Баланың болашағына пайдалы салым жасау

Бүгiн әрқайсысымыздың және балаларымыздың болашағы тiкелей бiлiмнiң деңгейiне байланысты. Алайда көптеген қазақстандық ата-ана баласының ЖОО-да оқуын төлеу мәселесiн соңғы сәтке қалдырады, сол сәтте БАНКТЕН ТИIМСIЗ КРЕДИТ НЕ БIРЕУДЕН ҚАРЫЗ АЛУ соңғы шешiм болып көрiнедi.

Осы ретте ақшаны жоспарлы түрде жинақтау — үйде, банк ұяшықтарында және әртүрлi депозиттерде жинау бұл мәселенi шешудiң оңтайлы жолдарының бiрi болуы мүмкiн.

Депозиттер нарығында Мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесiнiң шеңберiнде iске асырылатын «AQYL» бiлiм беру депозитi мемлекет тарапынан жыл сайын ақшалай көтермеленуiнiң арқасында ең тиiмдi қаржы құралы болып табылады.

«AQYL» бiлiм беру депозиттерi бұл:

1.Мемлекеттен жыл сайын ақшалай сыйлықақы алу

«AQYL» бiлiм беру депозитiне банктiң сыйақысынан бөлек жинақталған сомадан 5-7 % мөлшерiнде ақша түрiнде мемлекет сыйлықақысы есептеледi. Осылайша мемлекеттiң қолдауымен оқуға шығындарды едәуiр азайтып, отбасылық бюджетке түсетiн салмақты бiршама жеңiлдетуге, сәйкесiнше болашақта кепiлдi түрде баланы оқытуға болады.

2. Салымдардың кепiлдендiрiлуi

«AQYL» бiлiм беру депозитi 10 млн.теңгеге дейiнгi сомаға Қазақстанның депозиттерге кепiлдiк беру қорымен сақтандырылған. Осылайша, бiлiм беру депозиттерi толықтай қорғалған.

3. Өндiру шараларынан қорғалуы

«AQYL» бiлiм беру депозитi мемлекет тарапынан, әрi үшiншi тұлғалар тарапынан қандай да бiр өндiрiп алудан қорғалған.

Сондықтан бiлiм беру депозиттерi толық қорғалған.

4. Салымдардың мерзiмдiлiгiн өз бетiнше белгiлеу мүмкiндiгi

Салымшы ашылған депозитке жасалатын жарналардың мөлшерi мен олардың жиiлiгiн отбасылық бюджеттiң мүмкiндiктерiне қарай өзi белгiлейдi. «AQYL» бiлiм беру депозиттерiн кассалар, Nur&Pay интернет-банкинг арқылы, сондай-ақ картадан жинақтау шотына аудару арқылы толтыруға болады. Бұл салымшыға өте ыңғайлы, әрi бiрталай уақытты үнемдейдi.

5. Оқу орнын таңдауға шектеу қойылмайды.

6. Жас ерекшелiгi бойынша шектеу жоқ.

Бiлiм беру депозитенде кез келген адам қаражат жинақтай алады. «AQYL» бiлiм беру депозитiн ай сайын 2-5 мың теңгеден балаға ғана емес, өз атыңа да ашуға болады. Осылай, ЖОО- ға немесе колледжге оқуға тапсыратын кезде бiршама қомақты сома жиналады. Бүгiнде 20 мыңға жуық бiлiм беру депозитi ашылды.

Жауапкершiлiк жүгiнен арыл! Балаңның болашағын қазiрден ойла! Көштен қалма!

Депозит ашуға талабы:

•Егер өз атыңызға ашсаңыз: жеке куәлiк;

•Егер баланың атына ашсаңыз: ата-аналардың жеке куәлiктер және баланың туу туралы куәлiгi

Бұл құжаттармен Нұрбанк, Цеснабанк, Қазақстан Халық банкi, ВТБ Банк банктерге өңдеу.

Қосымша ақпарат: depozit.fincenter.kz, fincenter.kz, 8 800 080 28 28 (хабарласу тегiн).

18.02.2019
Қараулар: 140