«Парктер шеруі-2019»

«Бурабай» МҰТП мен Бурабай ауданының әкiмдiгi бiрлесiп Халықаралық акция өткiздi.

«Парктер шеруi — 2019» Халықаралық акциясын өткiзудiң басты мақсаты өскелең ұрпақтың назарын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, экология және қоршаған ортаны ластау проблемаларына аудару болып табылады.

Бұл iс-шара адамдарды қорықтарды, табиғи саябақтарды, табиғат ескерткiштерiн қорғауға қатысуға, оларға нақты практикалық көмек көрсетуге, отандастарымыздың санасында ұлттық табиғи және мәдени игiлiк үшiн мақтаныш сезiмiн оятуға бағытталған.

06.06.2019
Қараулар: 391