Ақпарат және қоғамдық даму министрлiгi 2020 жылғы 1 шiлдеден бастап ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыны беру үшiн өтiнiмдердi қабылдайды.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлiгi үкiметтiк емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны беруге келесi бағыттар бойынша конкурс өткiзу туралы хабарлайды:

1) бiлiм беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткiзу;

2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмiр салтын насихаттау;

3) қоршаған ортаны қорғау;

4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;

5) отбасылық-демографиялық және гендерлiк мәселелердi шешуге жәрдемдесу;

6) халықтың әлеуметтiк тұрғыдан осал топтарын қолдау;

7) жетiм балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету;

8) халықты еңбекпен қамтуға жәрдемдесу;

9) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерiн қорғау;

10) мәдениет пен өнердi дамыту;

11) тарихи-мәдени мұраны қорғау;

12) қоғамдық келiсiмдi және ұлттық бiрлiктi нығайту;

13) өздерiнiң есебiнде тұрған адамдарға әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсету кезiнде пробация қызметтерiне жәрдемдесу;

14) мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргiзу;

15) азаматтық қоғамды дамытуға, оның iшiнде үкiметтiк емес ұйымдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға жәрдемдесу.

Байқауға Қазақстан Республикасында тiркелген және Үкiметтiк емес ұйымдардың дерекқорына мәлiметтер ұсынған үкiметтiк емес ұйымдар қатыса алады.

Бiр үкiметтiк емес ұйым бiр номинациядан артық сыйлықақыны алуға ұсыныла алмайды. Сыйлықақы алғаннан кейiн үш жыл iшiнде оны алу үшiн қайта ұсынуға жол берiлмейдi.

Бiр номинация бойынша сыйлықақы бiр немесе бiр мезгiлде бiрнеше үмiткерге берiлуi мүмкiн. Бұл жағдайда сыйлықақы олардың арасында тең бөлiнедi.

Сыйлықақыны алу үшiн өтiнiмдi ұсынуға арналған тiзбе мыналарды қамтиды:

1)Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үкiметтiк емес ұйымдарға арналған сыйлықақы беру конкурсына қатысуға өтiнiш;

2)Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сыйлықақыға үмiткердiң сауалнамасы;

3)Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес сыйлықақыға үмiткердiң қызметi туралы сипаттама (растайтын материалдармен бiрге);

4)соңғы 3 (үш) жыл iшiнде ұсынылған бағыт бойынша iске асырылған жобаларды және бiрлескен жұмыс барысында қол жеткiзiлген нәтижелердi растау мақсатында байланыс деректерi көрсетiлген қоғамдастық (үкiметтiк емес ұйымдар) және (немесе) мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң ұсынымдары (екiден кем емес);

5)үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы құрылтай құжаттарының және куәлiгiнiң (анықтаманың) көшiрмелерi;

6)банк шотының болуы туралы анықтама (түпнұсқа).

Сыйлықақыны алу үшiн үкiметтiк емес ұйымдарды ұсыну жөнiндегi өтiнiмдер Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлiгiнiң Азаматтық қоғам комитетiне қағаз және электронды жеткiзгiштерде (СD-дискiлерде не USB-флеш-жинақтағыштарында DOC, DOCX, Pdf форматында) 2020 жылғы 1 шiлдеден бастап 1 қыркүйек аралығында келесi мекенжай бойынша қабылданады: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгiлiк Ел даңғылы 8, «Министрлiктер үйi» ғимаратының 15-кiреберiсi, Анықтама телефондары: +7 (702) 376 84 00, +7 (708) 777 71 08, +7 (7172) 74-09-97

Қағидаға сiлтеме http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017041 

09.07.2020Қараулар: 183

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-0-17.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
тамыз, 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31      
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

  

Сауалнама

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-26-77