ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ТУРАЛЫ

Орталық коммуникациялар қызметiнде тиiмдi мемлекеттiк басқаруды дамытуға бағытталған шараларға арналған баспасөз конференциясы болып өттi. Iс-шараға Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясының ректоры Фатима Надырқызы Жақыпова, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясының Мемлекеттiк басқарудағы жобалық менеджменттi дамыту орталығының басшысы Жанар Әлiмжанқызы Тайжанова және Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясы Басқару институтының директоры Ерлан Қуанышұлы Әбiл қатысты.

Баспасөз конференциясы барысында қатысушылар ҚР Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясы мемлекеттiк басқару жүйесiнiң тиiмдiлiгiн дамыту үшiн қабылдаған шаралар туралы айтты.

Атап айтқанда, мемлекеттiк қызметтi цифрландыру және IТ дағдыларды дамыту, басқарудың заманауи әдiстерi, оның iшiнде Қазақстан Республикасына жобалық басқаруды енгiзу, сондай-ақ қазақстандық мемлекеттiк қызметтiң, соның iшiнде өңiрлердегi әлеуетiн дамыту мәселелерi қозғалды.

«Мемлекеттiк қызметшiлердiң әлеуетiн арттыру бойынша одан әрi жұмыс жасау қажет. Бұл мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiби және тұлғалық құзыреттерiн дамытуға қатысты. Сонымен қатар мемлекеттiк органдардың және мемлекеттiк қызметшiлердiң IT әлеуетiн, оның iшiнде күнделiктi жұмыста IT-инструментарияны қолдана бiлудi күшейту де айрықша орынға ие. Осы мақсатта 2018 жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде «Цифрлық Академия» жобасы жүзеге асырылатын болады.

Осы бағытта қазақстандық мемлекеттiк қызметшiлердiң өзгерiстерге дайын болуы да аса маңызды болып табылады. Болып жатқан үдерiстердiң жылдамдығын ескерiп, тек мемлекеттiк органдар қызметiне өзгерiстер енгiзiп қана қоймай, ең жаңа үрдiстердiң алдында болуымыз қажет»-дедi Фатима Жақыпова.

Сондай-ақ, ректор өңiрлердегi мемлекеттiк қызмет әлеуетiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жағдайында «көркейген өңiрлер — мықты Қазақстан» формуласы жаңа импульске ие болуда екенiн және Қазақстанның әрi қарай дамуына қызмет ететiндiгiн атап өттi. Өз кезегiнде, өңiрлiк мемлекеттiк қызметтi әрi қарай дамыту жаңадан құрылған Академияның өңiрлердегi филиалдарымен байланысты болады.

Баспасөз қызметi: 75 30 19

    

12.01.2018
Қараулар: 172