«Нұржол» желекжолында көлік тұрағы кеңістігін басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу туралы

Орталық коммуникациялар қызметiнде «Нұржол» желекжолында көлiк тұрағы кеңiстiгiн басқарудың автоматтандырылған жүйесiн енгiзуiне арналған баспасөз конференциясы ұйымдастырылды

Шараға Астана қаласының Жолаушылар көлiгi басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердинов, «Астананың көлiк тұрағы кеңiстiгi» ЖШС директорының орынбасары Нұрлан Қуанышев қатысты.

Елордада ақылы көлiк тұрағын енгiзу жөнiндегi «Астананың көлiк тұрағы кеңiстiгiн басқару» жобасы iске қосылды. Оның алғашқы кезеңi «Нұржол» желекжолында жүзеге асырылды. Аталған аймақта 472 тұрақ орыны белгiленiп, жол таңбалары сызылды, ақпарат алу тақталары мен 12 паркомат орнатылды.

Ақылы көлiк тұрақтары жүйесiнiң үйлесiмдi жұмысын қамтамасыз ету және қызмет көрсету сапасына бақылау жүргiзудi Диспетчерлiк орталық жүзеге асырады. Биылғы жылы Есiл, Сарыарқа және Алматы аудандарының аумағында 9 мыңнан астам көлiкке арналған тұрақ құрылатын болады.

- Қазақстан Республикасы Президентiнiң қатысуымен өткен 2016 жылдың 27 — сәуiрiндегi кеңесте, Елбасы Ақылы көлiк тұрақтары жүйесiн ұйымдастыру, қоғамдық көлiкте жол жүру ақысын электронды жолмен төлеудi енгiзу және Астананың көлiк магистральдарында автокөлiк кептелiстерi мәселесiн шешуге бағытталған, орындалу мерзiмдерi көрсетiлген шаралар Жоспарын қабылдау туралы нақты мiндет қойған едi.

Елорда әкiмдiгi осы мiндеттердi жүзеге асыру үшiн жүйелi дайындық жұмыстарын жүргiздi, сынамалы жоба тексеруден өтiп, оның барлық жақсы жақтары мен кемшiн тұстары зерттелдi,  — деп түсiндiрдi Астана қаласы Жолаушылар көлiгi басқармасының бастығы Бекмырза Игенбердинов.

Автокөлiк иелерiне тұрақ ақысын төлеудiң баламалы нұсқаларының кең мүмкiндiктерi ұсынылады. Олар — паркомат арқылы қолма-қол ақша немесе банк картасымен, SMS жолдау немесе жеке кабинет арқылы, «Касса 24» терминалдары және арнайы мобилдiк қосымша көмегiмен төлеу мүмкiндiктерi. Төлемдi бақылау мобилдiк сертификаттандырылған фототiркеу кешендерi көмегiмен жазылып алынған деректер негiзiнде жүзеге асады. Тұрақ ақысы таңғы 8 -ден кешкi 8-ге дейiн сағатына  — 100 теңге. Төлемақы тұрақ сессиясы басталған сәттен бастап, алғашқы отыз минут iшiнде жүзеге асырылуы тиiс. Демалыс және мереке күндерiнде тұраққа көлiк қою тегiн. Тұрақтарды пайдалану тәртiбi, төлем тәсiлдерi және паркоматтар орналасқан орындар Тұрақ ақысы таңғы 8 -ден кешкi 8-ге дейiн сағатына  — 100 теңге. Төлемақы тұрақ сессиясы басталған сәттен бастап, алғашқы отыз минут iшiнде жүзеге асырылуы тиiс. Демалыс және мереке күндерiнде тұраққа көлiк қою тегiн. Паркоматтар орналасқан орындар, оларды пайдалану тәртiбi және төлем тәсiлдерi туралы ақпараттарды www.2888.kz. сайтынан алуға болады. Сондай-ақ аталған ақпаратты 8-7172 57 64 81 нөмiрiне хабарласып, бiле аласыз.

Тұрақ қызметiн тегiн пайдалану құқығына Ұлы Отан соғысының ардагерлерi, көлiктерiн арнайы бөлiнген орындарға қоятын бiрiншi және екiншi топ мүгедектерi, «Алтын Қыран» және «Халық қаһарманы» ордендерiнiң иегерлерi, «Алтын Алқа» және «Кұмiс Алқа» тағынған көп балалы аналар, Семей ядролық полигонында жүргiзiлген сынақтардан зардап шеккендер, сондай-ақ, Ауғанстандағы және басқа да елдердегi әскери әрекеттер ардагерлерi мен мүгедектерi ие.

Елордалық жаңа жоба көлiк магистральдарын жүйесiз тұрақтардан арылтып, тиiсiнше, көлiк қозғалысы көп көшелердi көлiк көптелiстерiнен айтарлықтай азайтуға мүмкiндiк бередi, сондай-ақ көптеген көлiк жүргiушiлерiн қолжетiмдi көлiк тұрақтарымен қамтамасыз етедi. Қаламызда қазiрдiң өзiнде жұмыс iстеп тұрған осындай тұрақтың жағымды үлгiсi ретiнде «Астана» темiр жол вокзалы аумағындағы ақылы тұрақты айтуға болады. Бұл жерде автокөлiктiң өту қабылетi бiрнеше есеге артты, көптелiстер азайды. Ендi жүргiзушiлер, бұрынғы кезде тәулiк бойы заңсыз таксишiлер көлiктерiнен босамайтын тұрақтан орын таба алмай шыр айналып жүрмейтiн болды,  — дейдi Астана қаласы Жолаушылар көлiгi басқармасының бастығы Бекмырза Игенбердинов.

«Астананың көлiк тұрағы кеңiстiгi» ЖШС баспасөз қызметi
Байланыс телефоны: +7-777-111-46-87
Барлық ақпаратты g-global.org желiсiнен жүктей аласыздар

Құрметтi БАҚ өкiлдерi!

8-шi қаңтар күнi сағат 16:20-да Орталық коммуникациялар қызметiнде «Нұржол» желекжолына көлiк тұрағын орналастыру жобасын iске асырудың бiрiншi кезеңi туралы баспасөз конференция өтедi.

Астанада 2018 жылғы 15 қаңтардан бастап ақылы көлiк тұрағы iске қосылады. Оның алғашқы пайдаланушылары «Нұржол» желекжолындағы ақылы көлiк тұрағына көлiгiн қалдырғысы келетiн әуесқой автокөлiк иелерi болады.

Шараға Астана қалалық жолаушылар көлiгi басқармасының басшысы Бекмырза ИГЕНБЕРДИНОВ, Астана қаласы IIД Әкiмшiлiк полиция басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан УВАЕВ, сондай-ақ «Астана қаласының көлiк тұрағы кеңiстiгi» ЖШС директоры Ардақ ТҰРҒАНҚҰЛОВ қатысады.

БАҚ өкiлдерiн аккредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша. +7(7172) 55-93-38 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2018 жылғы 4 қаңтар күнi сағат 15:00-ге дейiн хабарласуға болады.

     

08.01.2018
Қараулар: 218