Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органы Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі жанындағы «Бурабай жылу» ШЖҚ МКК директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Конкурс өткiзiлетiн орны және күнi: Щучинск қ., Абылайхан көшесi, 32, 17 кабинет, анықтама үшiн телефон 8(71636) 79-3-16.

Кәсiпорынның орналасқан жерi: 021700, Щучинск қаласы, Набережная көшесi, 81, тел.: 8(71636) 3-80-64

Негiзгi қызметiнiң қысқаша суреттемесi: Жылу энергиясын беру және бөлу. Кәсiпорынның қаржы-экономикалық қызметiне жалпы басшылық ету. Барлық құрылымдық бөлiмшелерiнiң, цехтар мен өндiрiстiк бiрлiктердiң өзара әрекеттестiгiн ұйымдастыру, әлеуметтiк және нарықтық басымдылықтарды есепке алып, олардың қызметiн өндiрiстi дамыту мен жетiлдiруге, жұмыстың тиiмдiлiгiн арттыруға бағыттау, әр деңгейдегi бюджеттер алдындағы мiндеттемелердi қоса алғанда, кәсiпорын қабылдаған барлық мiндеттемелердi, сондай-ақ шаруашылықтық пен еңбек шарттарын (келiсiм-шарттарын) жәнебизнес-жоспарларды орындауды қамтамасыз ету. Ең жаңа техника мен технологияларды, еңбектi ұйымдастырудың үдемелi нысандарын кеңiнен пайдалану негiзiнде өндiрiстiк-шаруашылықтық қызметтi ұйымдастыру. Кәсiпорында кiнәратсыз және қауiпсiз еңбек жағдайын қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдану. Барлық қызметтердiң қызметтерiнде заңдылықтың сақталуын бақылау. Сотта, арбитражда, мемлекеттiк билiк органдарында ұйымның мүлiктiк мүддесiн қорғау. Есепке алу жүйесiн құруды және бухгалтерлiк есепке алуды ұйымдастыруды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1) өкiлеттi орган (жергiлiктi атқарушы орган) бекiткен, бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн, кәсiби даярлық деңгейi бойынша экономика мен бизнес немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар саласындағы жоғарғы бiлiмнiң болуы;

2) мамандығы бойынша экономика саласы кәсiпорнының бейiнiне сәйкес басшы лауазымдарда кемiнде 5 жыл жұмыс өтiлiнiң болуы, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының аазаматтық кодексiн (Жалпы және Негiзгi бөлiм), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы», «Мемлекеттiк мүлiк туралы» заңдарды бiлу.

3)бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жазамаған.

Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген тұлғалар келесi құжаттарды тапсырады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтiнiш;

2) мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi түйiндеме;

3) ерiктi нысанда жазылған өмiрбаян;

4) бiлiм туралы құжаттардың көшiрмелерi;

5) еңбек кiтапшасының (болған кезде) немесе еңбек шартының көшiрмесi немесе соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтардың көшiрмелерi;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрi мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтiк –құқытық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тiркелген)бекiтiлген, нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушылар өзiнiң бiлiмiне, жұмыс өтiлiне, кәсiби даярлық деңгейiне қатысты қосымша ақпарат (бiлiктiлiктi жетiлдiру, ғылыми атақ пен дәреже беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшiрмелерi, сондай-ақ алдынғы жұмыс орыны басшылығынан және т.б.) тапсыра алады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттар қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған сәтiнен бастап 15 күнтiзбелiк күн iшiнде Щучинск қ., Абылайхан көшесi, 32, № 17 кабинет мекенжайы бойынша жүргiзiледi, анықтама үшiн телефон: 8(71636) 79-3-16, электрондық пошта: burabay_sup@aqmola.gov.kz.

Конкурсқа жiберiлген кандидаттар Бурабай ауданы әкiмiнiң аппаратында әнгiмелесуден өтедi.

25.11.2019Қараулар: 75

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-3-20.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
желтоқсан, 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031     
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

 

Сауалнама

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-33-54