«Құқық бұзушылық профилактикасы мәселелерінде полицияның халықпен және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасасуы туралы»

2018 жылдың 10 сәуірінде Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз маслихатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Мақсат БАЙБОЛОВ БАҚ өкілдерімен құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерінде полицияның халықпен және азаматтық қоғаммен өзара бірлесе жұмыс істеу туралы мәліметпен бөлісті.

Қазіргі заманда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерін тиімді шешу тек мемлекет пен қоғамның белсенді ынтымақтасуы кезінде мүмкін екені белгілі. Осыған байланысты, Ішкі істер министрлігі азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтасудың әртүрлі нысандарын орнату және азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға тарту мәселелеріне ерекше назар аударады.

Жалпы еліміз бойынша қоғамдық тәртіпті сақтауға жыл сайын 29,5 мыңнан астам адам қатысады, олар 4,5 мың құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдарға біріктірілген.

Мысалы, ауылдық жерлерде «Сақшы» жасақтары жұмыс істейді, олар көбінесе мал ұрлығының алдын алуға бағытталған (1200 ұрлық ашылды).

Еліміздің оқу орындарында «Студенттік жасақтар» жұмыс істейді, олар аталған мекемелердің, сондай-ақ студенттік қалашықтар мен жатақханалардың аумақтарын патрульдейді, ұсақ құқық бұзушылықтардың жолын кеседі, студенттер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді (32 қылмыс ашылды).

Сондай-ақ, жеке меншік күзет ұйымдарының, Жұмыспен қамту орталықтарында есепте тұрған азаматтардың және белсенді азаматтық ұстанымы бар басқа да адамдардың мүмкіндіктері белсенді қолданылады.

Ағымдағы жылы көрсетілген құрылымдардың қатысуымен 1,4 мыңнан астам (1 423) қылмыс ашылды, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 12,5 мың адам (12 573) ұсталды.

Анықтама: 2017 жылдың қорытындылары бойынша
олардың қатысуымен 3,5 мыңнан астам (3 568) қылмыс ашылды, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған үшін 32 мыңнан астам адам (32 729) ұсталды.

Заңнамалық деңгейде аса белсенді азаматтарды грамота, алғыс хат, бағалы сыйлық және ақшалай сыйақылармен көтермелеу мүмкіндігі бар екенін атап өту қажет.

Ағымдағы жылдың тек 1 тоқсанында полицияға белсенді көмек көрсеткені үшін ІІО-ның өтініштері бойынша әкімдіктер 955 адамды, оның ішінде 765 адам 14,5 млн теңгеден астам ақшалай сыйақымен көтермеленді.

Полицияның халықпен сапалы өзара іс-қимыл жасауы үшін ІІМ азаматтар алдында өзінің жұмысының барынша ашықтығын қамтамасыз етуге және олармен тығыз сенімді қарым-қатынас орнатуға талпынуда.

Осы мақсатта жыл сайын (қыркүйек-қараша) еліміздің аумағында «Участке» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары өздерінің учаскелеріндегі әрбір үйге және пәтерге баруға тырысады, халықпен танысады, туындаған проблемалар туралы сұрастырады және өздерінің визит кәртішкелерін таратады.

Одан бөлек, жыл аралығында учаскеліктер ұдайы түрде тоқсанда кемінде бір рет халық алдында есеп берулер жүргізеді, олардың барысында атқарылған жұмыс туралы есеп береді, сондай-ақ азаматтардан келіп түскен шағымдар мен ұсыныстарға ден қояды.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша полицияның халықпен өзара іс-қимыл жасасу нысандарының бірі атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алуға бағытталған.

Бұл мақсатта біз жыл сайын халықтан заңсыз сақталатын қару-жарақ заттарды сатып алу акциясын өткіземіз.

Соңғы бес жылда өткізілген осындай акциялардың нәтижесінде халық ақшалай сыйақыға ерікті түрде 47 мыңнан астам бірлік атыс қаруын, 250 жарылғыш құрылғылар мен 1,7 млн данадан астам ойық қару оқ-дәрілерін тапсырды.

Барлығы ерікті түрде қару-жарақ заттарын тапсырғаны үшін осы жылдары 38 мың азаматқа 1 млрд. 418 млн. теңге төленген.

Осындай акцияларды өткізудің тиімділігін атыс қаруын қолдана ортырып жасалған қылмыстар санының жалпы 44,8% жыл сайынғы азайғаны көрсетіп отыр.

Ағымдағы жылы акция сәуірдің 10-нан басталады, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 125,4 млн. теңге бөлінген.

Бұл қағидаларда қаруды ерікті түрде тапсырғаны үшін қарудың әр бірлігіне, оның техникалық жағдайына және қару түріне қарай сомасы оннан жүз айлық есептік көрсеткішке дейін төлем көзделген.

Заңсыз сақталған атыс қару-жарақ заттарды ерікті түрде тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Атыс қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды қабылдау әрбір аумақтық ішкі істер органдарында жүргізілетін болады.

 

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі

SCK_1960

SCK_1974

 

 

11.04.2018
Қараулар: 194