Мемлекеттік қызметтегі басқару құрамын жаңарту туралы

Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң кеңейтiлген кеңесiнде агенттiк төрағасы Анар Жаилғанова елiмiзде Президенттiк кадрлық резервтi қалыптастыру туралы айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзiнiң «Игiлiк баршаға! Сабақтастық. Әдiлдiк. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасында шешiм қабылдауға және түрлi жағдайлар мен трендтерге тез бейiмделуге қабiлеттi «жаңа формация» басшыларының басқарушы құрамын жаңарту қажеттiлiгi туралы жариялады.

А.ж. 15 шiлдеде үкiметтiң кеңейтiлген отырысында Мемлекет басшысы мемлекеттiк органдардың тиiмдiлiк көрсеткiштерi көбiнесе қоғам пiкiрiмен үйлеспей жататынын атап өттi.

А.Жаилғанованың айтуынша, Президенттiк кадрлық резерв келешегi кемел жастар үшiн әлеуметтiк жедел саты болып жаңа формация басшыларының дереккөзiне айналуы тиiс. Сондықтан, жобаның ауқымын ескере отырып, iрiктеудiң әр кезеңiнде объективтiлiк, сапа және ашықтық үрдiсi қамтамасыз етiлуi қажет.

Резервке кiретiн тұлғалар саяси және жоғары әкiмшiлiк басқарушы, сондай-ақ ұлттық холдингтер мен компаниялардың басшылық лауазымдарына тағайындалатыны белгiлендi.

Iрiктеу механизмi клиентке бағдарлану тұрғысынан пысықталған.

Iрiктеудежоғары бiлiмi бар жас қазақстандықтар, сонымен қатар, шетелдегi отандастар да қатыса алады.

Сонымен бiрге, iрiктеуге Президент тағайындайтын саяси мемлекеттiк қызметшiлер қатыса алмайды.

Резервке қабылданғаннан кейiн оларды Президент жанындағы Мемлекеттiк басқару Академиясы мен Назарбаев Университетi базасында оқыту жоспарлануда.

Естерiңiзге сала кетейiк, бүгiн Нұр-Сұлтанда ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң төрағасы Анар Жаилғанованың төрағалығымен алдағы кезеңдегi жұмыс басымдықтарын талқылауға арналған МҚIА-ның кеңейтiлген отырысы өттi.

25.07.2019
Қараулар: 432