Мал азығы тиелген 38 вагон Қостанайдан Түркияға жол тартты

мал азығы вагон нарық Түркия кәсiпкер Қостанай Қостанайлық кәсiпкерлерге тауарларын экспортқа шығаруға жаңа жол ашылды. Астықты аймақтан Түркияға тұңғыш рет темiржол арқылы жүк жөнелтiлдi. Мал азығы тиелген 38 вагон осылайша жаңа нарыққа жол тартты. Мұның iзiн ала бидай мен ұн, өзге де ауылшаруашылық өнiмдерi экспортталады деп жоспарланып отыр. Бұл жөнiнде ұзақ мерзiмдi келiсiмшарттарға қол қойылған. Жаңа тасымал бағыты қашықтықты 900 жүз шақырымға дейiн қысқартып, шығынды азайтады, уақытты үнемдейдi. Жүк вагондары бос қайтпайды, импортттық тауарларды ала келедi.

Ғани Есенбаев, Қостанай жүк тасымалдау бөлiмi директорының орынбасары:

 — Құрық портына дейiн екi тәулiк кетедi. Одан әрi жүк пароммен кемеге тиелiп, Түркияға жол тартады. Бiз бiр жарым апта iшiнде жүктi тиiстi станцияға жеткiземiз деген ойдамыз. Жөнелтiлiм құжаттары ағылшын және орыс тiлiнде толтырылады. Бұл порттардан өту барысында кеден операцияларын ресiмдеудi жеңiлдетедi.

26.12.2017
Қараулар: 40