Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша комиссиясы

24 қыркүйек күнi аудан әкiмдiгiнiң кiшi залында аудан әкiмi Әсет Мұздыбаевтың төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның отырысы өттi.

Күн тәртiбiнде келесi мәселелер қаралды:

I.«Әйелдерге қатысты қылмыстардың алдын алу және олардың құқықтарын қорғау туралы»

Баяндамамен Бурабай ЖПБ әйелдердi зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Анара Рысбаева сөз сөйледi.

II. «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды әлеуметтiк бейiмдеу бойынша жүргiзiлген жұмыстар туралы»

Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi басшысының м.а. Анискина Светлана баяндады.

Баяндаманы тыңдаған Әсет Азаматұлы:

«Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi, пробация қызметiне:

- бас бостандығынан айыру орындарынан оралған адамдарды әлеуметтiк бейiмдеу бойынша белсендi шаралар қабылдау, әр адаммен жеке жұмыс жүргiзу, олардың қызметiн бақылау және әлеуметтiк көмек көрсету.

Бурабай аудандық полиция бөлiмiне:

- алкогольдiк масаң күйде жасалған қылмыстардың алдын алу мақсатында учаскелiк полиция инспекторларының алкогольдi iшiмдiктердi iшкенi немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келгенi үшiн тұлғаларды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту жөнiндегi жұмысын күшейту;

- алкоголизммен ауыратын адамдарды мәжбүрлеп емдеуге бастамашылық жасау;

- алкоголь өнiмдерiн заңсыз сату фактiлерiн анықтау бойынша рейдтiк iс-шаралар жүргiзудi жалғастыру.

Комиссия мүшелерi құқық бұзушылықтың алдын алу субъектiлерi ретiнде қылмыстың алдын алу бойынша белсендi шаралар қолдансын, осы бағыттағы жұмысты күшейтсiн. Азаматтардың құқықтық санасын және жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында тұрақты негiзде халық арасында құқықтық түсiндiру жұмыстарын жүргiзудi тапсырды.

24.09.2019Қараулар: 772

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-0-17.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
тамыз, 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31      
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

  

Сауалнама

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-26-77