ҚР Еңбекмині сөйлеу процессорларын қайтару бойынша норманы алып тастауға ниетті

Мүгедектiгi бар адамдардың және қоғамдық бiрлестiктердiң ескi сөйлеу процессорларын алып тастау жөнiндегi норманың күшiн жоюға қатысты бiрнеше рет өтiнiштерiн ескере отырып, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Бiржан Нұрымбетов ҚР Еңбекминiнiң мамандарына мүгедектердi протездiк-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету ережелерiнде аталған норманың күшiн жою жөнiндегi мәселенi қарауды тапсырды.

2007 жылдан бастап Қазақстанда есту қабiлетi ауыр бұзылған (саңырау) 2 мыңға жуық азамат мемлекеттiк бюджет есебiнен кохлеарлық имплантация тәсiлiмен операциядан өттi. Бүгiнгi күнi — бұл осы санаттағы адамдарды оңалтудың жалғыз тиiмдi әдiсi.

Кохлеарлық импланттары бар балаларды уақтылы техникалық қолдау мақсатында 2015 жылдан бастап мемлекет сөйлеу процессорларын ауыстыру қызметiн енгiздi, 2017 жылдан бастап бұл қызмет кохлеарлық импланттары бар ересек азаматтарға да ұсынылады.

2015 жылдан бастап 2018 жылға дейiн кохлеарлық импланттары бар 934 адамға, оның iшiнде 796-сын балаларға, жалпы сомасы 3,1 млрд.теңгеге сөйлеу процессорларын ауыстыру қызметi көрсетiлдi.

Резервтiк қор құру мақсатында 2016 жылдан бастап мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз ету ережелерiне сәйкес 2015 жылдан бастап пайдаланылған сөйлеу процессорлары қайтарылды.

Сөйлеу процессорлары құрылғы жоғалған, бұзылған, ұрланған жағдайда, жаңасына, ауыстырылғанға дейiн немесе жөнделгенге дейiн мерзiмiнен бұрын резервтiк қордан шығарылды.

Мәселен, ағымдағы жылдың басынан берi резервтiк қордан 82 қолданылған сөйлеу процессоры берiлдi. Жалпы, оларды 2016 жылдан бастап 2019 жылдың қазан айына дейiн резервтiк қордан тегiн алу құқығын кохлеарлық импланттары бар 199 мүгедек пайдаланды.

Алайда, мүгедектiгi бар адамдардың айтуынша, кейбiр жағдайларда жоғарыда көрсетiлген норманың әрекетi есту-сөйлеу оңалтуын үзуге әкеп соқты, себебi оларға резервтiк қордан техникалық құралды алу үшiн Алматыға баруға тура келдi. Қолданыстағы норманың күшiн жою есту қабiлетi бойынша мүгедектерге жаңа сөйлеу процессорын алған кезде ескiлерiн өздерiнде қалдыруға, сол арқылы оңалту процесiн үзбеуге мүмкiндiк бередi.

05.11.2019Қараулар: 108

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-3-20.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
қараша, 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

 

Сауалнама

Сіз Щучинск-Бурабай курорттық аймағының аумағында орналасқан қонақ үйлер мен отельдердің объектілерінде қызмет көрсету деңгейімен қанағаттанасыз ба?

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-33-54