санының өсуi байқалады, бұл халықтың бiздiң жұмысымызға деген сенiмiнiң көрсеткiшi болып табылады.

Осы ретте, бiз олардың сапалы және уақтылы қаралуын қамтамасыз етуге мiндеттiмiз. Әрбiр шағым жан-жақты зерделенiп, қисынды аяқталуға тиiс», — дедi Агенттiк Төрағасы.

Анар Жаилғанова өтiнiштердi сапасыз қарау фактiлерi талданып, кiнәлiлерге қатысты елеулi шаралар қабылданатындығын ескерттi.

25.07.2019Қараулар: 675

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-3-20.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
желтоқсан, 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031     
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

 

Сауалнама

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-33-54