«EGOV.KZ» ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ 8,6 МИЛЛИОННАН АСТЫ

Орталық коммуникациялар қызметi (ОКҚ) алаңында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өз қызметiнiң негiзгi бағыттары бойынша 2018 жылдың қорытындысы аясында eGOV.kz «Электрондық үкiмет» порталында атқарылған жұмыстарын жариялап, 2019 жылға арналған жоспарларымен бөлiстi.

Iс-шараға «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әсет ТҰРЫСОВ, Басқарма төрағасының орынбасарлары Дәулет БЕКМАНОВ, Ахан САРМАНОВ және Басқарманың ақпараттық қауiпсiздiк департаментiнiң директоры Ғани НӘДIРХАНОВ қатысты.

2018 жылы «ҰАТ» АҚ-мен сүйемелденетiн ақпараттық жүйелердiң қолжетiмдiлiгiнiң индексi 99,95%-ды құрады (жоспар бойынша 99%).

«ҰАТ» АҚ-ның халыққа көрсететiн мемлекеттiк қызметтерiнiң ең басты бағыты болып табылатын eGOV.kz порталын соңғы 10 жылда пайдаланушылардың саны 800 есеге жуықтады. Яғни 2009 жылы 10960 пайдаланушы болса, бүгiнгi күнi олардың жалпы саны 8,6 миллионнан асты.

2018 жылы портал арқылы аударылған транзакциялар сомасы 18,5 млрд.теңгеден астам соманы құрады.

eGOV.kz порталы арқылы қолданыстағы 235 қызмет пен сервис бойынша 27,5 млн.-нан астам мемлекеттiк қызмет көрсетiлсе, ал Телеграмм-бот арқылы 24 электрондық қызмет бойынша 141 мың адамнан 160 мың сұрау келiп түстi.

Жыл қорытындысы бойынша Телеграмм мессенджерiнде азаматтар тарапынан ең көп қолданылған қызмет — Мекенжай анықтамасы, бұл қызмет бойынша 60 мыңнан астам рет анықтама сұратылса, ал Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама шамамен 20 мың рет сұралған.

eGOV.kz порталының 5 қызметi Касса 24 терминалдарында тәжiрибелiк пайдалануға берiлдi.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру аясында виртуалды кеңес беру бағдарламасы (чат-бот) енгiзiлуде. Қазiргi уақытта чат-бот тестiлiк режимде 1414.kz форумында, eGOV.kz порталында, Telegram және Facebook мессенджерлерiнде iске қосылды. Басқарма төрағасы Әсет Тұрысовтың мәлiмдеуiнше, виртуалды кеңес беру бағдарламасы көрсетiлетiн 33 мемлекеттiк қызмет бойынша 299 сұраққа жауап бере алады.

Сонымен қатар «Mgov» қосымшасы ақпараттық қауiпсiздiк сәйкестiгi бойынша аттестаттаудан сәттi өтiп, бүгiнгi күнi азаматтарға қосымша арқылы 90-ға жуық қызмет, ал @EgovKzBot телеграмы арқылы 24 қызмет қолжетiмдi.

Өткен жылы «mGov» қосымшасы 1,3 млн. рет жүктелiп, 2017 жылмен салыстырғанда 58%-ға немесе 2 еседен астам көрсеткiшке артты. Ал қосымша арқылы 3,6 млн.-нан астам мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi.

ҚР ҰҚК Ақпараттық қауiпсiздiктi ұлттық үйлестiру орталығымен бiрлесiп, 2019 жылы Киберқауiпсiздiк оқиғаларына қарсы әрекет ету жөнiндегi Security Operation Center құрылады.

2018 жылы қауiпсiздiк жүйесiнде 142 930 274 шабуыл тiркелiп, бұғатталды. Жалпы SOC-тың негiзгi артықшылығы  — ақпараттық қауiпсiздiк оқиғалары туралы деректерге тұрақты мониторинг және талдау жүргiзу арқылы оларды анықтау процесiн жақсарту.

Әсет Тұрысовтың айтуынша, 2019 жылы «Smart Bridge» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. «Smart Bridge» жобасы — бұл мемлекеттiк органдар мен жеке меншiк сектор арасындағы ақпараттық жүйелердi оңтайландырудың жеңiлдетiлген процесi, сондай-ақ back платформа базасында Мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiн жүйелiк-техникалық сүйемелдеу.

2018 жылғы ең танымал 10 қызмет

ТОПТАМАСЫ

Қызмет атауы Саны
1. Мекенжай анықтамасы 14 032 798
2. Дәрігердің қабылдауына жазылу 2 877 713
3. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтамалар 2 515 714
4. Жеке тұлғаның жылжымайтын мүлкінің болмауы/болуы туралы анықтама 2 311 798
5. Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама 1 822 669
6. БЖЗҚ салымшысы қаражатының қозғалысы туралы ақпарат 1 501 726
7. Заңды тұлғаларды тіркеу 933 041
8. Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама 799 945
9. ЗТ-ның тіркеудің барлық әрекеттері туралы анықтама 371 476
10. Жеке тұлғаның Заңды тұлғаға қатысуы туралы анықтама 293 396

«ҰАТ» АҚ баспасөз-қызметі
Телефондары: +7 (7172) 740596,
+77021974307
E-mail: press@nitec.kz 

 

18.02.2019
Қараулар: 146