Мобильді технологиялар жемқорлыққа қарсы…

Бүгiн Ақмола облысында оқу орындарындағы адалдық елшiлерiн сайлауға арналған елiмiздегi алғашқы ұялы бағдарлама таныстырылды.

Ұялы бағдарламаның пайда болу тарихымен брифинг барысында «Ақмола — адалдық алаңы» жобасының мүшесi Ерлаз Жайықбаев бөлiстi. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап жобалық кеңсе бiлiм мекемелерiнде парасаттылық пен академиялық адалдық ұстанымдарына iшкi бақылау жүргiзу мақсатында «Адалдық елшiсi — Ambassador of Integrity» институтын бекiтуге ұсыныс жасады.

Бiлiм мекемелерi бұл бастаманы қолдап, бүгiнгi таңда адалдық елшiлерi Ақмола облысының 33 колледжiнде енгiзiлдi. Адалдық елшiлерi студенттер қатарынан сайланады. Олардың миссиясы студенттер ортасындағы академиялық адалдық және парасаттылық ұстанымдарын дәрiптеу идеяларын дамыту болып табылады.

«Адалдық елшiсi» институты енгiзiлген уақыттан бастап елшiлердi сайлау үрдiстерiнiң әдiлеттiлiгiн қамтамасыз ету мәселесi туындады. Сол себептi «Ақмола — адалдық алаңы» жобалық кеңсесi арнайы ұялы бағдарлама әзiрлеудi ойлап тапты» — деп Ерлаз Жайықбаев атап өттi.

Аталған бастамаға қолдау бiлдiрген Көкшетау қаласы Жоғарғы колледжiнiң студентi Максим Соколовский оқу орындары студенттерiне кез-келген елшi болуға лайықты студент үшiн дауыс беруге мүмкiндiк беретiн «Ambassadors of Integrity» ұялы бағдарламасын жасап шығарды.

Брифингте ұялы бағдарламаны Максимнiң тәлiмгерi, Көкшетау қаласы Жоғарғы колледжiнiң арнайы пәндер оқытушысы Әсет Әбдiғапаров таныстырды.

«Бүгiн Көкшетау қаласы Жоғарғы колледжiнiң студентi Максим Соколовский әзiрлеген жобаны таныстырып отырмыз. Өткен жылы бiздiң колледжде цифрлық дағдылар мен қабiлеттерге үйрету бойынша өңiрiмiздегi жалғыз айти орталық өз жұмысын бастады. Орталықтың жұмысы шеңберiнде наурыз айынан бастап Ambassadors of Integrity ұялы бағдарламасын әзiргеу қолға алынды. Аталған бағдарлама бiлiм беру мекемелерiндегi адалдық елшiлерiн сайлау үрдiсiнiң ашықтығын қамтамасыз етуге, сонымен қатар студенттердiң бiлiм беру сапасына, жатақханада тұру жағдайларына қанағаттану деңгейiн анықтауға мүмкiндiк бередi» — деп Әсет Әбдiғапаров мәлiмдеп өттi.

Ұялы бағдарлама қазiргi уақытта соңына дейiн әзiрленуде. Мемлекеттiк тiлдегi нұсқасы дайындалуда. Жаңа оқу жылы басталғанша дейiн бағдарлама ресми түрде iске қосылатын болады.

Сонымен қатар Ерлаз Жайықбаевтың айтуынша, жазғы демалыс кезеңiнде жазғы лагерлердiң бiрiнде елшiлер слетiн өткiзу жоспарлануда. Онда олар ақпарат алмасып, бiлiм беру ортасындағы жемқорлықтың алдын алуға жол бермеудiң жаңа әдiстерi мен формаларын талқылауға мүмкiндiк алады.

Брифингте балаларды мектептерге қабылдау және реттеу бойынша aqmola.kz жүйесiнiң жетiлдiрiлген нұсқасы да таныстырылды. Бұл шара балаларды бiрiншi сыныптарға iрiктеу барысында туындайтын тұрмыстық жемқорлық тәуекелдерiн жойып отыр. Бұған дейiн мектептiң әкiмшiлiгiмен келiсу арқылы сыныптарды өз қалауынша қалыптастыру, немесе белгiлi бiр балаларды «мықты» сыныптарға, беделi және кәсiби дәрежесi жоғары мұғалiмдерге беру тәжiрибесi болған. Бүгiнгi таңда балаларды сыныптарға iрiктеу үдерiсi автоматтандырылған.

10.06.2019
Қараулар: 108