Бейбіт Шуменовтың кәсіби боксқа оралуы

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2018 жыл 29 қаңтар                                                                                                                     Астана қ.

Бейбiт Шуменовтың кәсiби боксқа оралуы

Орталық коммуникациялар қызметiнде кәсiби бокстан Қазақстаннан шыққан тұңғыш екi салмақта әлем чемпионы Бейбiт Шүменовтың баспасөз конференциясы өттi. Бейбiт жартылай ауыр салмақта WBA super және бiрiншi ауыр салмақта WBA чемпиондық белдiгiн жеңiп алғаннан кейiн, жарақатына байланысты спорттан кеткен болатын. Бүгiн ол кәсiби мансабын қайта жалғастыратынын хабарлады. Сондай ақ, ол АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында промоутерлiк лицензиясы бар жалғыз шетелдiк боксер саналады. Оның KZ Event Productions, Inc. Промоутерлiк компаниясының Showtime, ESPN, Fox Sports Network, NBC Sports каналдарымен алдын ала келiсiмдерi бар. Сондықтан осы мүмкiндiктердi пайдалана отырып, ол өзiнiң кәсiби мансабын жалғастыратынын және отандық боксшыларды тек Қазақстанда ғана емес, әлемде барынша қолдайтынын жеткiздi. Ол сондай ақ, әзiрше келесi қарсыласының есiмi белгiсiз екенiн, бырақ келiссөздер жүргiзiлiп жатқанын айтты. Бейбiт Шүменов Oscar De La Hoya басқаратын, Golden Boy Promotionsпен жақын арада жұмыс жасайтын жеткiздi.

Спортшы жайында қысқаша ақпарат:

Қазақстанның 2004 жылғы Олимпиада құрамасының мүшесi. 2003 жылы Үндiстанда өткен Бiрiншi Африка-Азия ойындарының күмiс жүлдегерi. 2004 жылы Филиппинда өткен Азия чемпионатының алтын медаль иегерi. Қазақстаннан шыққан кәсiби бокста тұңғыш екi салмақта әлем чемпионы. Жартылай ауыр салмақта 10-шы кездесуiнде әлем чемпионы атанған жалғыз спортшы.

Байланыс: Арман Тлеукенов + 7 707 1488555

29.01.2018
Қараулар: 89