Мемлекет басшысына мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы ұлттық баяндамасы таныстырылды

2018 жылдың 13 сәуірінде орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Айгүл Шайымованың және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» атты ішкі бағдарламасының бас менеджері Шыңғыс Төрегелдиннің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы Ұлттық баяндамада оның Тәуелсіздік жылдар кезіндегі даму кезеңдері, мемлекеттік қызмет жағдайы және оны одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар көрсетілген.

Биылғы жылы Ұлттық баяндама алғаш рет Мемлекет басшысына енгізілді және мақұлданды.

Мемлекеттік аппаратты құру кезіндегі дамудың екінші кезеңі ең маңызды рөл атқарды, оның барысында мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттік құрылды.

Сол кезеңде мемлекеттік басқаруда бірқатар жүйелік мәселелер анықталды.

Жұмсалған күш-жігердің нәтижесінде оларды жеңіп шықтық: реестрге енгізілген мемлекеттік қызметтер тізбесі үш есе өсті, олардың стандарттау және реттеуі қамтамасыз етілді, қызмет көрсету бойынша өкілеттіктер ХҚКО-ға берілді.

Қазіргі таңда Елбасы жоспарының шеңберінде - 100 қадам, мемлекеттік қызметті реформалаудың үшінші кезеңі жүргізілуде. Айгүл Шайымованың айтуынша, Ұлт жоспарын жүзеге асырғаннан бері мансап сатысымен қызметте жоғарылаған қызметкерлердің саны 4 есе өсті. Әлеуметтік сауалнамалардың нәтижелері бойынша респонденттердің 77%-нан астамы кадрлық шешімдердің қабылдану кезінде меритократияға сенеді, ал 2001 жылы бұл көрсеткіш 39%-ғана болған.

Бәсекелестіктен тыс тағайындаулар «командалық орын ауыстырулар» 19 есеге қысқартылды (2015 жылы 6500-тен 2017 жылы 348-ге дейін).

Ауқымды алдын алу жұмыстарының арқасында этикалық құқық бұзушылықтардың саны азайды. Мәселен, өткен жылы 2015 жылмен салыстырғанда олардың саны 43% -ға (354-тен 202-ге дейін) төмендеді.

Сарапшылардың бағалауы бойынша, бүгінгі таңда қазақстандық мемлекеттік қызмет халықаралық стандарттарға сәйкес келеді, кейбіреудерінің алдыңғы қатарында.

Осылайша, Қазақстанның бірқатар дамыған елдерден айырмашылығы, бұл мемлекеттік аппараттың қартаюы мен гендерлік теңгерімсіздіктерден айналып өтті.

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметкердің орташа жасы – 39 жыл, ал 1991 жылы - 44 жыл. Әйелдердің 55%-ы мемлекеттік қызметте, ал Италияда, Бельгияда, Испанияда бұл көрсеткіш 50% құрайды.

Мемлекеттік қызметшілердің сапалық құрамы өсті: орталық деңгейде 100% жоғары білімі бар, өңірлерде бұл көрсеткіш 92% құрайды.

«Қазақстанда дамыған елдердің жетістіктерін және ұлттық мемлекеттік жүйенің ерекшеліктерін біріктіретін өзіндік модель құрылды деп сеніммен айта аламыз.

Бұл нәтижелерге біз Мемлекет басшысының көреген саясатының арқасында қол жеткіздік.

Нәтижесінде, кішкентай тарихи кезеңге қарамастан, алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттарға сай келетін кәсіби аппарат қалыптастырылды.

Қазіргі таңда, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында біз елдегі қызметкерлердің санасын өзгертуде жұмыстар атқарудамыз», - деді Айгүл Шайымова.

Қысқа мерзімді перспективада шешілуі қажет мәселелердің қатарында Агенттік Төрағасының орынбасары келесіні атап өтті:

Біріншіден, тиімді іс-қимыл коэффицентін арттыру үшін тапсармалар мен есептер саны төмендейді, хаттарға қол қоюды күту мерзімдері мен жоспардан тыс кеңестер қысқартылады. Бизнес-процестерді автомантандыру және ақпараттық жүйелерді біріктіруді қамтамасыз ету, смарт-технологияларды енгізу соңғы нәтижені бағалау процесін бақылау тәжірибесінен алшақтауға мүмкіндік береді.

Екіншіден, мемлекеттік аппараттың бәскеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында қызметшілердің әлеуеті арттырылады. IT-білім мен тілдерді үйренуді дағдыландырумен қатар жетекші халықаралық сарапшыларды тартып, оқу бағдарламаларын енгізу арқылы мемлекеттік қызметшілерде көшбасшылық пен икемді дағдыларды дамыту бойынша шаралар қабылданады.

Үшіншіден, Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп адами ресурстарды басқару саласындағы мамандарды(HR-мамандар) дайындау мәселесін қарастыру жоспарлануда. Бұл «құжаттармен жұмыстан» «адамдармен жұмысқа» көшуге мүмкіндік береді.

Төртіншіден, штаттық күшін бөлу кезінде теңгерімсіздікті жою үшін шаралар қабылданатын болады. Қазіргі уақытта олардың аймақтық шектеулері біркелкі бөлінбейді.

Бесіншіден, қызметкерлерге нәтиже негізінде жалақы төлеу арқылы қызмет тиімділігін арттыруды ынталандыру жоспарлануда.

Республика бойынша еңбекақы төлемінің жаңа жүйесін енгізу мақсатында бағынысты ұйымдарды оңтайландыру мәселесі зерттелуде.

Қорытындысында Айгүл Шайымова мемлекеттік қызметшінің күні қарсаңында бүкіл ел бойынша «Үздік мемлекеттік қызметші» атағына іріктеу өткізіліп жатқанын атап өтті.

Ол әр қызметкерді азаматтардың әлеуметтік қолдауына үлес қосуға шақырды. Осы мақсатта қайырымдылық донор қанын тапсыру, ардагерлер үйлерін жөндеуден және халыққа көмек көрсетуден тұратын «10 жақсы іс» жобасы басталады.

SCK_2427

SCK_2429

13.04.2018
Қараулар: 318