Халықаралық франкофония күні

2019 ж 1 наурызы мен 30 сәуiрi аралығында Бельгия, Канада, Франция, Марокко және Швейцария елдерiнiң елшiлiктерi бiрiгiп, #Frankofonı Naýryzy — 2019» атты мәдени iс-шаралар маусымын ұйымдастырады. Осыған орай, Орталық коммуникациялар қызметiнде франкофонды елдер елшiлерiнiң қатысуымен франкофония мерекесiне және #Frankofonı Naýryzy — 2019» маусымына арналған баспасөз мәслихаты өткiзiлдi.

Франкофония — 5 құрлықтағы 80 мемлекеттiң, 300 миллионнан астам француз тiлдi адамдардың басын бiрiктiретiн гео-мәдени кеңiстiк. Жыл сайын әлем бойынша Халықаралық франкофония күнi 20 наурыз күнi тойланады. Қазақстандағы Наурыз мейрамын тойлау осы күнге сәйкес келетiндiктен, аталмыш маусымның #Frankofonı Naýryzy деп аталуы орынды.

Франкофония және #FrankofonıNaýryzy 2019 маусымына қолдау бiлдiрген Қазақстанның танымал тұлғаларының қатарында жазушы Олжас Сүлейменов, актриса, 71-шi Канн халықаралық кинофестивалiнде «Ең үздiк әйел рөлi» номинациясының лауреты Самал Еслямова және елiмiздiң блог саласының жарқын өкiлi Айна Исаева (Aina Says).

Барша Қазақстан халқы франкофония елдерiнiң бай мәдениетiмен және француз тiлiмен жақынырақ таныса алуы үшiн қызықты да жарқын iс-шаралар мен сайыстар бағдарламасы ұсынылады: Кино өнерiнiң негiзiн қалаушылар француздар екенi баршаға мәлiм. 1 наурыздан бастап, Француз тiлдi фильмдер фестивалi аясында Қазақстанның 6 қаласында Бельгия, Канада, Франция, Марокко және Швейцария елдерiнiң кино туындылары көрермен назарына ұсынылатын болады;

•Актриса Самал Еслямованың қатысуымен Астана қаласының франкофон әйелдерi «Әйел және ғылым» атты тақырыпқа 6-наурыз күнi дебаттар өткiзедi;

•Ал 19-наурыз күнi Қазақстанның барлық Француз Альянстарында елшiлер диктанты жүргiзiледi;

•Бельгиялық автор Пейоның «Смурфиктер» атты комикстер көрмесiнiң есiгi 22-сәуiрден бастап барлық келушiлер үшiн ашық (Алматы қ.);

•Дәстүрлi 11- Ұлттық франкофон ән байқауының ақтық кезеңi Алматы қаласында 27-наурыз күнi өтетiн болады;

•Ал Семей қаласының жастарын басты тақырып еткен Эрик Ваззолердiң «Ойрандалған балалық шақ» атты фотосуреттер көрмесi салтанатты түрде 10-сәуiрде ашылады деп күтiлуде.

Өзге де сайыстар мен мәдени iс-шаралар туралы толығырақ ақпаратты Қазақстандағы француз мәдени желiсiнiң ортақ сайтынан табуға болады: http://www.culturefrance.kz/.

Француз тiлiнiң таралуына және мәдениет түрлiлiгiн Қазақстанда дамытуға ат салысқан сенiмдi серiктестерiмiзге өз алғысымызды бiлдiремiз: Орталық коммуникациялар қызметi, Чаплин және CINEMAX кинотеатрлары, Meloman, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi — Елбасы қоры, Қарағанды қ. «Мұрагер» мектебi, Алматы қ. №25 және Астана қ. №67 мектептерi, Шымкент қаласының әкiмдiгi, Алматы қаласының әкiмдiгi, КАЗГЮУ және Абай атындағы ҚазҰПУ университеттерi, We project, The Shoreditch және Mega Alma-Ata орталығы.

Қосымша ақпарат үшiн:
Раушан ХАТРАН raushan.khatran@diplomatie.gouv.fr /пресс-атташе
Тел : +7 7172 795 128
Динара НУРКЕНОВА dinara.nurkenova@diplomatie.gouv.fr / жобалар және коммуникация бойынша ассистент
Тел : +7 7172 795 119

01.03.2019
Қараулар: 93