Жаңа әліпбимен жазылған шығармалар байқауы

Бурабай ауданының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң Тiлдердi оқыту орталығы 9-мамыр Жеңiс күнi мерекесiнiң қарсаңында 14-19 жас аралығындағы жастар арасында «Мен батырдың ұрпағымын» тақырыбына латын графикасына негiзделген жаңа әлiпбимен жазылған шығармалар байқауын ұйымдастырды.

Щучинск қаласындағы мектептердiң оқушылары мен колледждердiң студенттерiнен байқауға жалпы 22 шығарма келiп түстi. Бұл байқауда ең белсендi оқу орындары №3 орта мектебi мен Жоғары техникалық колледж болды.

Байқауға қатысушылар өз шығармаларында Ұлы Отан соғысына қатысқан аталары жайлы жазды, өз отбасыларында сақталып келген естелiктерiмен бөлiстi.

Шығармалар байқауының қорытындысы бойынша 1-орынды №7 мектеп-лицейiнiң оқушысы Жолдаспай Ақнұр, 2-орынды №3 орта мектебiнiң оқушысы Болташева Дильназ бен Жоғары техникалық колледж студентi Пердебек Рамазан, 3-орынды №5 орта мектебiнiң оқушысы Қалижан Аяулым, №3 орта мектебiнiң оқушысы Яндиева Диана және Жоғары техникалық колледж студентi Сексенбаева Наргиза жеңiп алды.

09.05.2019
Қараулар: 182