Екінші институционалдық реформаны жүзеге асыру аясында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қабылданып жатқан шаралар

Екiншi институционалдық реформаны жүзеге асыру аясында жол қауiпсiздiгiн 

қамтамасыз етуде қабылданып жатқан шаралар

Автопарк саны жылдан жылға өсуiне қарамастан (соңғы бес жылда автопарк саны 22%-ға өсiп, 4,5 млн. дананы құрады), соңғы жылдары Iшкi iстер министрлiгi қабылдап жатқан шаралардың нәтижесiнде елiмiзде апаттар саны тұрақты азайып келе жатқаны байқалады.

2014 жылы жол-көлiк оқиғалары 13%-ға, 2015 жылы 7%-ға, 2016 жылы 5%-ға азайды.

Мұндай теңденция ағымдағы жылы да байқалып отыр. Биылғы жылы 11 айда ЖКО 5%-ға (16 332-дан 15 531-ке дейiн), қаза тапқандар 14%-ға (2 167-ден 1 869-ға дейiн) және жарақаттанғандар 4,4%-ға ( 21 217-ден 20 277-ге дейiн) төмендедi.

Жолдардағы апаттылық деңгейiн тұрақтандыруға қабылданған кешендi шаралар септiгiн тигiздi. Мысалға, осы саладағы негiзгi құқықтық акт — «Жол қауiпсiздiгi туралы» Заң (2014 жылғы 17 сәуiрден) қабылданды. Ағымдағы жылы заң нормаларының өзектiлiгi артты. Сондай-ақ жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершiлiгi де жоғарылады. Автокөлiк құралын мас күйiнде басқарушыларға, жылдамдықты шамадан тыс арттыратындарға, жолдың қарсы бетiне шығып кететiндерге, автокөлiктi басқарып келе жатып ұялы телефон пайдаланатындарға, жаяу жүргiншiлер жолағында жол бермейтiндерге, жол жиегi мен тротуарларға шығып кететiндерге және басқа да өрескел заң бұзушылықтарға қатысты қолданылатын әкiмшiлiк санкциялар күшейтiлдi.

(Мысалға: жолдың қарсы бетiне шығып кеткенi үшiн –15 АЕК көлемiндегi айыппұл орнына жүргiзушi құқығынан бiр жылға дейiн айыру, жылдамдықты сағатына 10-20 к/сағ дейiн асыратындарға айыппұл 5 АЕК-тен 10 АЕК-ке дейiн көтерiлдi).

Автокөлiк құралын мас күйiнде басқарған адамдарға, болашақта жүргiзу құқығынан айыратын қылмыстық жауапкершiлiк енгiзiлдi.

(жыл басынан берi осындай заң бұзушылық жасағандарға iшкi iстер органдары 2 716 мың iс қозғады, оның 2 488-i сотқа жолданды)

Сондай-ақ жол қозғалысы саласындағы заңнамаларды одан әрi жетiлдiру мақсатында Мемлекет басшысы ағымдағы жылы (2017 жылғы 3 шiлде) «Жол қозғалысы мәселелерiне қатысты Қазақстан Республикасының бiрқатар заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңға қол қойды.

•Жолдағы қадағалаулар күшейтiлдi.

Iшкi iстер органдары «Автобус», «Қауiпсiз жол», «Байқаңыз балалар!» және басқа алдын алу шараларын үнемi өткiзедi, мұндай шаралар тиiмдi нәтижелер беруде.

2017 жылғы 11 айда IIО 2 млн-нан астам Жол ережесiн бұзушылықтың жолын кестi, соның iшiнде автокөлiк құралын мас күйiнде басқару фактiсi бойынша 28,0 мың, Жол ережесiн өрескел бұзғаны үшiн сот шешiмiмен 38,5 мың жүргiзушi көлiктi басқару құқығынан айырылды, әкiмшiлiк қамаққа 3,2 мың құқық бұзушы тартылды.

( мөлшерi121 млрд. 190 млн. теңге болатын 1,8 млн. айыппұл салынды, соның 13 млрд. 457 млн. теңгесi немесе 63,5%-ы өндiрiлдi).

Жол қозғалысын қадағалаудың автоматтандырылған жүйесi бiртiндеп енгiзiлуде.

Қазiргi уақытта облыс орталықтарында, республикадағы iрi қалаларда ЖҚЕ-iн бұзушылықты тiркейтiн 1940 автоматты жүйе орнатылды.

2017 жылғы 11 айда осы жүйенiң көмегiмен 968346 ЖҚЕ бұзушылық анықталды. Автокөлiк құралдары иелерiнiң тұрғылықты жерi бойынша айыппұл төлеу жөнiнде жалпы соммасы 11,312 млрд. теңге болатын 590111 ескерту жөнелтiлдi (5 млрд. 024 млн. теңге немесе 44,4%-ы өндiрiлдi).

2016 жылдан берi азаматтық белсендiлердiң хабарламасы бойынша әкiмшiлiк жауапкершiлiкке 6 мыңнан астам ЖҚЕ бұзушы тартылды.

Сонымен бiрге 2017 жылғы 28 желтоқсанда Мемлекет басшысы әкiмшiлiк заңнамаларды iзгiлендiруге бағытталған «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық кодекске өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңға қол қойды.

Осы Заң бойынша Жол қозғалысы ережесiндегi автокөлiктi қою және тоқтау, соның iшiнде мүгедектерге арналған орындарға қою, автокөлiк құралдары иелерiнiң мiндеттi сақтандыру жауапкершiлiгiнен бой тасалауы және басқа да кiшiгiрiм заң бұзушылықтарға салынатын айыппұл мөлшерi төмендедi.

ОКҚ брифинг материалдарын онлайн
sck.astana@g-global.org адресiне хат жолдап,
11.00 тақырыбын қою керек.
e-mail адресiңiзге 3 секундта келедi..

29.12.2017
Қараулар: 69