Қоғамдық және коммерциялық емес ұйымдар үшін ақпарат!

Үкіметтік емес ұйымдары өз қызметі туралы мәліметтерді infonpo.kz ақпараттық ресурс арқылы а.ж. 31 наурызға дейін ұсыну қажет.

2018 жылғы 15 қаңтардан бастап ҮЕҰ үшін «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларының» (бқдан әрі – Қағидалар) жеңілдітілген нұсқасы қолданысқа енгізіледі. Аталған қағидаларды бекітетін Дін істері және азаматтық қоғам министрінің тиісті бұйрығы 2017 жылы 6 желтоқсанда қабылданды (№ 175 бұйрық).

2017 жылғы 1 наурыздан бастап «ҮЕҰ дерекқоры» ақпараттық ресурсы (infonpo.kz) өз жұмысын бастағанын ескерткеніміз жөн. Аталмыш ақпараттық ресурс арқылы ҮЕҰ-ның өкілдері «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 41-бабының 5-тармағына сәйкес ҮЕҰ дерекқорына енгізу үшін өз қызметтері туралы мәліметтер ұсынуға мүмкіндік алды.

Жеңілдетілген Қағидалардығ аясында:

- ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді енгізу бойынша нысан жеңілдетілді: бірқатар тармақтар жойылды және нақтыланды, ыңғайлы толтыру үшін ақпарат кесте түрінде ұсынылды;

- нысанды толтыру барысында дұрыс және жүйеленген ақпаратты қамтамасыз ету үшін өңірлер, ұйым қызметінің бағыттары, оның ұйымдастырушылық-құқықтық нысандар бойынша тиісті тізімдер қосылды;

- құрылтай құжаттарды, есеп теңгерімді ұсынуға талап ететін нормалар жойылды;

- ұйымның кіріс және шығыс туралы тармақтар салық есебінің нысанына сәйкестендірілді.

Мәліметтерді infonpo.kz веб-портал арқылы электрондық түрде ұсыну үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) заңды тұлға ретінде электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу қажет.

Мәліметтерді пошта арқылы немесе қағазды және электрондық тасымалдаушыда (CD-дисктер немесе DOC, DOCX форматында USB-флэш арқылы) қолма-қол тапсыру, мәліметтерді интернет арқылы

тапсыруға мүмкіндігі жоқ азаматтарға арналған баламалы нұсқа болып табылады.

ҮЕҰ туралы мәліметтерді ілеспе хатпен қосып, пошта арқылы немесе қолма-қол келесі мекен-жайға жолдауға болады: 010000, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті.

Infonpo.kz ақпараттық ресурс жұмысының бірінші жылдың нәтижелері бойынша өз қызметі туралы мәліметтерді электрондық түрде белгіленген мерзімде 3000 мыңға жуық ҮЕҰ ұсынды. Бұл сайтпен жұмыс жүргізудің қолжетімділігі мен есеп беру нысандарды толтыру рәсімінің жеңілдігін дәлелдейді.

Осыған байланысты, үкіметтік емес ұйымдарға өз қызметі туралы мәліметтерді infonpo.kz ақпараттық ресурс арқылы ұсынуға қосымша мүмкіндік бар.

Әкімшілік жауапкершілік:

«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексімен ҮЕҰ-мен Дерекқорға мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған (489-1-бабы: 1-тармақ бойынша – ескерту жасауға; 2-тармақ бойынша – қайталап жасалған әрекеттер үшін - жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш ай мерзімге қызметін тоқтата тұруға алып келеді).

 

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы

06.02.2018
Қараулар: 69